Сабақтың барысы. Жазу жолындағы әріптерді жазу
Сабақ тақырыбы
Ж дыбысы мен әрпі
Әдістері
- Әңгімелесу
- Түсіндіру
- Топтастыру жұмысы
Көрнекі құралдар
- Кеспе әріптер мен буындар
- Үлестірмелі суреттер
- Әліппе дәптері
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Ж дыбысы мен әрпімен таныстыру.
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу.
- Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Тәрбиелік
- Әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылық
- Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тіл байлығын арттыру.
- Сөздерді байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.
- Оқу құралдарын дайындау.
II. Өтілгенді еске түсіру
«Бір айналым сөйлеу» ойыны арқылы ішінде Ы дыбысы бар сөздерді ойлап табу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Әңгіме арқылы кіріспе
- Қазір қай мезгіл? — Күз.
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? — Жапырақтар сарғаяды, т.б.
- «Жапырақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі?
Негізгі түйін
Бүгінгі жаңа дыбыс — Ж /ж/ . Оқушылар дыбысты хормен қайталап, оның дауыссыз екенін анықтайды.
- Оқулықтағы дыбыстың белгілену түсіне назар аударту.
- Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
- Әріпті ауада жазып көрсету.
IV. Оқулықпен жұмыс
Буындар мен сөздерді оқу
- Сөздерді буынға бөліп оқу: жа-ға, жа-лау, жу-ас.
- Ж дыбысының сөздің басында және ортасында кездесетінін байқау.
Бағандағы сөздер
Бағандағы сөздерді кезекпен оқытып, мағынасын түсіндіру. Оқушыларға жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдандыру.
Мақсат: оқу дағдысын бекіту және сөздік қорды нақтылау.
V. Дәптермен жұмыс
- Жазу жолындағы Ж/ж әріптерін көркем жазу.
- Буындық диктант орындау.
VI. Сөздік диктант
Ж дыбысы бар сөздерді жаздыру арқылы дұрыс жазу мен дыбыстық талдау дағдыларын бекіту.
VII. Қорытындылау және бекіту
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс: «Біз бүгін не үйрендік?» — Ж дыбысы мен әрпін.
Оқушылардың білімін бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы
- Ж әрпін қайталау, оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
- Ж дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасап келу.