Ынта тобы

Сабақтың тақырыбы

Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білімін тереңдету; салыстыру, ажырата білу дағдыларын дамыту; оқу және талдау машықтарын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Ана тілін ардақтап, қадірлей білуге; сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлауын және ой дәлдігін дамыту; сөйлеу мәдениетін жетілдіру; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы іздендіре отырып, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

  • Оқытудың қолайлы жағдайларын жасау.
  • Үй тапсырмасын сұрау.

Деңгейлер мен жұмыс түрлері

Оқушылардың дайындығына қарай тапсырмалар топтарға бөлініп орындалады: «Ынта», «Жігер», «Дарын».

«Ынта» тобы

Оқушылық деңгей

Жылдам тексеру

«Зымыран сұрақтар»

  1. 1. Тұрақты тіркес дегеніміз не?
  2. 2. Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша қалай атаймыз?
  3. 3. Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?
  4. 4. Тұрақты тіркестердің қандай баламалары болады?
  5. 5. Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?
  6. 6. Тұрақты тіркестердің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысты бола ма?
  7. 7. Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?

«Жігер» тобы

Практикалық тапсырма

Суретпен жұмыс

Тапсырма

Суреттерге қарап (қас, көз, құлақ, мұрын) тұрақты тіркестерді табу және мағынасын түсіндіру.

«Дарын» тобы

Шығармашылық деңгей

Ізденіс

Кестені толтыру

Берілген кестені толтырып, мақал-мәтелдердің ерекшелігін мысалдар арқылы дәлелдеу.

Мақал Мәтел Түсіндірме / Мысал
Оқушы толтырады
Оқушы толтырады