Біз болашақ мұғалімбіз
Тақырыбы: Біз болашақ мұғалімбіз!
Мақсаты
- Студенттердің болашаққа деген сенімін нығайту, үмітін арттыру.
- Кәсіби қызмет туралы мәлімет беріп, білімін одан әрі дамытуға ықпал ету.
- Белсенді жұмыс арқылы педагогикалық шеберлік пен әдепті игеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Дөңгелек үстел форматындағы ашық тәрбие сағаты.
Негізгі бағыты
Мұғалім мамандығының құндылығын ашу, кәсіби жауапкершілікті сезіндіру, болашақ педагогтердің ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың жүрісі
Жүргізуші: Мүдебаева Гаухар
Алтын мен күмісті зергер үшін жаратқан,
Арқар мен құлжаны мерген үшін жаратқан.
Ал мамандықты — болашақ маман иесі болсын деп жаратқаны мәлім.
Жүргізуші: Сатан Мөлдір
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен студент жастар! Ашық тәрбие сағатымыздың басталғанын жариялауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Мүдебаева Гаухар
Даналықты үйреткен — ұстаз деген адал жан.
Білім нәрін үйреткен — ұстаз деген адал жан.
Бар жақсыны меңгерткен — ұстаз деген адал жан.
Тәрбиеге жетелеген — ұстаз деген адал жан.
Осы орайда алғашқы сөз кезегін ШБ–41 тобының жетекшісі Дина Ерғазықызына береміз.
Тақырыпқа кіріспе
Сатан Мөлдір: Мамандықтың сапасы мен болашақтағы тиімділігі әрдайым ойландырады. Бүгінгі әңгімеміз — мұғалімдік қызмет туралы.
Мүдебаева Гаухар: Иә, жастардың білімі қандай деңгейде, кімнен үлгі алып, қандай әдіспен сусындағанын талқылау — өте маңызды.
Сатан Мөлдір: Ендеше, болашақ мұғалімдердің білімін саралап көрейік.
Шығармашылық тапсырма
Әр сабақтың өзіндік ерекшелігі бар. Мұғалімнің «сегіз қырлы, бір сырлы» болуы — кәсіби талап. Осы мақсатта студенттерге шығарма жазу тапсырылды.
Бексұлтан Майраның ойтолғауы
Мен болашақта өскелең ұрпақтың ең алдымен тәрбиесіне, олардың өсіп-жетілуі мен біліміне өз үлесімді қосуды мақсат етемін. Себебі қазіргі қоғамда жастардың қатысуымен орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу, яғни болдырмау үшін еңбек еткім келеді. Саналы ұрпаққа сапалы білім қажет заманда ұстаздың рөлі ерекше. Әрбір оқушының білім алу жолында мұғалімнің ықпалы зор деп білемін.
Төлембетова Мадинаның өлеңі
Алғыс айтамын Жаратқанға сана берген,
Саналықты біліміme қоса өрген.
Ұстаздардың мейірімін қалай айтам,
Данышпандық қасиетпен таң қалдырған.
Жан дүниені түсініп, саралайтын,
Ұстаз деген — болашақта біз боламыз.
Білім нәрін сусындатып, үйреткен,
Ұстаз деген — болашақта біз боламыз.
Жастардың амандығын тілеп жүріп,
Мейірімге бөлейтін біз боламыз.
Күліп тұрып амандасқан бүлдіршінге,
Тәрбиені сыйлайтын біз боламыз.
Оң мен солды білмейтін балапанға,
Жол көрсетер ақылшы біз боламыз.
Мұң мен қайғы орнаған көңілінде,
Жұбанышы олардың біз боламыз.
Төрт құбыла дүние бас иіп, мойындар,
Мақтанатын ұстаздары біз боламыз.
Жауапты әрқашан оқушыға,
Мектептің патшайымы біз боламыз!
Хақ Тағала аман-есен бұйырып,
Сол күндерге біздерді жеткізсін!