Оқушыларды қоршаған ортаны ластамауға өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, білім мен біліктілігін нығайту.
Дамытушылық
Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік
Қоршаған ортаны ластамауға, өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Дүниетану сабағына қажетті оқу құралдарын дайындау.
2) Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақтар
- Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады?
- Күзде жапырақтың түсі неге өзгереді?
3) Жемістерді жіктеу (сызба)
Шырынды жемістер
мысалдар- Өрік
- Шие
- Жүзім
- Қияр
- Қарбыз
- Қызанақ
- Алма
Құрғақ жемістер
мысалдар- Бидай
- Жүгері
- Жаңғақ
- Бұршақ
- Күріш
- Тары
- Үрмебұршақ
Тұқымына қарай жіктеу
Сүйекті
Өрік, шие, алхоры.
Жұмсақ
Қызанақ, қияр, құлпынай.
4) Сабақты қорытындылау: жұмбақтар
«Көк лағым, көгенде жатып семірді.»
«Аласа ғана бойы бар, қырыққабат тоны бар.»
«Бойлауда, ақтан сенімді, сары қозым семірді.»
Үй тапсырмасы
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру.
Тақырып: Гүл, жеміс және тұқым
Материал: слайд
Әрекет: жүктеу