Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз

Сабақ тақырыбы

Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөз.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мағынасын ашу; ақыл, қайрат, жүрек және ғылым ұғымдарының адам өміріндегі орнын түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту; бір-біріне түсіндіру арқылы шығармашылық жұмыс жүргізуге баулу.

Тәрбиелік

Ұлы ақын мұрасын оқи отырып, елін және жерін сүюге, адамгершілік пен адалдық сияқты асыл қасиеттерді бойға сіңіруге тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі мен типі

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

  • Топпен жұмыс
  • Рөлге бөліп оқу
  • Сөздікпен және оқулықпен жұмыс
  • Абайдың суреттері, интерактивті тақта
  • Қара сөздер (аудио нұсқа)

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Сыныптың тазалығына назар аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы сабақтарда біз Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Үй тапсырмасын топтастыру тәсілі арқылы қорытындылаймыз:

Абай → ұлы ақын, сазгер, ағартушы, мысалшы, аудармашы

3) Жаңа сабақ: Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөз

Абай — ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер болумен қатар ғалым, философ, ойшыл тұлға. Бүгінгі сабақтың мақсаты — ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну және топпен жұмыс арқылы «Он жетінші қара сөзді» меңгеру.

Негізгі ұғым: «Қара сөз»

Қара сөз — ғылым, философия және дін туралы қарапайым сөзбен жазылған ой-толғау. Абай 1890–1898 жылдар аралығында 45 қара сөз жазған, ал 46-шы қара сөз аяқталмаған.

«Қара сөз» арабтың «ғақлия» ұғымымен мәндес. Бұл — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

Мазмұндық өзек

Абайдың қара сөздері гуманистік, ағартушылық және әлеуметтік ойларды, сондай-ақ дін туралы пікірлерді бір арнаға тоғыстырып, қазақ халқының тұтас философиялық концепциясын құрайды. Мұнда көркемдік сыр мен философиялық сана өзара ұштасады.

Абайдың қара сөздері мен өлеңдері — адамзатқа ортақ мұра. Қара сөздер алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрген және орыс, қытай, француз және басқа да көптеген тілдерге аударылған.

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

Слайд арқылы жаңа сөздер көрсетіліп, оқушылар оларды дәптерге жазып алады.

Ғақлия

көркем, дана сөз

Ғибадат

құлшылық ету, сиыну

Мәдмәладқа жету

мақсатқа жету

Ахирет

адамның о дүниеде сұралатын ісі

Нәпсі

құмарлық

Залал

зиян

Күнәкәр

күнәлі болу

Топпен жұмыс

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Абайдың қара сөздерінен аудио жазба тыңдатылады (бірінші және екінші қара сөздер).

1-топ

Ақыл

2-топ

Қайрат

3-топ

Ғылым

4-топ

Жүрек

Тапсырма

  1. Әр топтан бір оқушы мәтіннің тиісті бөлігін мәнерлеп оқиды.
  2. Екінші оқушы оқылған бөлікті түсінгені бойынша мазмұндайды.

Дәлелде

Әр топ өз атауына сәйкес ұғымның (ақыл, қайрат, жүрек) айтқанын өз сөзімен және өмірмен байланыстырып дәлелдейді. «Ғылым» тобы басқа топтардың жауаптарына баға беріп, жетістігі мен кемшілігін атап өтеді.

Жаңа сабақты бекіту

Абайдың қара сөздеріндегі ойларды түйіндей отырып, «адам қандай болуы керек?» деген сұраққа жауапты топтастыру арқылы қорытындылаймыз.