Кальций тобы
Сабақ тақырыбы
Химия (9-сынып): Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары
Сабақ типі
Аралас сабақ
Сабақ түрі
Дәстүрлі
Педагогикалық технология
Интерактивті оқыту технологиясының элементтері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Алюминийдің периодтық жүйедегі орны, табиғатта кездесуі, алынуы, қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, алюминий мен оның қосылыстарының екідайлы қасиеттері бойынша тапсырмалар орындау арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік
Алюминийдің тұрмыста қолданылуын түсіндіру, тиімді пайдалануға баулу, тапсырманы тиянақты орындауға, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдістер мен көрнекіліктер
Сабақтың әдістері
- Түсіндірмелі әдіс
- Сұрақ–жауап
- Жоба қорғау
- Деңгейлік тапсырмалар
- Зертханалық тәжірибе
- ББҮ кестесі, «Кубизм» әдісі
- «Иә немесе жоқ», «Артықты тап» ойындары
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Периодтық кесте, кестелер
- Үлестірмелі парақшалар
- Бейнематериалдар, интерактив тақта
- Зертханалық құрал-жабдықтар мен реактивтер
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу
- Түгелдеу
- Сабаққа дайындығын қадағалау
2) Үй тапсырмасын тексеру (Кубизм әдісі)
Сынып оқушыларын сұрақтар арқылы 4 топқа бөлу.
Кальций тобы
- Кальцийдің валенттігі мен тотығу дәрежесі қандай? (II; 0; +2)
- Кальций қай топта орналасқан? (IIA)
- Кальцийге қандай физикалық қасиеттер тән? (күміс түсті ақ, жеңіл металл)
- Кальцийді неге керосинде сақтайды? (белсенді сілтілік-жер металы)
Кальций оксиді тобы
- Сөндірілмеген әктің формуласы қандай? (CaO)
- Кальций оксиді қандай қасиет көрсетеді? (негіздік оксид)
- Кальций оксидін алудың тиімді жолын ата. (әктасты өртеу)
- Әкті сөндіру реакциясын жаз: CaO + H₂O → Ca(OH)₂
Кальций гидроксиді тобы
- Кальций гидроксиді қандай заттармен әрекеттеседі? (қышқылдармен, қышқылдық оксидтермен)
- Сөндірілген әктің формуласы қандай? (Ca(OH)₂)
- Көмірқышқыл газын анықтауда кальцийдің қай қосылысы қолданылады? (Ca(OH)₂)
- Кальций гидроксиді фенолфталеинді қандай түске бояйды? (таңқурай түске)
Кальций тұздары тобы
- Кермектік деген не? (суда Ca және Mg тұздарының артуы)
- Кермектіктің қандай түрлері бар? (уақытша және тұрақты)
- Гипстің формуласы қандай? (CaSO₄·2H₂O)
- Құрылыс материалы ретінде қолданылатын кальций қосылыстарын ата. (CaSO₄·2H₂O, Ca(OH)₂, CaCO₃, CaSO₄·0,5H₂O)
3) Жаңа тақырып (Миға шабуыл)
Дүниежүзілік өнеркәсіпте темір құймаларынан кейін II орын алатын, Ресейде «глиний» деп аталған, оңай фольгаға айналатын, екідайлы қасиет көрсететін, ұшақ және кеме жасауда кең қолданылатын, күмістей ақ түсті жеңіл металл қайсы?
Жауабы: алюминий
4) Алюминийге жалпы сипаттама
Периодтық жүйедегі орны
- Реттік нөмірі
- Z(Al) = 13
- Салыстырмалы атомдық массасы
- Ar(Al) = 27
- Период
- 3-период (кіші)
- Топ
- III топ, негізгі топша (A)
- Электрондық конфигурация
- 1s² 2s² 2p⁶ 3s² 3p¹
- Валенттігі / тотығу дәрежесі
- III; 0 және +3
Ашылу тарихы
«Алюминий» атауы латынның alumen (ашудас) сөзінен шыққан. Таза алюминийді алғаш рет 1827 жылдың 22 қазанында неміс ғалымы Ф. Вёлер хлорлы алюминийге металл калий қосып, қыздыру арқылы алған.
Маңызды табиғи қосылыстары
| Қосылыс атауы | Формуласы |
|---|---|
| Ортоклаз (далалық шпат) | K₂O·3Al₂O₃·6SiO₂ |
| Ақ саз (каолин) | Al₂O₃·2SiO₂·2H₂O |
| Слюда | K₂O·3Al₂O₃·6SiO₂·2H₂O |
| Нефелин | Na₂O·K₂O·Al₂O₃ |
| Боксит | Al₂O₃·2H₂O |
| Корунд | Al₂O₃ |
Алюминийдің алынуы
Өнеркәсіпте алюминий көбіне бокситтен алынады.
2Al₂O₃ → 4Al + 3O₂
Физикалық және химиялық қасиеттері
- Күмістей ақ түсті, жеңіл металл
- Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді
- Суықтай және ыстықтай өңдеуге икемді
- Екідайлы қасиет (қышқылдармен де, сілтілермен де реакцияға түсе алады)
5) «Иә немесе жоқ» (жеке жұмыс)
- 1. Алюминий екідайлы элемент. Иә
- 2. Алюминий нефелиннен алынады. Жоқ
- 3. Алюминий концентрлі азот қышқылымен әрекеттеспейді. Иә
- 4. Алюминий d-элементке жатады. Жоқ
- 5. Алюминий III валентті. Иә
- 6. Алюминий белсенділігі төмен металдарды тұздарынан ығыстырады. Иә
- 7. Алюминотермия әдісімен темір алынады. Иә
6) Алюминий қосылыстары: негізгі ұғымдар
Al₂O₃ — алюминий оксиді
Ақ түсті қатты зат, суда ерімейді. Табиғатта боксит, глинозем, корунд құрамында кездеседі.
Алынуы
4Al + 3O₂ → 2Al₂O₃
2Al(OH)₃ → Al₂O₃ + 3H₂O
Химиялық қасиеті (екідайлы)
Al₂O₃ + 6HCl → 2AlCl₃ + 3H₂O
Al₂O₃ + 2NaOH → 2NaAlO₂ + H₂O
Al(OH)₃ — алюминий гидроксиді
Ақ түсті, іркілдек (ұйыған айран тәрізді) тұнба.
Алынуы
AlCl₃ + 3NaOH → Al(OH)₃ + 3NaCl
Химиялық қасиеті (екідайлы)
Al(OH)₃ + 3HCl → AlCl₃ + 3H₂O
Al(OH)₃ + NaOH → NaAlO₂ + 2H₂O
7) №6 зертханалық тәжірибе
Алюминий сульфаты ерітіндісін сынауыққа құйып, үстіне тұнба түзілгенше натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаны екіге бөліңдер:
- а) Бірінші сынауыққа сілті ерітіндісін артық мөлшерде құйыңдар.
- ә) Екінші сынауыққа тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар.
Бақылағандарыңды түсіндіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
Al₂(SO₄)₃ + 6NaOH → 2Al(OH)₃ + 3Na₂SO₄
Al(OH)₃ + NaOH → NaAlO₂ + 2H₂O
Al(OH)₃ + 3HCl → AlCl₃ + 3H₂O
8) Оқулықпен жұмыс (жұптық жұмыс)
B тобы — №1 тапсырма
Тотығу–тотықсыздану реакциясын жазу.
B тобы — №2 тапсырма
Массасы 20 г темір(III) оксидімен 50 г алюминий әрекеттескенде, алюмотермия әдісімен қанша грамм темір түзіледі? Жауабы: 14 г
9) Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
Алюминийдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама бер.
Негізгі жауап
3-период (кіші), III топ (негізгі топша, A); Ar(Al)=27; Z(Al)=13. Атом құрамы: ²⁷Al (13p, 14n), 13e. Электрондық конфигурация: 1s² 2s² 2p⁶ 3s² 3p¹. Валенттігі: III (тұрақты). Тотығу дәрежесі: 0; +3.
2-деңгей
Реакция теңдеулерін аяқта және теңестір.
Al(OH)₃ + 2HCl → Al(OH)Cl₂ + 2H₂O
2Al + 6HCl → 2AlCl₃ + 3H₂
3-деңгей
1) Массасы 5,4 г алюминий темір(III) оксидімен әрекеттескенде қанша грамм алюминий оксиді түзіледі?
2) 0,2 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутегінің көлемін тап.
10) Жоба қорғау (топтық жұмыс)
Тақырып: «Алюминий — болашақтың металы»
Кальций тобы
Алюминий — электротехникада
Кальций оксиді тобы
Алюминий — тұрмыста
Кальций гидроксиді тобы
Алюминий — бағалы тастар құрамында
Кальций тұздары тобы
Алюминий құймалары
11) «Артықты тап» (жеке жұмыс)
1-топ
Глинозем, боксит, корунд, силумин
2-топ
NaOH, HCl, HNO₃ (конц.), HNO₃ (сұй.)
3-топ
AlCl₃, Al, Al(OH)₃, Al₂O₃
12) Рефлексия (ББҮ кестесі)
Білемін
Алюминийдің орны, негізгі қасиеттері, табиғи қосылыстары.
Білгім келеді
Құймалар құрамы, алюминийдің өнеркәсіптегі нақты технологиялары.
Үйрендім
Al₂O₃ және Al(OH)₃-тің екідайлы қасиетін реакциялар арқылы дәлелдеуді.
13) Үй тапсырмасы
- B тобы: №4, №5 есеп
- C тобы: №2, №3 есеп
- Оқулық: 170-бет
- Іздену: құрамында алюминий бар бағалы тастар және олардың қолданылуы
- Іздену: алюминий құймаларының қолданылуына нақты мысалдар келтіру
14) Бағалау
Сабақ барысында белсенді қатысқан, тапсырмаларды сапалы орындаған оқушылар бағаланады.