Қобыланды батыр жыры

5-сыныпқа арналған сабақ жоспары

«Қобыланды батыр» жыры: кейіпкерлер бейнесін ашу

Бұл сабақта оқушылар эпикалық шығармадағы кейіпкер бейнесін портреті мен іс-әрекеті арқылы талдап, көркем тілдегі салыстыру мен қарама-қарсы суреттеулерді табуды үйренеді.

Оқу мақсаттары

  • Т/Ж3

    Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

  • А/И1

    Әдеби шығармадағы салыстыру мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырыптың негізгі мазмұнын меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Тақырыптың маңызын дәлел келтіріп түсіндіреді.

Кейбір оқушылар

  • Білімін сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс дереккөздерді пайдаланады.

Бағалау критерийі

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара отырып, ойын жүйелі жеткізеді.

Пәнаралық байланыс

  • Музыка
  • Қазақ тілі

Ресурстар мен әдіс-тәсілдер

Ресурстар

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар
  • Топтық тапсырмалар
  • Кері байланыс
  • Стикер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Түсіндіру
  • Ойын
  • Көрнекілік
  • Рефлексия

Алдыңғы тақырып: «Қобыланды батыр» жыры. «Алғашқы сын».

Сабақтың басталуы

Топқа бөлу

2 минут

Мұғалім себетке салынған кәмпиттерді ұсынады. Оқушылар себеттен бір-бірден кәмпит алып, кәмпит түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» биі арқылы жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Сабақтың ортасы

Білу және түсіну

10 минут

1. Батырлық туралы жырларда не бейнеленеді?

Жауап: Батырлық.

2. Қазақ батырлары қазақ елінің қандай ұлдары?

Жауап: Ең ардақты ұлдары.

3. Жырлар қандай сөзбен айтылады?

Жауап: Көркем сөзбен.

4. Батырлар жыры бізге қалай жеткен?

Жауап: Жатқа айту арқылы.

5. Қандай батырлар жырларын білесіңдер?

Жауап: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» және т.б.

Топтық тапсырмалар

  • Мәтін бөліктері топтарға таратылып, оқулықтағы тапсырмалар топ бойынша орындалады.
  • Үйде ізденуге берілген тақырыптардың орындалуы тексеріледі.
  • Оқушылар қосымша дереккөздерден тапқан мәліметтерімен топ ішінде пікір алмасады.

I топтың тақырыбы: Қобыланды батырдың тарихтағы орны

Қобыланды батыр (Қарақыпшақ Қобыланды) — аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы. Ол шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды.

Аңыз-әңгімелер мен жыр желісінде Қобыландының ірі қолбасшы ретінде талай шайқаста қол бастап, ел қорғау жолында ерлік көрсеткені баяндалады.

Тірек ұғым

Халық батыры

Кезең

XV ғасыр

Тегі

Қыпшақ (қарақыпшақ)

Назар аударатын бағыт

Кейіпкер бейнесін ашуда оның портреті, іс-әрекеті, сондай-ақ көркем тілдегі салыстыру мен қарама-қарсы суреттеулер маңызды рөл атқарады.