Бүгін түлкінің туған күні

Театрландырылған қойылым туралы

Тақырыбы

«Ормандағы түлкінің туған күні»

Тобы

Болашақ ересектер

Пішімі

Ертегі желісі бойынша сахналық қойылым

Мақсаты

  • Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру.
  • Жабайы аңдар туралы білімдерін еске түсіру.
  • Ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп айтуға, қимыл-қозғалыс пен дауыс ырғағын келтіруге үйрету.
  • Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру және ойын арқылы қызығушылықты арттыру.
  • Түлкінің мінез-құлқы мен іс-әрекетін талқылау (қу, айлакер, әдемі құйрықты).

Міндеттері

Дамытушылық

Балалардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын кеңейту.

Тәрбиелік

Жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу және бір-біріне қолдау көрсетуге баулу.

Көрнекіліктер

  • Ертегі кейіпкерлерінің костюмдері.
  • Орман бейнесі (сахналық декорация).
  • Музыкалық сүйемелдеу және дыбыстық эффектілер.

Мотивациялық бөлім (әңгіме қозғау)

Тәрбиеші балалармен сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа жұмылдырады: ертегілер, ормандағы аңдар, қыс мезгілі және Жаңа жыл әсерлері. Одан кейін балаларға түлкінің қыс мезгілінде туған күні болатыны, түлкінің қу әрі айлакер, құйрығы әсем аң екені еске салынады.

Үлгі сұрақтар

  • Қандай ертегілерді білесіңдер? Ертегі кейіпкерлері ұнай ма?
  • Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
  • Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста не жауады?
  • Қыс мезгілінде қандай мерекені тойладық? Балабақшаға кімдер келді?

Тосын сый

Сауысқан ұшып келіп, балалармен амандасады және балабақшада түлкінің туған күнін тойлап жатқанын естігенін айтады. Содан соң бүгін «Ормандағы түлкінің туған күні» ертегісін қойылым арқылы тамашалауды ұсынады.

Қойылым барысы

Ұйымдастыру кезеңі: «Орман» көрінісі

Сахнада орман көрінісі: әр шыршаның түбінде бір-бір аңнан отырады. Көңілді әуенмен түлкі билеп кіріп, аңдармен амандасады да, әндетіп кетіп қалады. Аңдар таңырқап, бір-бірімен сөйлеседі.

Аю: Түлкі бүгін көңілді ғой.

Қасқыр: Оның себебі бар шығар.

Қоян: Сендер білмейсіңдер ме? Бүгін түлкінің туған күні.

Аю: Ендеше неге тұрыс? Түлкіні барып құттықтайық!

Қоян: Бос барғанымыз жарамас, дүкенге барып сыйлық алайық.

1-көрініс: Дүкен (Тиін)

Аңдар дүкенге келіп, тиіннен түлкіге қандай сыйлық лайық екенін сұрайды.

Барлығы (хормен): Сәлеметсіз бе, тиін!

Тиін: Сәлеметсіздер ме! Бәрің жиналып қайда барасыңдар?

Қоян: Түлкінің туған күніне.

Қасқыр: Айтыңызшы, түлкіге не сыйласақ болады?

Тиін: Биыл мешін жылы. Түлкіге қойдың ойыншығын сыйлаңдар.

Аю: Дұрыс екен. Бұл ойыншық қанша тұрады?

Тиін: Жүз теңге.

Қасқыр: Тиін, бізбен бірге жүріңіз.

Тиін: Жарайды, мен де түлкіні құттықтап барайын.

2-көрініс: Шаштараз (Кірпі)

Аңдар туған күнге сәнденіп баруды ұйғарып, кірпіге келеді.

Барлығы (хормен): Сәлеметсіз бе, кірпі!

Кірпі: Сәлеметсіздер ме! Бәрің жиналып қайда барасыңдар?

Қоян: Түлкінің туған күніне бара жатырмыз.

Аю: Шашымызды сәндеп бересіз бе?

Кірпі: Жақсы, бір-бірлеп отыра қойыңдар.

Аю: Рақмет, кірпі. Сіз де бізбен жүріңіз.

Кірпі: Жақсы, барайын.

3-көрініс: Жол үстіндегі оқиға (Айболит)

Жолда қоян абайсызда аяғын ауыртып алады. Достары оны Айболитке апарады.

Қоян: Аяғым... аяғым...

Аңдар: Не болды, қоян?

Қоян: Аяғымды ауыртып алдым, баса алмаймын.

Аю: Онда сені Айболитке апарайық.


Аңдар: Сәлеметсіз бе, Айболит ата!

Айболит: Сәлеметсіңдер ме! Қоян, саған не болды?

Қасқыр: Айболит ата, бүгін түлкінің туған күні еді. Жолда қоян аяғын ауыртып алды. Қарап бересіз бе?

Айболит: Қане, аяғыңды көрейін.

Айболит: Ештеңе етпейді. Аяғыңды таңып беремін.

Қоян: Рақмет, Айболит ата! Сіз де бізбен бірге жүріңіз.

Айболит: Жарайды, барайын.

Қорытынды көрініс: Түлкінің үйі

Бәрі бірге түлкінің үйіне келеді. Алдарынан түлкі шығып, достарымен амандасады. Аңдар туған күнін құттықтап, сыйлықтарын ұсынады.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, достарым!

Аңдар: Сәлеметсің бе, түлкі! Туған күнің құтты болсын!

Ақпарат

Мекеме
№2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы (КММ)
Тәрбиеші
Есекеева Камшат Жаңбырбекқызы