Күз Алтын күз
Астана қаласы Білім басқармасы
№70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Ақбозат» сәбилер тобы
Тәрбиеші: Князова Мақпал Қамбарбекқызы
«Қош келдің, Алтын күз!» мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін берекелі де ырысты Алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Кіріспе
Жүргізуші: Мерекемізді «Күз» әнімен бастаймыз.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балапандар! Енді ортамызға тақпақтарымен бүлдіршіндерімізді шақырамыз. Қошеметтеп отырайық!
К. Арина
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аружан
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Ахмет
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндерді киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Айсұлу
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, алақай,
Шашу шашты жапырақ.
Еламан
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Руслан
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын күз.
Жұмбақ және қонақты шақыру
Жүргізуші
Ал, балалар, бері қараңдар! Бізге қонақ келмекші, сендерді бір көрмекші. Әуелі жұмбақ жасырам, қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін — қонағымды ортаға шақырам.
Жұмбақ
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші
Дұрыс айтасыңдар! Ал күзде қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы: (балалардың жауаптары тыңдалады)
Өте жақсы! Ендеше, уәде еткенімдей, ортаға Алтын күзді шақырайық!
Алтын күздің сахнаға шығуы
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Мен — Алтын күзбін, жайдары жарқын күзбін. Қонаққа келдім сендерге: сәбіз, картоп, тәтті алма — оған, досым, таң қалма! Жапырақ та сиқырлы, ойын ойнар әртүрлі.
Жүргізуші
Рахмет саған, Алтын күз! Қабылдайық сыйды біз. Ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар! Жапырақтан сиқырлы ойынды тез ойнаңдар!
Ойын: «Кім жапырақты тез жинайды?» (қыздар мен ұлдар)
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Тағы қандай өнерлерің бар?
Көкөністер туралы тақпақтар
Жүргізуші: Күзде өзі пісетін, тамаққа кеп түсетін — мақтанбақшы сендерге көкөністер сан түрлі!
Арина — Пияз
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз — бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Аяжан — Қызанақ
Тал шыбығым қызарып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол — мен, қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Асылбек — Картоп
Картоп — біздің атымыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Дінмұхаммед — Сәбіз
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Ерасыл — Қияр
Қияр, қияр, қиярмын,
Мақтанбай қалай тұрамын?
Сендерден бұрын пісіп мен,
Дастарқанда тұрамын.
Ш. Інжу — Күріш
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Алтын күз
Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалардың өнері әлі де көп. Олар сізге «Күз» әнін арнап орындайды.
Ән: «Күз»
Жемістер мен күз туралы өлеңдер
Еламан
Маған сөз берсеңізші,
Борщ менен жасалар.
Адамзатқа пайдалы,
Еңбегім бар ақ адал.
Луара
Қызыл, сары, алтын, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап.
Диар
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Зере
Жүзім, жүзім, жүзіммін,
Күз айында мен пістім.
Дастарханның сәнімін,
Мені сүйер бүлдіршін.
Ш. Асанәлі
Алмұрт деген жеміспін,
Күз айында мен пістім.
Мәди
Дастарханның сәнімін,
Дәруменнің бірімін.
Рамина
Алма бақта алмамын,
Өте тәтті бар дәмім.
Алтын күздің сыйымын,
Дәруменнің бірімін.
Рамазан
Берекелі, мерекелі —
Келді міне жомарт күз.
Әліби
Қалада да, далада да —
Жанның бәрі жарқын күз.
Жүргізуші: Ендігі кезекті біздің топтың әншілеріне берейік.
Ән: «Жаңбыр»
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Қорытынды тақпақтар
Жүргізуші: Алтын күз, балаларымыздың сіздерге арналған тағы да тақпақтары бар. Ортаға шақырайық!
Ә. Інжу
Келді міне Алтын күз!
Сары шашты жарқын жүз.
Б. Амина
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырар халқын күз.
Адель
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз.
Сұлтан
Алтын ұя бақшада,
Ойын бастар шағымыз.
Албан
Алтын, салқын күз келді,
Жел мен жаңбыр әкелді.
Нұрдәулет
Құстар ұшып кетеді,
Ән салмай-ақ өтеді.
Бағдат
Сау-сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді.
Данияр
Қоңыр тартып атырап,
Көкке құстар тізілді.
Руслан
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Раяна
Күз келді, күз келді —
Табиғат өзгерді.
Қоштасу
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!
Күз мерекесі берекелі де мерекелі болсын!