Бөкей ордасындағы ұлт - азаттық көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлының баласы

Жеңістің 30 жылдығына арналған сабақ жоспары

Орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Байтілеуова А. Е.

Сабақ тақырыбы

Махамбет пен Жақия

Сабақтың мақсаты

  • Халқымыздың тарихынан тағылым беру.
  • Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
  • Батырлар туралы білімін жетілдіру және кеңейту.

Сабақтың міндеттері

  • Мазмұнына сай Махамбет пен Жақияның ерлігі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Мәтінді бөліктерге бөліп, бөлімдерге ат қойғызу.
  • Дамыта оқыту арқылы ойлау, талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Топтастыру Сөзжұмбақ Сұрақ-жауап

Сабақ барысы

  1. 1 Амандасу тренингі.
  2. 2 Топқа бөлу.
  3. 3 Үй тапсырмасын сұрау.
  4. 4 Жаңа сабақ: «Махамбет пен Жақия».

Тұлғалар туралы қысқаша мәлімет

Махамбет Өтемісұлы (1803–1846)

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны.

Жақия Исатайұлы (1811 ж. туған)

1836 жылғы Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлының ұлы. Әкесі бастаған көтеріліске қатысып, ауыр кезеңдерде батырлығымен және тапқырлығымен көзге түскен.

Топтық жұмыс

Оқушылар тапсырмаларды бірлесе орындап, талқылау арқылы негізгі ойды анықтайды және қорытынды жасайды.

Сергіту сәті

Қазақтай қайсар елім бар
Кең байтақ мынау даламда
Қарттарым — асыл қазынам
Өсиет айтқан ғаламға

Дәптермен жұмыс

Мақал-мәтелдер айту

  • I топ
    Отан
  • II топ
    Туған жер
  • III топ
    Батырлар

Қорытынды

«Топтастыру» әдісі

I топ
Батырдың қару-жарақтары
II топ
Батырлар
III топ
Батырлардың ерекшеліктері
Қосымша
Слайдты жүктеу (презентация материалы).
Материал