Бұрқырады бар аймақ, Соқты ышқына көк дауыл
Қасым Аманжолов өлеңі
Дауыл
Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда.
Нөсерлеп құйған жауында
Қызығушы ем жасынға.
Жүгіруші ем жарысып
Сарыарқаның желімен.
Ойнаушы еді алысып
Соққан дауыл менімен...
Дауыл! Дауыл! дегенге,
Шықтық үйден дүркіреп.
Аспан тұрды төбемде
Аласұрып, күркіреп.
Дүние сол кез дүрілдеп,
Келе жатты бір дауыл.
Түндіктері желпілдеп,
Күтіп тұрды жарлы ауыл.
Шыр айналды шаңырақ,
Сықырлады сырғауыл.
Бұрқырады бар аймақ,
Соқты ышқына көк дауыл.
Көшті дауыл керуені,
Ілестім де мен кеттім.
Көк дауылдай кеуделі
Жігіт болдым, ер жеттім.
Мен дауылдың ұлымын,
Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз.
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля
Желтоқсан көтерілісі жайлы
ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
Үй жұмысын орындауға көмек, көптеген мысалдар мен нақты ережелер (қазақ тілі)
Қос тілді сөздіктер
Мұндайлар бізде де болады
Ұлттық поэзиядағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы (Қ.Аманжолов, С.Мәуленов туындылары бойынша)
Шерхан Мұртаза әңгімелеріндегі диалогтың кейіпкер мінезін ашу, образ жасаудағы рөлі
Атаулы сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Прозалық шығармалардағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер
Бір құрамды сөйлем,оның жасалуы
ТОНЫКӨК
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
КӨКІҰЛЫ ЕСЕТ
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).
ҚР-дағы мұнай нарығының даму заңдылықтары және тенденциясы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ
Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
Аймақтық экономиканың дамуындағы кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру (ЖШС «ГЕРМЕС»)