Шоқан Уәлиханов Жоңғар очерктері Сабақтың тақырыбы
Шоқан Уәлиханов: «Жоңғар очерктері»
Сабақтың тақырыбы
Ш. Уәлиханов. «Жоңғар очерктері»
Сілтеме, көрнекілік
- Күнтізбелік жоспар
- Әдістемелік құралдар
- 10-сынып қазақ әдебиеті
- «Шоқан таңдамалылары»
- АКТ, стикер, постер
Түйінді идеялар
Эпиграф
Ғабит Мүсірепов
«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!»
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, Ш. Уәлихановтың еңбектері мен зерттеулерін, нақыл сөздерін түсініп, негізгі ойды түюге бағыттау.
Білімділік
Оқушылар Ш. Уәлиханов және оның еңбектері туралы білім алады. Ауыз әдебиетінің зерттелу кезеңдері мен ерекшеліктерін таниды.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. Шығармашылық белсенділігі артады.
Тәрбиелік
Топта ынтымақтастыққа тәрбиеленеді, ортақ тұжырымға келуге дағдыланады.
Оқу нәтижелері
-
Ш. Уәлихановтың ғұламалығы туралы өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алады.
-
Зерттеу еңбектерінің тақырыптарын ашып, түйінді ойын тұжырымдайды.
-
Ш. Уәлиханов еңбектеріне баға беріп, пікір білдіреді.
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Сыныптағы ахуалды анықтайды, туындаған қиындықтарды жеңу жолдарын қарастырады.
- Топқа бөлу: оқушыларға қиылған өлең жолдары жазылған қағаздарды ұсынады; шумақ жолдарының жалғасы сәйкес келгендер бір топқа бірігеді.
- АКТ арқылы «Жақсы адамдар» әнінің әуені мен сөзін қосып, бірге орындауды ұйымдастырады. Ән аяқталған соң сабаққа назар аударады.
- Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексереді.
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары
- Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары қандай?
- Шоқанның шын есімі қандай? Неліктен «Шоқан» атанған?
- Шоқанның туған жері қайсы? Өскен ортасы туралы не білесіңдер?
- Білім алған ортасы және қоғамдық қызметі қандай болған?
- Шоқанның Қашқарға барғандағы есімі қандай болған?
- Шоқан зерттеген қырғыз жыры қайсы?
- Шоқанның зерттеу еңбектері туралы не білесіңдер?
- Шоқан бейнесі көркем әдебиет шығармаларында қалай суреттеледі?
- 1856 жылы Шоқан қай ақынмен кездесті?
- Шоқанның немере інісі, елтаңба авторы кім?
Қосымша тапсырма: сәйкестендіру тесті.