Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру
Сабақ тақырыбы: Одағай сөздер
Бұл сабақ жоспары оқушыларға одағай сөздер туралы жан-жақты, жүйелі мәлімет беруге және оларды сөйлем ішінен дұрыс ажыратуға үйретуге бағытталған.
- Сабақ мақсаты
- Одағай сөздер туралы оқушыларға жан-жақты, мол мағлұмат беру.
- Күтілетін нәтиже
- Оқушылар сөйлем ішінен одағай сөздерді жаңылыспай табуға машықтанады.
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ.
- Сабақ жабдығы
- Оқулық, дәптер, қажетті құралдар, слайд, үлестірме қағаздар және т.б.
- Психологиялық дайындық
- Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру
46-жаттығу
- Мәтіннен шылауы бар сөйлемдерді теріп жазу.
- Абай, Ыбырай, Әбіш туралы сұрақ-жауап кезеңі.
- Абай мен Әбіш рөлінде диалог құрастыру.
Өткенге шолу
Сәйкестендіру тапсырмасы арқылы сөз таптарын қайталау.
| Сөз табы | Мысал |
|---|---|
| Зат есім | Ахмет, Дана |
| Етістік | Жүгірді, секірді |
| Сын есім | Қызыл, көк |
| Сан есім | Сегіз, он бес |
| Есімдік | Мен, сен, ол |
| Үстеу | Қазір, түнде |
| Шылау | Үшін, туралы |
Жаңа сабақ
Дәптер ауыстырылып, тақтамен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар топтық және жұптық тапсырмалар арқылы одағай сөздердің қызметін танып, сөйлем ішінде дұрыс қолдануға үйренеді.
Топтық жұмыс: І топ
Ережені түсіндіру.
Топтық жұмыс: ІІ топ
Сөйлемдер ішінен одағайларды табу:
Уа, бауырым, амансың ба?
Па, шіркін, жазушыдай суреттеп жібердің ғой өзің!
Топтық жұмыс: ІІІ топ
Сөйлемдерге одағай сөздерді қойып, мәнерлеп оқу:
Балжан-ау, мен ұмытып кетіппін.
Қоңырдың баласысың ба?
Керекті сөздер
әй, япырмай
Мұғалімнің тереңірек түсіндірмесі
Одағай — адамның көңіл күйін, әсерін, шақыруын, ишаратын білдіретін, сөйлем мүшесі болмайтын сөз табы. Төменде одағайлардың негізгі түрлері берілді.
1) Негізгі одағайлар
Ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, охо, ой және т.б.
2) Туынды одағайлар
Мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға және т.б.
3) Ишарат одағайлар
Қәне, қанеки, ал, әйдә және т.б.
4) Жекіру одағайлары
Жә, тәйт, тек және т.б.
5) Жануарларға арнап айтылатын одағайлар
Шәйт, шек, құрау-құрау, пырс, көс-көс, мох-мох және т.б.
6) Шақыру одағайлары
Ау, ей және т.б.
7) Көңіл-күй одағайлары
Алақай, бәрекелді, ура, әттеген-ай, пішту, бай-бай және т.б.
8) Императивтік одағайлар
Сап-сап, әлди-әлди, әйда, әй-шай және т.б.
9) Тұрмыс-салт одағайлары
Хош, хайыр, ләббай және т.б.
Жұптық жұмыс (оқулықпен)
Төмендегі сөйлемдерден одағайды тауып, оның мағынасын (көңіл күй, шақыру, өкініш, таңдану т.б.) анықтаңыз.
Шіркін, мына атқа мінер ме еді!
Бәрекелді, Сүйіндік аға, оңызы жақсы ақыл.
Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау!
Е, тәйірі, күзектің шөбі бітуші ме еді?
Түу, қандай тымырсық түн!
Алақай, емтиханнан бес алдым!
Әттеген-ай, сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық!
Шіркін-ай, киноактер болсам!
Мәссаған, сен қашан келдің?
Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба! — дейді.
Дереккөз және автор
Білім беру ұйымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ
Авторы
Бастауыш сынып мұғалімі: Камбарова Айнұр Бекишовна
Материал: «Одағай сөздер»