Ғылыми білімдердің дамуы

Сабақтың тақырыбы

Ғылыми білімдердің дамуы

Білімділік мақсат

Ғылымның дамуына әсер еткен жағдайларды түсіндіру; ғылымның өркендеуіне үлес қосқан ғалымдар мен олардың ашқан жаңалықтары туралы нақты түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсат

Оқушылардың тапсырманы өз бетімен меңгеруін, танымын, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; өз пікірін еркін айтып, дәлелдеуге ұмтылуын қалыптастыру; жеке белсенділігі мен ізденіс дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік мақсат

Орта ғасырлардағы ғылыми білімдерге сүйене отырып, ғылым дамуына үлес қосқан тұлғаларды таныстыру; оқушыларды рухани білімділікке және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Семинар
Сабақтың әдісі
Өз бетімен іздену
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, география, физика
Көрнекілігі
Карта, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

  1. 1Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2Ғылыми білімдердің дамуы (оқушылардың ізденіс жұмыстары)
  3. 3Термин сөздермен жұмыс
  4. 4«Кәне тап?» (Суреттер сөйлейді)
  5. 5Хронологиялық жұмыс
  6. 6Картамен жұмыс
  7. 7«Теңге ілу» ойыны
  8. 8Сабақты бекіту (тест)
  9. 9Қорытынды
  10. 10Бағалау

Ғылыми көзқарастардың өзгеруі

Аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру адамзат тарихында ұзақ уақыт бойы пікірталас тудырды. Ғалымдардың бақылауы мен есептеуі күшейген сайын дүниенің құрылысы туралы түсінік те өзгеріп отырды.

Клавдий Птолемей: геоцентрлік жүйе

Ерте заман ғалымдары аспан денелерінің қозғалысы туралы білімді жүйелей отырып, Клавдий Птолемей дүниенің геоцентрлік жүйесін ұсынды. Бұл көзқарас бойынша Жер қозғалмайды, ал аспан денелері Жерді айнала қозғалады деп түсіндірілді.

Николай Коперник: гелиоцентрлік жүйе

Николай Коперник (1473–1543) — ұлы поляк астрономы. Ол дүниенің гелиоцентрлік жүйесін негіздеп, аспан денелерінің көрінерлік қозғалысын Жердің өз осінен айналуымен және Жердің Күнді айнала қозғалуымен түсіндірді.

Джордано Бруно: идеяны қорғау

Джордано Бруно — Италияның көрнекті ойшылы. Ол Коперниктің «Жер Күнді айналады» деген тұжырымын қолдап, жаңа көзқарастың таралуына ықпал етті.

Галилео Галилей: телескоп және дәлел

Галилео Галилей (1564–1642) — телескопты аспанға бағыттаған алғашқы ғалымдардың бірі. Ол Коперник ілімін қуаттайтын бірқатар бақылаулар жасап, астрономия мен физикадағы жаңалықтарды тереңдетті.

Терминдермен жұмыс

Утопия

Барлық адамдар тең өмір сүретін қоғам құру туралы өмірден алшақ, жүзеге аспайтын қиял.

Тірідей отқа өртеу

Адамды тірідей отқа жағу арқылы жазалау түрі.

Буржуазиялық мәдениет

Италияда капиталистік қатынастар басқа елдерге қарағанда ертерек қалыптасып, дамуына байланысты пайда болған жаңа мәдени құбылыс.

«Кәне тап?» (Суреттер сөйлейді)

Оқушыларға өнер туындылары мен тарихи бейнелер ұсынылады. Мақсат — туындының атауын және авторын анықтау.

  • Бұл еңбек қалай аталады және авторы кім?
  • Бұл гравюраның авторы кім және атауы қандай?
  • Бұл сурет қалай аталады және кімнің еңбегі?
  • Ең әйгілі картинаның атауы қандай және авторы кім?
  • Дүниежүзіне әйгілі бұл картинаның авторы кім және атауы қандай?
  • Портреттің авторы кім және атауы қандай?

Хронологиялық жұмыс

Сұрақтар

  1. 1Н. Коперник қай жылы дүниеге келді?
  2. 2Н. Коперниктің «Аспан денелерінің айналысы туралы» кітабы қай жылы жарық көрді?
  3. 3Дж. Бруноны қай жылы тірідей отқа өртеді?
  4. 4Дж. Бруно түрмеде неше жыл отырды?
  5. 5Голландияда дүрбі түтігі жасалғанын Г. Галилей қай жылы білді?
  6. 6Г. Галилей ғылым тарихында тұңғыш рет қанша телескоп құрастырды?
  7. 7Ол телескоптар қанша есе үлкейтіп көрсетті?
  8. 8Г. Галилей өз телескопын қай жылы Айға бағыттап, оның беті тегіс емес екенін байқады?
  9. 9Қай жылы дін қызметкерлері 70 жастағы Г. Галилейге қарсы сот ұйымдастырды?

Жауаптар

Коперник
1473
Кітаптың жарық көруі
1543
Бруноның өртелуі
1600
Бруно түрмеде
8 жыл
Дүрбі түтігі туралы хабар
1608
Құрастырған телескоп саны
2
Үлкейту мүмкіндігі
Кішісі: 3 есе  ·  үлкені: 32 есе
Айға бағыттауы
1609
Сот ұйымдастырылған жыл
1633

Картамен жұмыс

  • Н. Коперник қай жерде дүниеге келді?
  • Г. Галилей қай елдің ғалымы?
  • Дж. Бруно қай мемлекеттерде болды?
  • Томас Мор қай жерде дүниеге келді?
  • Сервантес қай елдің ұлы жазушысы?
  • Сервантес қай елде тұтқында болды?
  • У. Шекспир қай жерде дүниеге келді?
  • Франсуа Рабле қай елдің жазушысы?
  • Қазақстан қай құрлықта орналасқан және қандай мемлекеттермен шектеседі?

«Теңге ілу» ойыны

  1. 1Сервантесті әйгілі еткен романы қалай аталады және ол қай жылы жазылды?
  2. 2Милан қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін кімнің жобасы бойынша канал қазылды?
  3. 3Флоренциялық итальян ақыны әрі ірі суреткері Данте қандай еңбегімен танымал?
  4. 4Дж. Бруно кімнің «Жер Күнді айналады» деген көзқарасын қолдады?
  5. 5Томас Мордың утопиялық ойлары қазақтың қай ойшыл кейіпкерінің көзқарасына үндес?
  6. 6Коперник пен Бруноның көзқарасын Галилей қалай дәлелдеп, дамытты?
  7. 7Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі қай қала болды?

Сабақты бекіту (тест)

Өнер және мәдениет

1) Италиядағы басты мәдениет орталықтарының бірі

  • А. Флоренция
  • Ә. Рим
  • Б. Мадрид
  • В. Амстердам
  • Г. Лейпциг

2) Данте шығармасы

  • А. «Моисей»
  • Ә. «Сикст мадоннасы»
  • Б. «Мона Лиза»
  • В. «Христосты жоқтау»
  • Г. «Құдіретті комедия»

3) Қайта өркендеу дәуірінің мүсіншісі

  • А. Донателло
  • Ә. Леонардо да Винчи
  • Б. Рафаэль Санти
  • В. Альбрехт Дюрер
  • Г. Диего Веласкес

4) Микеланджело салған Римдегі алып құрылыс

  • А. Әулие Петр храмы
  • Ә. «Вакх» мүсіні
  • Б. «Инфанта Маргарита»
  • В. Әулие София соборы
  • Г. «Аяусыз жаза»

5) Рафаэльдің ең даңқты картинасы

  • А. «Христосты жоқтау»
  • Ә. «Құдіретті комедия»
  • Б. «Сикст Мадоннасы»
  • В. «Моисей»
  • Г. «Мона Лиза»

6) «Инфанта Маргарита» туындысының авторы

  • А. Диего Веласкес
  • Ә. Альбрехт Дюрер
  • Б. Рембрандт
  • В. Сервантес
  • Г. Микеланджело

7) Рембрандт қай елдің суретшісі?

  • А. Германия
  • Ә. Голландия
  • Б. Италия
  • В. Испания
  • Г. Франция

Ғылым, қоғам және таным

8) Еуропада ағарту ісі қай ғасырларда дамыды?

  • А. XIV–XIX ғасырларда
  • Ә. XIV–XVI ғасырларда
  • Б. XIII ғ. аяғы мен XV ғ. I жартысында
  • В. XIII ғ. аяғы мен XIV ғ. басында
  • Г. XV ғ. аяғы мен XVII ғ. I жартысында

9) «Утопия» дегеніміз не?

  • А. Жеке меншікті қорғау
  • Ә. Сауда-саттықпен айналысу
  • Б. Жүзеге асырылмайтын, өмірден алшақ қиял
  • В. Қымбат тастар жиынтығы
  • Г. Бірігіп еңбек ету

13) «Жер және басқа планеталар Күнді айналады» тұжырымын кім дәлелдеді?

  • А. Джордано Бруно
  • Ә. Николай Коперник
  • Б. Галилео Галилей
  • В. Христофор Колумб
  • Г. Васко да Гама

14) Қай жылы Джордано Бруно және оның кітаптары өртелді?

  • А. 1650
  • Ә. 1590
  • Б. 1600
  • В. 1680
  • Г. 1695

15) Телескоппен ең алғаш аспанға көз салған оқымысты

  • А. Джордано Бруно
  • Ә. Николай Коперник
  • Б. Васко да Гама
  • В. Галилео Галилей
  • Г. Аристотель

Қорытынды

Ашық теңізде кеменің қай жерде жүргенін дәл анықтау үшін планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жақсы білу қажет болды. Дін қызметкерлері Птолемейдің «аспан шырақтары эпицикл шеңберлерімен айналады, әрбір шеңбердің ортасы Жерді айналады, ал Жер қозғалмайды» деген ілімін қолдады.

Бұл түсінік «Жер мен адамды Құдай жаратты, Күн мен планеталарды Жерді айналып жүруге мәжбүр етті» деген діни ұғымдарға қайшы келмеді. Алайда кейінгі ғылыми бақылаулар дүниенің құрылысы туралы жаңа көзқарастардың қалыптасуына жол ашты.

Үй тапсырмасы

  1. 1 XV–XVII ғасырларда әлем құрылысы туралы жаңа көзқарастардың пайда болуы кездейсоқ еместігін дәлелде.
  2. 2 Дүние құрылысы туралы Птолемей мен Коперниктің пікірлерін салыстыр.