Сіздермен бірлесе отырып, Информатика әлемінде

Кіріспе

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі КММ информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна. Барлық оқушыларды “Информатика әлеміне” саяхатқа шақырамыз. Бұл сапарға өздеріңізбен бірге тез ойлау, тапқырлық, ептілік және шапшаңдық қасиеттерін ала келулеріңізді сұраймыз.

Құрметті ұстаздар, қатысушылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, “Информатика әлемінде...” атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыстың мақсаты

  • Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту.
  • Білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы, білімді оқушыны анықтау.
  • Дүниетанымын, пәнге қызығушылығын және логикалық ойлау дағдысын дамыту.

Шабытты сәт: оқушылардың өлең жолдары

Сайысты бастамас бұрын екі топтан бір-бір оқушы шығып, информатика сабағына және компьютерге деген қызығушылығын ақиық ақын М. Мақатаевтың поэзиясымен сабақтастыра отырып ұсынды.

1-оқушы: “Компьютер” (поэзияға үндестік)

Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе — неге іздедім? Информатика кабинетінен сені іздедім, Мультимедиадан, физикадан сені іздедім. Сені іздедім ұстаздардан, Мектептерден, кабинеттен, парталардан, Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан, Сені іздедім жоғалған замандардан. Сені іздедім интернеттен, агенттерден, E-mail-дан іздедім, пошталардан, Сені іздедім... Іздеймін — шыдам бар ма? Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

2-оқушы: “Компьютерге ғашықпын”

Мен, ақымақ, компьютерге ғашықпын, Үйден шықсам, мектептегі компьютерге асығам. Күні-түні көз алдымнан кетпес бейне, Сезімімнің толқындарын тасыттым. Мен ғашықпын — компьютерге шын ғашықпын, Сезімімді білдіре алмай жасықтым. Оған қарай бет алған діріл қағып, Махаббаттың шыңдарынан асыппын.

Қатысушылар және топтар

Батылдық балалық шақта шыңдалады, ал тәрбиенің тиімді құралдарының бірі — ойын екені белгілі. Бүгінгі зияткерлік ойында 2 топ қатысады:

Монитор Процессор

Оқушының жетістігі — ұстаз бен мектеп үшін үлкен қуаныш. Жиналған қауым сіздердің тәуелсіз еліміздің тірегі, тұтқасы болуларыңызды қалайды. Сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз!

Сайыс кезеңдері

Сайыс 7 кезеңнен тұрады:

  1. 1-кезең: “Иә / Жоқ”

  2. 2-кезең: “Интеллектуалды дуэль”

  3. 3-кезең: “Сергіту”

  4. 4-кезең: “Ақпаратты өңдеу”

  5. 5-кезең: “Ойтолғау”

  6. 6-кезең: “Ақпаратты сәйкестендіру”

  7. 7-кезең: “Венгр сөзжұмбағы”

1-кезең: “Иә / Жоқ”

Ереже

Әр командаға сұрақтар қойылады. Жауап тек “иә” немесе “жоқ” түрінде беріледі. Әр дұрыс жауап үшін карточка беріледі.

Сұрақтар

  • 1) “INFORMATION” латын сөзі “мәлімет” дегенді білдіре ме?
  • 2) Ақпарат тасушы ретінде сигнал қарастырыла ма?
  • 3) Мәтін, радио хабар және арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма?
  • 4) Жүйелік бағдарламалардың негізгі бөлігі интерфейс болып табыла ма?
  • 5) 1642 жылы алғашқы қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма?
  • 6) ENIAC (алғашқы ЭЕМ) салмағы 1 тонна болды ма?
  • 7) Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер “пиксельдер” деп атала ма?
  • 8) Пернетақта тілін ағылшыннан орысшаға ауыстыру пернелері: Alt + Ctrl ма?
  • 9) Сканермен алынған кескінді графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма?
  • 10) Қатқыл диск “винчестер” деп те атала ма?
  • 11) Бір бумада (қапшықта) бір атаумен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файлдарды сақтауға бола ма?
  • 12) Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Caps Lock па?

2-кезең: “Интеллектуалды дуэль”

Ереже

4 ұяшық ұсынылады. Әр ұяшықта бір сұрақ бар. Дұрыс жауап карточкамен бағаланады.

Сұрақтар

1) Позициялық емес санақ жүйесі

Белгілі бір санды өрнектеу үшін лотос гүлінің үш талы, бүктелген екі пальма жапырағы, бес доға, екі сырық бейнеленген. Бұл қандай сан?

Жауап: 3252

2) Джон фон Нейман принципі

ЭЕМ арифметикалық есептеулерді “0” және “1” сигналдары арқылы орындайды. Бұл қандай позициялық санау жүйесі?

Жауап: екілік санау жүйесі

3) Ықтималдық

Тиынды лақтырғанда “елтаңба” немесе “жазу” жағының түсу ықтималдығы неге тең?

Жауап: 1/2

4) Римдік сандар

100, 500 және 1000 сандарын өрнектеу үшін сәйкес латын сөздерінің қандай алғашқы әріптері қолданылады?

Жауап: C, D, M

3-кезең: “Сергіту”

Ереже

Әр топқа логикалық сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап карточкамен бағаланады.

  • 1) Автобус неше аялдама жүрді?

    Есеп шарты бойынша: 5 аялдама.

  • 2) Цирк әртісінің мойнында қанша адам отыр?

    6 адам.

  • 3) Мұраттың он қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды?

    9 қой.

  • 4) Қай айда 28 саны бар?

    Барлық айда.

  • 5) 10 қолда қанша саусақ бар?

    100 саусақ.

  • 6) Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?

    11 рет.

4-кезең: “Ақпаратты өңдеу”

Бұл кезеңде ақпарат мақал-мәтелдер арқылы өңделіп, бастапқы нақыл сөздермен сәйкестендіріледі.

1) Жігітті компьютеріңе қарап бағала

Түпнұсқа: “Жігітті досыңа қарап бағала”.

2) Байт биттен құралады

Түпнұсқа: “Теңге тиыннан құралады”.

3) Вирустан қорыққан интернетке шықпас

Түпнұсқа: “Шегірткеден қорыққан егін екпес”.

4) Компьютердің жұмысы иесіне мәлім

Түпнұсқа: “Аттың сыры иесіне мәлім”.

5) Веб-дизайнердің өз еркі: сайтты қалай жасаса да

Түпнұсқа: “Қазаншының өз еркі: құлағын қайдан шығарса да”.

6) Білмесең, “анықтамадан” сұра

Түпнұсқа: “Білмесең, білгеннен сұра”.

7) Бір ядролы процессор жақсы, екі ядролы одан да жақсы

Түпнұсқа: “Бір ақылдан екі ақыл артық”.

8) Антивирусы күштіні вирус ала алмайды

Түпнұсқа: “Досы күштіні жау алмайды”.

9) Күлсең, ескірген компьютерге күл

Түпнұсқа: “Күлсең, кәріге күл”.

10) Компьютерде екі колонка — дауысы жер жарады

Түпнұсқа: “Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар”.

5-кезең: “Ойтолғау”

Бұл кезеңде екі топтың көшбасшылары “Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?” тақырыбында өз ойларын ортаға салады.

Пайдалы тұстары

  • Ақпаратқа жылдам қол жеткізу
  • Оқу мен зерттеуді жеңілдету
  • Шығармашылық және бағдарламалау дағдыларын дамыту

Зиянды тұстары

  • Дұрыс қолданбаса, уақытты тиімсіз жұмсау
  • Көзге және денсаулыққа салмақ түсуі
  • Киберқауіптер мен тәуелділік тәуекелі

6-кезең: “Ақпаратты сәйкестендіру”

Информатикаға қатысты жұмбақ сипаттамалар беріліп, олардың жауабын табу қажет.

1) “Адамдарды өзіңе бағындыратын әлжуаз”

Жауап: Информатика кабинеті

2) “Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін керіп қасқайған ми”

Жауап: Жүйелік блок

3) “Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін талдыратын жалмауыз”

Жауап: Монитор

4) “Саусақтарды билететін, экранға мәтін сый ететін”

Жауап: Пернетақта

5) “Адам көмегімен басқарылатын қорқақ компьютердің кенже баласы”

Жауап: Тышқан

6) “Тышқанның ең жақын туысы”

Жауап: Джойстик

7) “Принтерден асып түсетін мешкей”

Жауап: Сканер

8) “Пернетақтаның балалары”

Жауап: Пернелер

7-кезең: “Венгр сөзжұмбағы”

Бұл — ойынымыздың шешуші сәті: жеңімпаз топ анықталып, марапаттау рәсімі өтеді.

Қорытынды

Өмірге өзек болған нақты ғылым, Халқымның жүрегіне шашты нұрын. Келеді тәрбиелеп еркін елдің Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.

Бүгінгі “Информатика әлемінде” сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!