Кім жылдам есептер шығару

Сабақ тақырыбы

Күш. Масса. Ньютонның II заңы бойынша есептер шығару.

Сабақ мақсаты

Білімділік

Оқушылардың білімін, іскерлігін және дағды деңгейін бақылау және бағалау. Ньютонның II заңы бойынша есептер шығарту.

Дамытушылық

Оқушылардың білім деңгейін, оқу мазмұнын меңгерудегі тұрақтылықты, іскерлік пен дағдыны бақылау және дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, есептер шығару.

Пәнаралық байланыс

Математика.

Көрнекіліктер

Электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақта.

Болжамдалған нәтиже

Оқушылар Ньютонның II заңы бойынша білімін өмірмен байланыстырып, теориялық және практикалық есептерді шығару арқылы өз білімін тереңдетеді.

Сабақ жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

1 минут
  • Сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

II. Негізгі бөлім

31 минут
  1. 1 Электрондық оқулықтан мысал көрсету.
  2. 2 Күшке байланысты тәжірибелер көрсету.
  3. 3 «Миға шабуыл» (сұрақ-жауап).
  4. 4 «Кім жылдам?» — есептер шығару.
  5. 5 «Сәйкестікті тап» тапсырмасы.
  6. 6 Сабақты пысықтау (оқулықпен жұмыс).
  7. 7 Сөзжұмбақ шешу.

III. Сабақты қорытындылау

2 минут

Жұмбақ шешу арқылы қорытынды жасау.

IV. Бағалау

Оқушылардың жұмысын бағалау.

V. Үй тапсырмасы

1 минут

Үй тапсырмасын беру және түсіндіру.

Негізгі бөлім мазмұны

«Миға шабуыл» сұрақтары

  • Динамика нені зерттейді?
  • Күш дегеніміз не?
  • Күштің түрлерін ата.
  • Ауырлық күші және серпімділік күші дегеніміз не?
  • Ғалымдардың суреттерінің ішінен И. Ньютонды көрсет.
  • Дененің массасы дегеніміз не?
  • Ньютонның II заңы қалай тұжырымдалады?

«Кім жылдам?» есептер шығару

9-жаттығу

№1 есеп

Бір денеге 8 Н және 6 Н болатын екі күш әсер етеді. Күштердің бағыттарының арасындағы бұрыш 90°. Осы екі күштің тең әрекетті күші неге тең?

Қажет болса, есептің толық нұсқасын жүктеп алып пайдалануға болады.