Әкеге қарап

Бастауыш сынып мұғалімі

Мамырбекова Ғалия Асанқызы

2-сынып оқушыларының әкелерімен өткізілетін әкелер конференциясы

Тақырыбы: Тамырынан нәрлі, құндағынан адал болса!

Бұл кездесу — әкелердің бала тәрбиесіне қатысты ой-пікірін ортаға салып, тәжірибе алмасуына арналған ашық әрі мазмұнды алаң.

Мақсаты

Бала тәрбиесі туралы ой бөлісуге мүмкіндік беретін орта қалыптастыру.

Міндеттері

  • Бір-бірімен пікір алмасу мәдениетін дамыту.
  • Бала тәрбиесіне тұрақты көңіл бөлу қажеттігін ұғындыру.
  • Мектеп–ата-ана–мұғалім–бала арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосу.

Көрнекілігі

мақал-мәтелдер баяндама таспалар шырақтар шарлар үнтаспа анкеталық сұрақтар

Кездесудің барысы

1-қадам

Дөңгелек үстел: таныстыру және сауалнама

Кездесу тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Қатысушы әкелер, оқушылар және қонақтармен танысып болған соң, анкеталық сұрақтар бойынша қысқаша жауаптар алынады.

2-қадам

«Шаңырақ» құндылығы: әке мен бала арасындағы байланыс

«Шаңырақтың мықтылығы уығынан» дегендей, әр шаңырақтың иелері — балалардың әкелері, №7 мектеп-гимназиясының құрметті ата-аналары — бүгінгі кездесуде өз балаларыңыздың сіздерге арнап әзірлеген ата-бабамыздан қалған мұралары мен мақал-мәтелдеріне құлақ түресіздер.

Әр бала өз әкесіне арнайы жаттаған мақалын айтады да, қолындағы «уық» орнына таспаны әкесі отырған орындыққа байлайды. Шаңырақ символдық түрде бекітіліп, шарлармен безендіріледі.

Басшысы әлсіз болса, елден береке кетеді.
Отбасы әлсіз болса, төрден мереке кетеді.

Ниет: әр үйдің төрі берекелі, әр күні мерекелі болсын.

3-қадам

Білім ордасының үні: ел ертеңі бүгіннен

«Ел ертеңі бүгіннен басталады» қағидасымен, жас ұрпақты тәрбиелеп отырған білім ордасының басшысына сөз беріледі.

4-қадам

Баяндама: «Тамырынан нәрлі, құндағынан адал болса...»

Қатысушыларға бала тәрбиесінің негізі — отбасындағы өнеге мен жауапкершілік екені туралы баяндама ұсынылады.

Баяндама атауы

«Тамырынан нәрлі, құндағынан адал болса...»

5-қадам

Ой бөлісу: «Әке парызы» ұғымы

«Әке парызы» дегенді қалай түсінесіз? Әр шаңырақ иесі өз ойымен бөліседі, тәжірибесімен ортақтасады.

6-қадам

Топқа бөліну және шығармашылық тапсырмалар

Қатысушылар жандарына жапсырылған шарлардың түсіне қарай 4 топқа бөлінеді. Әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі.

1-топ

«Әке — бала мақтанышы» тақырыбына сай, тәрбие мәнін ашатын өлең жолдарын ұсынады.

2-топ

«Әкеге қарап ... Шешеге қарап ...» мақалын қалай түсінесіз? Өз пікіріңізді білдіріңіз.

3-топ

Үндеу-насихат форматында ой жазады: «Мен балама қуаныш сыйлаймын, дұрыс тәрбие бере аламын».

4-топ

Кері байланыс: бүгінгі кездесуден алған әсеріңіз қандай? Не ұнады? Не үйрендіңіз?

Жұмыс тәртібі

  • Жекелей ойлану
  • Жұпта ақылдасу
  • Топта ортақ пікірге келу
  • Ойды қағаз бетіне түсіріп, әзірленген бетті қорғау

Қорытынды

Тамырынан, яғни туғаннан бастап дұрыс әрі нәрлі тәрбие бере білсек, құндағынан адал — өнегелі болып өскен әр сәби, әр бүлдіршін ертең елін ойлайтын саналы азамат болары сөзсіз.

Көп рақмет!