Туған елдің сипаттары

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Ана тілі (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Мен елімді сүйемін

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, іздену, топтастыру.

Көрнекіліктер

Мазмұнды суреттер, сызбалар, тапсырмалар, слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, негізгі ойды анықтату. С. Мәуленов туралы қысқаша мәлімет беру.

Дамытушылық

Дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Ойын жүйелі, тұжырымды жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Туған елге, туған жерге сүйіспеншілікті арттыру. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға салайын,
Жүрегіме басып ұстап алайын.
Ізгі, әрі жарық, мейірімді,
Болып кетті сонда дереу жан-жағым.

Жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.

II. Үй жұмысын тексеру

  1. Бердібек Соқпақбаев кім?
  2. Қандай кітаптарын, әңгімелерін білесіңдер?
  3. «Сен ұйықтап жатқанда» әңгімесінде қандай мамандық иелері еңбек етеді?

III. Мақсат қою кезеңі

Сендер ержеткенде әрқайсың бір мамандық иесі болып, өз Отанымызға қызмет етесіңдер.

Талқылау сұрағы: «Отан дегеніміз не?» (топтастыру әдісі)

Отан әркімнің отбасынан, өз үйінің табалдырығынан басталады.

IV. Жаңа сабақ

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

2. Оқулықтағы С. Мәуленов туралы дерекпен жұмыс: оқушыларға әңгімелету.

3. С. Мәуленовтің суретін көрсету, өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

4. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

5. «Түртіп алу» әдісі арқылы сөздік жұмысы.

6. Іштей оқыту: автордың көңіл күйін, мәтіннің астарлы ойын түсіну.

7. Дауыстап, мәнерлеп оқыту.

8. Сұрақтарға жауап алу және ойды дәлелдету.

Талқылау сұрақтары

  • Жазушы «туған ел» неден құралады дейді?
  • Оның мағынасы неліктен терең деп ойлайсың?
  • «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деуінің себебі қандай?
  • «Туған елдің тілі барша жанға түсінікті» дегенді қалай түсінесің?

Мәтіндегі негізгі ой: туған тіл, туған ел, туған жер — адам өмірінің өзегі.

Топтастыру жұмысы

«Туған жер деген не?» тақырыбында мәтін бойынша интерактивті тақтада топтастыру.

Ұғым

Туған жер

Сипаттары

Мәтін бойынша дәлел, мысал, тірек сөздер.

Салыстыру

М. Мақатаевтың туған жер туралы өлеңімен салыстыру: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

Ой толғау

Оқушылардың туған жері — Құйған ауылы туралы ой толғауын тыңдау.

Талқылау сұрағы: «Туған жеріміз несімен көрікті?»

«Бәрі де керемет сипат» сызбасы бойынша мәтінді әңгімелету: табиғат, адамдар, дәстүр, естелік, тіл.

Мақал-мәтелдермен жұмыс

Туған ел мен туған жер туралы мақал-мәтелдерді айту, мағынасын ашу.

Жалғастыру тапсырмасы

  • Ел іші —
  • Туған жердей жер болмас, туған елдей —
  • Туған жердің —
  • Өз елім —
  • Туған үйдің түтіні —

Сезімдер картасы

«Туған ел, туған жер» дегенде адамның бойын қандай сезімдер билейді?

Шаттық Қуаныш Мақтаныш

Шығармашылық тапсырма

Осындай сезіммен тірек сөздер арқылы 4 жолды өлең құрастыру және оқып беру.

V. Бекіту

Біз туған жерімізді не істейміз?

Сүйеміз Қастерлейміз Сағынамыз Ұмытпаймыз

VI. Үйге тапсырма

  • Мәтінді оқу.
  • Әңгімелеу.
  • Туған жер тақырыбына сурет салу.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәнерлеп оқуы, жауаптарының дәлелділігі және шығармашылық жұмысы бойынша бағалау.