Мақсат қою кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері бірізді жоспарланады: ұйымдастыру, мақсат қою, материалды түсіндіру, түсінгенін тексеру, бекіту және үй тапсырмасы.

Кезеңдер

  1. Ұйымдастыру
  2. Мақсат қою
  3. Материалды түсіндіру
  4. Түсінгенін тексеру
  5. Бекіту
  6. Үйге тапсырма

Негізгі екпін

  • Мәнерлеп оқу арқылы эмоциялық қабылдауды күшейту.
  • Сұрақ-жауап арқылы ойды дәлелдеуге үйрету.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы жеке пікір қалыптастыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Үй тапсырмасын тексеру

«Күй» туралы мәліметті 2–3 оқушы оқиды. Дина Нұрпейісованың «8 Март» күйі тыңдатылады. Тыңдалымнан кейін оқушылар күйдің атауы мен авторын анықтайды.

2) Топқа бөлу

Тақтада мақал-мәтелдер ұсынылады. Мақалдағы түсіп қалған сөздерді табу арқылы сынып 3 топқа бөлінеді: «Мейірім», «Құрмет», «Парыз».

«Мейірім»
Мейірімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
«Құрмет»
Ата алдында — қызмет,
Ана алдында — құрмет.
«Парыз»
Ата-ананың қарызы —
Ұрпақтың өмірлік парызы.

ІІ. Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабақта көрнекті ақын Төлеген Айбергеновтың өмір жолы мен шығармашылығымен танысамыз.

Сонымен бірге «Ана» өлеңін оқып, ондағы көтерілген өзекті мәселені, ақынның айтпақ ойын және көзқарасын анықтаймыз.

Өлең мазмұнын ашуға бағытталған тапсырмалар орындалып, әркім өз пікірі мен тұжырымын ортаға салады.

ІІІ. Материалды түсіндіру

Оқушылардың назарын интерактивті тақтадағы слайдтарға (№4–5) аударамыз. Өлеңді алдымен мұғалім мәнерлеп оқиды, кейін оқушылар кезекпен оқып шығады.

Түсіндірме сөздік

Әр топ өздері оқыған шумақтардан түсініксіз сөздерді анықтап, мағынасын ашады.

Шерменде
қайғы, қасірет, уайым
Пасық
надан, оңбаған, арам
Даналық
кемеңгерлік, ойлылық

Өлеңнен үзінді

Төлеген Айбергенов — «Ана»
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
Мазмұндық талдау осы шумақтан басталады.

Талқылау сұрағы

Ақын адам ағзасындағы анатомиялық атаулардың ішінен неге жүрек ұғымын таңдайды? Неге бауыр немесе өкпе емес? Жауапты дәлелдеуде Абайдың «Он жетінші қарасөзіне» сүйеніп пікір айту ұсынылады (слайд №6).

Ескерту

Сабақ соңында оқушылардың түсіну деңгейін тексеру, бекіту жұмыстары және үй тапсырмасы кезеңдері жоспар бойынша жалғасады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ерманова Ф. Т.