Байқау бөлімдері

«Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» жас жазба ақындар байқауы

Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» байқауына қош келдіңіздер.

Байқаудың мақсаты

  • Әдебиетті дамытуға ерекше үлес қосатын әдеби жанрдың өркен жаюына және дамуына ықпал ету.

  • Ана тілінде еркін, таза сөйлеп, әдеби тілде көркем ой білдіруге және жылдам жауап беруге дағдыландыру.

  • Жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету және ынталандыру.

  • Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухында және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  • Жас таланттардың шығармашылығын кеңейтіп, шеберлігін шыңдау және шығармаларын оқушылар арасында насихаттау.

Қатысушылар мен қазылар алқасы

Бүгінгі байқауға қатысушылар: ...

Бүгінгі жас ақындарымызға төрелік ететін қазылар алқасы: ...

Ескерту

Байқау — «жас жазба ақындар» шығармашылығын танытатын алаң. Әр бөлімде көркем тіл, ой дәлдігі және сахна мәдениеті бағаланады.

Байқау бөлімдері

1) Таныстыру

Қатысушы өзін өлеңмен таныстырады.

2) Жаныма жақын жырларым

Қатысушы өз шығармасын мәнерлеп, жатқа оқиды.

3) Таза ой мен көркем тіл

Берілген заттың пайдасы мен зияны туралы көркем тілде салмақты ой айтады.

Берілетін сөздер

  • тіл
  • компьютер
  • автомобиль
  • гүл
  • көп оқу
  • телефон
  • теледидар

4) Өрілген ұйқас, мәнді сөз

Берілген тіркеске сай осы жерде 4 тармақты өлең құрастырады.

Қатысушылар кеспе қағаздан біреуін таңдап, төрт жолға ойды түйіндеп береді.

Жүргізушілер сөзі

І жүргізуші

Ассалаумағалейкум, барша халық,

Қартқа құрмет, сыйлайтын жасқа шабыт.

Салты солай халқымның әуел бастан,

Бауырларша келіңдер, бас қосалық.

ІІ жүргізуші

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Қатысушылар ретімен өздерін таныстырып өтеді. Одан кейін «Жаныма жақын жырларым» бөлімінде көпшілікке өз өлеңдерін ұсынады.

Бөлімдерге кіріспе

І жүргізуші

Таза мінсіз асыл тас – су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз – ой түбінде жатады.

«Ой мен тіл айқындылығы» бөлімінде қатысушылар берілген заттың пайдасы мен зияны туралы көркем тілмен, салмақты пікір айтады.

ІІ жүргізуші

Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

«Өрілген ұйқас, мәнді сөз» бөлімінде жас ақындардың берілген тіркеске сай 4 тармақты өлеңді бірден құрастыра білуіне куә боласыздар.

Қорытынды сөз

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,

Оған да үкі тұмар тағылса да.

Жас ақын өнерінің барын салды,

Кей жерде қара сөзден жаңылса да.

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік!