Ақша жүйесінің қызметі
Сабақтың тақырыбы: Ақша жүйесінің қызметі
Бұл сабақ білім алушыларға ақшаның мәнін, экономикадағы рөлін және ақша жүйесінің негізгі қызметтерін жүйелі түрде түсіндіруге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Білім алушыларды ақшаның қызметі туралы білім, білік және дағды жүйесімен қаруландыру.
Құндылық және қасиет
- Құндылық: Дұрыс әрекет.
- Қасиет: құмарлықты тыя білу (ақша, тамақ және т.б.).
Сабақ форматы
- Түрі: саяхат сабақ.
- Типі: жаңа білімді меңгерту.
Міндеттері
- 1 Ақша жүйесінің экономикадағы маңыздылығы туралы кең көлемде түсінік беру.
- 2 Білім алушылардың танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- 3 Ғылыми дүниетанымды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және өз көзқарасын дәлелді айтуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер және технологиялар
- Интерактивті тақта
- Музыкалық материалдар
- Бейнероликтер
- Тақырыпқа сай слайдтар
Әдістер және ресурстар
Сабақ әдістері
- Ой қозғау
- Сұрақ–жауап
- Музыка терапиясы
Пәнаралық байланыс
Экономика негіздері, Қазақстан тарихы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру.
Қолданылған әдебиеттер
- Жолдасова Г. Экономика негіздері. Астана, 2011.
- Хайролла Ғабжалелова. Теңге. Алматы, 2003.
- Кан, Шаяхметов. Қазақстан тарихы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, аудиторияның және білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Зейінді сабаққа шоғырландыру.
5Т ережесі
II. Мақсат қою және бағалау
Бұл сабақта бағалау стикерлер арқылы жүргізіледі: қызыл — өте жақсы, жасыл — орташа, сары — қанағаттанарлықсыз.
Миға шабуыл
«Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма!» — сабақты жұмбақпен бастаймыз:
Әлемнің тынысы, байлықтың белгісі. Ол не?
Жауабы: ақша (теңге).
Дәйексөз
«Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ
Ақша деген мал шықты.»— Шортанбай ақын
Бұл жолдар тауар-ақша қатынастарының экономикадағы ықпалын бейнелейді. Қазіргі экономикалық жүйеде ақша — барлық тауарлар мен қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.
III. Материалды түсіндіру
Кіріспе әңгіме: «Ақша елі»
«Ақша елі» өте ертеде пайда болған. Онда адамдар әртүрлі кәсіппен айналысты: біреулер ұсталық етті, біреулер балық аулады, енді біреулер зергерлік бұйымдар жасады. Уақыт өте келе әркімге өзгенің өнімі қажет бола бастады: балықшыларға — ау, ұсталарға — құмыралар, егіншілерге — ат тағалары керек болды.
Осылайша айырбас жасау мүмкіндігі туды. Айырбасқа түскен өнімдер тауар деп аталды. Бірақ тауарды айырбастау үшін олардың құнын салыстыру қажет болды. Сөйтіп «Ақша елінде» цифрлар мен сандардың мәні арта түсті.
Солтүстіктегі «Балықшы» елді мекенінде бір балықшы өмір сүрді. Бір күні үйіне келгенде әйелі шаруашылықтағы қиындықтарды айтып, құмыралардың азайғанын, терілердің ескіргенін, ат тағаларының тозғанын жеткізді. Балықшы: «Ұрысқанша, шығатын жолын ойлайық», — деді.
Әйелі ойланып, маңызды шешімге келеді: «Ер адамдар әр зат үшін әр жерге барып әуре болады. Одан да мен керекті заттарды әкеліп, бәрін бір жерге жинайын. Сонда жұрт керек-жарағын осы жерден табатын болады», — деп жоспарлайды.
Бірақ «Темірші» еліне барғанда ұсталар тағаларды тегін бермей: «Айырбасқа құмыра не тері әкел», — дейді. Тығырықтан шығудың амалын іздеген әйел «Теңге» еліндегі ғалым Тиыновқа жолығады. Ол арнайы құралмен бақыр ақша жасайтын: үлкені — теңге, ал жүз кішісі — тиын деп аталды.
Ғалымның ұсынысы қарапайым әрі тиімді еді: қолөнершілер өз тауарларын теңге мен тиынға айырбастасын. Осылайша барлық жерде тауарға айырбасталатын ортақ құрал пайда болады.
Сол күннен бастап «Ақша елінде» ақша арқылы айырбас кең тарады. Балықшының әйелі сатушыға айналды, ал тауарлар жиналатын орын базар немесе нарық алаңы деп аталды. Елдер арасындағы байланыс күшейіп, бұл құбылыс экономикалық қатынастар деп атала бастады.
Жылдар өте «Ақша елі» дамып, қалалар өсті: бірінші қабаттарда дүкендер мен шеберханалар ашылды, банктер мен биржалар пайда болды. Сауда кеңейіп, ақша қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Ақша ұғымы
Ақша — қандай да бір затты сатып алуға қолданылатын, сол заттың құнын білдіретін металл немесе қағаз түріндегі белгі және есеп бірлігі.
1993 жылғы 15 қараша — Қазақстан тарихындағы айрықша күн. Бұл күні ұлттық валютамыз — теңге — айналымға енгізілді.
Дәптермен жұмыс: Ақша жүйесі және қызметтері
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасатын және әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі.
Ақшаның негізгі 5 қызметі
- Құн өлшемі
- Айналыс құралы
- Төлем құралы
- Қазына жинау және қорлану құралы
- Дүниежүзілік ақшалар
Топтық жұмыс: саяхат тапсырмасы
Қазақстанмен шекаралас мемлекеттер тақырыбын негізге алып, төрт елге «саяхат» жасаймыз: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан. Әр топ өз бағытын таныстырып, тапсырмасын қорғайды.
1-топ: Қазақстан теңгесіне шолу
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.