Ауаның температурасын өлшейтін құрал
Сынып
6
Тақырыбы
Тұрақты желдер
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы
Фронтальды
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, топпен жұмыс
Құрал-жабдықтар
Жарты шарлар картасы, атлас, суреттер, слайд, электронды оқулық
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Желдің түрлерімен таныстыра отырып, олардың пайда болу себептері мен сипатына тоқталу арқылы жел туралы түсінік қалыптастыру. Өткен сабақтар негізінде бұлттың пайда болу себептерін, мазмұны мен маңызын нақтылау және желдің физикалық заңдылықтарға сүйеніп пайда болатын құбылыс екенін түсіндіру.
Дамытушылық
Жел өрнегін (жел раушанын) сызу және есептеу жұмыстарын орындау арқылы оқушылардың талдау, өлшеу және практикалық жұмыс дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Атмосфералық құбылыстарды танып-білу арқылы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылау және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
Сабақ кезеңдері
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, тәртіп және психологиялық ахуалды реттеу.
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
«Сиқырлы әріптер» тапсырмасы арқылы өткен тақырыпты қайталау.
-
3
Жаңа тақырыпты меңгеру
Тұрақты желдердің түрлері, пайда болу себептері, ерекшеліктері.
-
4
Жаңа тақырыпты бекіту
Сұрақ-жауап және топтық тапсырмалар.
-
5
Сабақты қорытындылау
Негізгі ойларды жинақтау, түсінбеген сұрақтарды нақтылау.
-
6
Үй тапсырмасын беру
Келесі сабаққа дайындыққа бағытталған тапсырмалар.
-
7
Бағалау
Тапсырмалар нәтижесіне сай ұпай қою және кері байланыс.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
- Психологиялық дайындықты бақылау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
І тапсырма: «Сиқырлы әріптер». Оқушылар кестеде берілген әріптерді таңдап, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Ереже
Әр топ дұрыс жауап санына сәйкес ұпай жинайды.
Әріптер жиыны
А Б Г Т А Қ Б Ш Т С Қ О С
Сұрақтар
- 1. Латынша «кеңдік», «жайылушылық» мағынасын беретін ұғым?
- 2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал?
- 3. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал?
- 4. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буы су тамшыларына айналғанда нені түзеді?
- 5. 1 м³ ауадағы су буының нақты мөлшері қалай аталады?
- 6. 2 км биіктікке дейін түзілетін бұлт түрі?
- 7. Аспанды бұлттың торлау дәрежесін қалай атайды?
- 8. 6 км биіктікте пайда болатын бұлт түрі?
- 9. Ауаның температурасын өлшейтін құрал?
- 10. Атмосфераның тропосферадан кейінгі қабаты?
- 11. Ауаның жерге түсіретін салмағы — ауаның неі?
- 12. Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының қай көрсеткіші?
Жауаптар
- 1
- Амплитуда
- 2
- Барометр
- 3
- Гигрометр
- 4
- Тұман
- 5
- Абсолют ылғалдылық
- 6
- Қабат бұлт
- 7
- Бұлттылық
- 8
- Шарбы бұлт
- 9
- Термометр
- 10
- Стратосфера
- 11
- Қысымы
- 12
- Орташа жылдық амплитудасы