Құндылықтарға баулу

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы: Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.3 Электронды кестеде диаграммалар құру.

Алдыңғы білім

Электрондық кестеде шартты форматтауды қолдану.

Пәнаралық байланыс

  • География
  • Математика
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақстан тарихы

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар

  • Кесте мәліметтері негізінде құрылатын диаграмма түрлерін атайды.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Электронды кестеде диаграмма құрады.

Кейбір оқушылар

  • Диаграмма түрлерін ажыратады.
  • Кесте мәліметтеріне сай диаграмманың әр түрін тұрғызады.
  • Диаграммаларды жеке параққа орналастырады.

Құндылықтарға баулу

Тәжірибелік жұмыс барысында шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, сондай-ақ жауапкершілік құндылықтарын дамытуға басымдық беріледі.

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту (Мюнстерберг әдісі)

Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландыру үшін мәтін ішінен сабақ тақырыбын табу ұсынылады.

Ангрпрстухцчшлкестелікнгшчхуңғмәліметтердіңдепронгіңграфикалықғжэчскөрінісіүұңғэъ

Жауап:

Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі

Топқа бөлу (Пазл әдісі)

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ оқу материалы бойынша негізгі терминдерді кезектесіп атайды.

Оқу материалы

  • Оқулықтағы 45–47 бет аралығындағы материалды оқу.
  • Кестені толтыру.
  • Insert (Кірістіру) қойындысының мүмкіндіктерін қарастыру.

Сабақтың ортасы

Қолдану бөлімі: 15–20 минут. Компьютерде практикалық жұмыстар орындалады.

1-тапсырма

Ауа райы деректері бойынша талдау

Оқушыларға 2 аптаға арналған ауа райы болжамының деректері берілген кесте ұсынылады. Кестедегі мәліметтерді қолданып, сұрақтарға жауап береді:

  1. Қай күні ең суық ауа райы күтіледі?
  2. Қай күні ең жылы ауа райы күтіледі?
  3. Алдағы күндері ауа райы қалай өзгереді (суытады, жылынады және т.б.)?
2-тапсырма

Интернет деректерімен диаграмма құру

Интернет желісін пайдаланып, Қазақстан аумағындағы қалалардың ауа райы болжамы бойынша диаграмма құру.

3-тапсырма

Функцияны Excel-де шығару және диаграмма құру

y = 3x² − 5 функциясын формула ретінде енгізіп, Excel бағдарламасында мәндерін есептеу және диаграмма құру.

4-тапсырма

Диаграмма түрлерін салыстыру

Қазақстан халқының ұлттық құрамы және саны бойынша 3 түрлі диаграмма құрып, әрқайсысын жеке параққа орналастыру.

Қорытынды

Бұл сабақта кестелік мәліметтерді графикалық түрде көрсетудің маңыздылығы қарастырылады: оқушылар деректерді талдап, диаграмма түрлерін дұрыс таңдау және оны электронды кестеде сауатты құрастыру дағдыларын дамытады.

Кестелік мәліметтер Диаграммалар Excel Insert