Мұхиттардағы температураның әркелкі таралуы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера (7-сынып)
Сабақ тақырыбы
Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Оқу мақсаты (бағдарламаға сілтеме)
7.3.3.5 — мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтау.
Алдыңғы білім
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері.
Сабақ мақсаттары
-
1
Барлығы: мұхит суының негізгі қасиеттерін сипаттайды.
-
2
Көпшілігі: судың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды.
-
3
Кейбірі: мұхит суының қасиеттерін анықтауда нақты деректерді қолданады.
Бағалау критерийлері
-
Негізгі қасиеттер
Мұхит суының басты қасиеттерін сипаттайды.
-
Әсер етуші факторлар
Судың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтайды.
-
Нақты деректерді қолдану
Мұхит суының қасиеттерін талдауда нақты мәліметтерді пайдаланады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар келесі ұғымдардың мағынасын түсінеді және дұрыс қолданады:
Құндылықтар және байланыстар
Құндылықтарға баулу
Қоршаған табиғи ортаға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
Физика, алгебра (7-сынып).
АКТ қолдану дағдылары
АКТ дағдылары интернеттен қажетті ақпаратты іздеу, карталар мен презентацияларды қолдану арқылы дамытылады.
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
10 минутI. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу. Түрлі түсті суреттер арқылы оқушыларды үш топқа бөлу: Теңіздер, Шығанақтар, Бұғаздар.
II. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын «Гүл сыйлау» әдісі арқылы тексеру.
Дескриптор 1
Сұрақтың тақырып мазмұнына сай дұрыс қойылуы.
Дескриптор 2
Қойылған сұрақтарға нақты жауап беру.
Бағалау
Сабақтың ортасы
22 минутIII. Мағынаны тану
Ой қозғау: «Мұхит суының қандай қасиеттерін білесіңдер?»
Теңіздер тобы
- Дүниежүзілік мұхит суының басты қасиеті қандай?
- Теңіз суының ерекшелігі қандай?
- Мұхит сулары тұздылығының орташа көрсеткіші қандай?
- Мұхит суы тұздылығының айырмашылығының басты себебі қандай?
- Ең жоғары және ең төмен тұздылық қай мұхиттарда байқалады?
Шығанақтар тобы
- Судың тұздылығы неге байланысты?
- Әрбір 10 метр тереңдеген сайын су қысымы қаншаға артады?
- Мұхит суының мөлдірлігі мен түсі қандай?
- Экваторлық және тропиктік ендіктерде мұхит суының түсі қандай?
- Қоңыржай ендіктердегі судың түсі қандай?
Бұғаздар тобы
- Мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын компоненттер қандай заңдылыққа сәйкес өзгереді?
- Мұхиттағы зоналылық неге байланысты?
- Дүниежүзілік мұхит бетінің жылдық орташа температурасы қандай?
- Мұхиттардағы температураның әркелкі таралуы қалай байқалады?
- Мұхит суларынан қандай бағалы химиялық шикізаттар өндіріледі?
Дескрипторлар
- Мұхит суларының қасиеттерін анықтайды.
- Судың тығыздығына әсер ететін факторларды атап көрсетеді.
- Мұхит бетіндегі жылудың зоналар бойынша таралуын түсіндіреді.
Ұйымдастыру деректері
- Білім беру ұйымы
- Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия (КММ)
- Мұғалім
- Қ. Ж. Агзамова