Картадан көрсет

Сабақтың барысы

Бұл ашық сабақ 5–6 сынып оқушыларына арналған. Сабақ құрылымы оқушының белсенді қатысуын күшейтетін ойын элементтері мен ізденіске бағытталған тапсырмаларға негізделген.

I. Ұйымдастыру

Психологиялық сергіту: «Жақсы сөз — жарым ырыс». Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жылы лебіз айтады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Түрлі түсті кеспе қағаздар арқылы сұрақтарға жауап беру. Оқушы таңдаған түсіне сәйкес сұрақты алады.

Үй тапсырмасына арналған сұрақтар

Жалпы сұрақтар

  1. 1. Географиялық қабық дегеніміз не?
  2. 2. Неше материк бар? Картадан көрсет.
  3. 3. Неше мұхит бар? Картадан көрсет.
  4. 4. Масштаб дегеніміз не?
  5. 5. Солтүстік Америка мен Еуразия ежелгі қандай құрлық құрамында болған?
  6. 6. Тау жыныстарының түрлерін ата.

6-сынып: сөздікпен жұмыс

Лава
Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылған магма.
Сөнбеген жанартау
Ұдайы атқылап тұратын жанартау.
Сөнген жанартау
Адамзат тарихында атқылауы жөнінде нақты дерек сақталмаған жанартаулар.
Гейзер
Исланд тілінен: «лақ ете түсу» мағынасын береді.
Кратер
Грек тілінен: «тостаған».

5-сынып: сөзжұмбақ арқылы тақырып ашу

«Білім кілті — танымдылық» сөзжұмбағын шешу арқылы жаңа материалдың тақырыбы анықталады.

1. Ежелгі құрлық — Пангея.

2. Тынық, Атлант, Үнді — бұлар мұхиттар.

3. Пангея екіге бөлінді: Лавразия және Гондвана.

4. Жер бедерінің біркелкі емес жиынтығы — рельеф.

5. Тау жынысының түрі — метаморфты.

6. Ауданы жағынан кіші әрі құрғақ материк — Аустралия.

7. Ең ыстық материк — Африка.

8. Шығу тегі біртекті аралдар тобы — архипелаг.

9. Жер бетіндегі ең үлкен арал — Гренландия.

10. Төрт мұхиттың суларымен жанасатын жалғыз материк — Еуразия.

Сөзжұмбақтың қорытындысы: жаңа тақырып — Гидросфера.

III. Жаңа сабақ

5-сынып: «Гидросфера — Жердің су қабығы»

Қызығушылықты ояту: гидросфера ұғымын анықтап, оның құрамдас бөліктерін атау.

6-сынып: «Таулар және олардың жіктелуі»

Шыңына көз жетпес,
Көркіне сөз жетпес.
Басынан қар кетпес,
Өзіне ешбір тау жетпес.

Өлең жолдары тау туралы. Осы арқылы жаңа тақырыпқа көшеміз.

IV. Мағынаны тану

5-сынып: гидросфера туралы түсіндіру

Гидросфера — Жердің су қабығы. Оған мұхиттар мен теңіздер, өзендер, жер асты сулары, мұздықтар және атмосферадағы су буы кіреді. «Гидро» сөзі грек тілінен аударғанда «су» деген мағынаны береді.

Судың негізгі қоры

Мұхит пен теңіз суларында шоғырланған.

Құрлықтағы сулар

Көбіне тұщы су болып келеді.

Кейбір сулардың емдік қасиеті бар. Емдік су шығатын жер арасан деп аталады.

  • Сарыағаш
  • Алмаарасан
  • Жаркент арасан

Су тірі организмдер үшін аса маңызды: су болмаса, тіршілік те болмайды. Ежелгі гректер су құдайын Посейдон, ал римдіктер Нептун деп атаған.

Оқулықпен жұмыс: 53-беттегі дүниежүзілік су айналымы сызбасын қарап, әр оқушы бір сұрақ дайындайды.

6-сынып: таулар туралы мәтінмен жұмыс

Таулар
Жер бедерінің ең биік әрі тілімделген бөліктері.
Тау жотасы
Бір бағытта созылған тау тізбегі.
Тау торабы
Бірнеше жоталар тоғысатын түйін.

Дүниежүзіндегі ең биік тау

Гималай

Ең биік нүкте

Джомолунгма (8848 м)

Тянь-Шаньның ең биік нүктесі

Жеңіс шыңы (7439 м)

Таулардың биіктікке қарай жіктелуі

  • Аласа таулар: 400–1000 м (мысалы, Сарыарқаның таулары).
  • Орташа биік таулар: 1000–2000 м (мысалы, Қырым, Карпат).
  • Биік таулар: 2000 м-ден жоғары (мысалы, Кавказ, Алтай, Тянь-Шань).

Сәйкестендіру тапсырмасы

  • 1. Аласа таулар 400–1000 м
  • 2. Орташа биік таулар 1000–2000 м
  • 3. Биік таулар 2000 м-ден жоғары

«Адасқан әріптер»

Әріптерден сөз құрастырыңыз:

  • Лаймаги → Гималай
  • Мирпа → Памир
  • Шань–тянь → Тянь-Шань
  • Рола → Орал
  • Молунджомаг → Джомолунгма
  • Рықым → Қырым
  • Тапкар → Карпат

Құрастырған сөздеріңіздің ішінен бір тауды таңдап, мәтіннен сол тауға қатысты сөйлемді тауып оқыңыз.

V. Ой толғаныс

Сұрақтар «қалташада»

Оқушылар дайындаған сұрақтарын қалташаға салады. Кезекпен сұрақ таңдап, жауап береді.

«Қалам ортада» әдісі

Топта талқылау кезінде жауап беруге дайын оқушы қаламды алады, ал қалғандары тыңдайды және толықтырады.

5-сынып: географиялық диктант

  1. 1. Гидросфера — Жердің су қабығы.
  2. 2. 1 литр теңіз суының құрамында шамамен 35 г тұз болады.
  3. 3. Ішуге жарамды суда тұз мөлшері 1 г-нан аспауы керек.
  4. 4. Емдік су шығатын жер арасан деп аталады.
  5. 5. Грек мифологиясында су құдайы Посейдон деп аталған.

VI. Бағалау

Бағалау оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына, мәтінмен және картамен жұмыс сапасына қарай жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы

5-сынып

  1. 1. 19-тақырыпты оқу.
  2. 2. «Су тамшыларына саяхат» тақырыбында әңгіме, эссе немесе ертегі жазу.

6-сынып

  1. 1. 22-мәтінді оқу.
  2. 2. Дүниежүзіндегі ең ірі тауларды кескін картаға түсіру.