Өзіңді - өзің тексер, Сөздің топтарын ата

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақтасты ауылы

«Ақтасты орта мектебі»

Пән мұғалімі

Бекмұратова Дина Мәлікқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті

Сынып

6-сынып

Пән: Қазақ тілі

Тақырып

Сан есім

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сан есім туралы мағлұмат беру; мәтін ішінен сан есімдерді тауып, талдауға үйрету.

Дамытушылық

Өтілген материалды тиянақты меңгерту; жүйелі ойлауға, ойын әсерлі жеткізуге және шығармашылық ізденісті арттыруға ықпал ету; грамматикалық тұрғыда сауатты, жүйелі сөйлеуге машықтандыру.

Тәрбиелік

Ұлттық өнегені, мақал-мәтел мен нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыру арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу; эстетикалық және өнегелік ортаны қалыптастыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгелдеу
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Өткен сабақты пысықтау

«Өзіңді-өзің тексер» бөлімінде оқушылар сөз таптары мен олардың жасалу жолдары туралы білімдерін қайталайды.

Қайталау сұрақтары

  • Сөз таптарын ата.
  • Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
  • Зат есім дегеніміз не?
  • Туынды зат есімдер қалай жасалады?
  • «Күрек» сөзін құрамына талда.
  • «Батырлық» сөзін құрамына талда.
  • Дара және күрделі зат есімдер.
  • Күрделі зат есімдер қалай жасалады?
  • Жалқы зат есімдерге мысал келтір.
  • Сын есім қандай сөз табы?
  • Туынды сын есімдер қалай жасалады?
  • «Айлалы» сөзін құрамына талда.
  • «Білгіш» сөзін құрамына талда.
  • Сапалық және қатыстық сын есімдер.

III. Мақсат қою және қызықтыру

Тақтаға берілген мақал-мәтелдердегі сөздер талданып, сан есімдер табылып, олардың қызметі мен мағынасы бойынша қысқаша түсінік беріледі.

Негізгі назар

Сан есімнің сөйлем ішіндегі орны, тіркескен сөзімен байланысы, мағынасына қарай топталуы.

IV. Жаңа сабақ

Сан есім туралы түсінік беріледі. Сан есімдердің құрамына және мағынасына қарай түрлері сызба арқылы түсіндіріледі.

Тірек ұғымдар

  • Сан есімнің жасалу ерекшелігі
  • Сан есімнің мағыналық топтары
  • Сөз тіркесіндегі қызметі

V. Түсінікті тексеру (жаттығулар)

105-жаттығу

Мәтіннен сан есімдерді тауып, оларды тіркескен сөзімен бірге көшіріп жаз.

106-жаттығу

Жаңылтпашты айтып үйреніп, сан есімдерді ата.

Ізден, ойлан!

Бес түп алма — бестік алғандікі.

Төрт түп алма — төрттік алғандікі.

Төрттік алған бес түп ала алмайды,

Бестік алған төрт түп ала алмайды.

107-жаттығу

Берілген мәтінді оқып, сан есімдерді сөзбен теріп жаз.

Қосымша тапсырмалар

1-тапсырма: Жарнама

Оқушылар кітап туралы шағын жарнама (презентация/мәтін) дайындайды.

2-тапсырма: Жұмбақ

Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда, үндемейді адам жоқта.

Жұмбақтың шешуін тап.

2-тапсырма (жалғасы): Мақал

Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

Мақалды жатқа жаз.

VI. Жаңа сабақты қорыту

«Қызықты грамматика» бөлімі арқылы оқушылар жауаптарды тексеріп, қателерді табады және түзетеді.

Тұжырым 1

«Кім? Не?» сұрақтарына заттың санын білдіретін сөздер жауап береді.

Тексеру: қате

Тұжырым 2

«Қандай? Қай?» сұрақтарына заттың қимылын білдіретін сөздер жауап береді.

Тексеру: қате

Тұжырым 3

«Кім? Не?» сұрақтарына заттың атын білдіретін сөздер жауап береді.

Тексеру: қате

Назар аудару

Бұл бөлімнің мақсаты — әдейі берілген қате анықтамаларды түзету арқылы сөз таптарының сұрақтары мен қызметін нақтылау.

VII. Үй тапсырмасы

«Менің отбасым» тақырыбында ойтолғау жазу.