Қоян мынау балалардың жасаған сыйлығы

Оқу іс-әрекетінің барысы

Сабақ ойын түрінде өтеді: балалар ұзын құлақ қоянның «ғажайып сандығындағы» тапсырмаларды орындай отырып, қоянның бейнесін бөліктерден құрастырады. Әр дұрыс орындалған тапсырма қоянның бір мүшесін береді.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Тәрбиеші балаларға хат келгенін хабарлайды. Хатта қоян өз сандығын жібергенін, тапсырмаларды орындаса, қонаққа келетінін айтады. Балалар келісіп, сандықты ашады.

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер

Балалар күнделікті өмірден таныс заттарды санап, дұрыс жауап береді. Тапсырма орындалған соң қоянның басы құрастыруға беріледі.

  • Бағдаршамда неше көз бар?

  • Аспанда неше күн бар?

  • Жұлдыздың неше бұрышы болады?

  • Адамда неше көз бар?

  • Есікте неше бұрыш бар?

Нәтиже: тапсырма орындалды — қоянның басын орналастырамыз.

2-тапсырма: Алмаларды екі себетке бөліп сал

Екі себетке 5 алманы әртүрлі тәсілмен бөліп салып, кейін екі себеттегі алмаларды қосып, теңдік құрастырамыз. Дұрыс орындағаннан кейін қоянның денесі беріледі.

Мысал

3 + 2 = 5

Мысал

4 + 1 = 5

Мысал

2 + 3 = 5

Қоянға енді тағы қандай мүшелер жетіспейді? Балалар келесі тапсырмаға көшеді.

3-тапсырма: «Көршісін тап» ойыны

Ортаға бес бала шығып, сандарды суырып алады. Қалған балалар сандарды ретімен орналастырады, тура және кері санайды, сондай-ақ әр санның көршілерін табады. Бұл тапсырмадан кейін қоянның екі аяғы құрастырылады.

1–5 сандарына арналған тақпақтар

1

Достар мені бір дейді,

Қарайды да «бүй» дейді.

Мұқтажсың қол-аяққа,

Ұқсап тұрсың таяққа.

2

Мен екімін, балалар,

Екі деген баға бар.

Аз болған соң талабы,

Үлгіре алмай қалады.

3

Мен ғой үштің таңбасы,

Зейін қойып тыңдашы.

Екі қисық қосылған,

Үш жазылған осыдан.

4

Бірақ үшке ағамын,

Жақсымын бағаның.

Оқуға дос барғанда,

Риза мені алғанда.

5

Бір мен екіні алмаңдар,

Үшке алданып қалмаңдар.

Төрттік баға алғандар,

Мені ғана армандар.

Сергіту сәті

1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4 — алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып, сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып, біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай, орнымызды табайық.

4-тапсырма: Логикалық есептер

Балалар мәтінді мұқият тыңдап, есептің шартын талдайды және дұрыс жауапты табады. Тапсырма аяқталғанда қоянның екі қолы құрастырылып, бейне толық шығады.

Есеп 1

Мұз айдынындағы үш бала асыр салып жүр, сырғанап. Сырғанамай екі бала жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың санын айт.

Есеп 2

Үйге кірді Алдияр, оған қоса Мадияр. Кейін келді Айдана. Барлығы неше бала болды?

Есеп 3

Табақта төрт алма, қолымда бір алма. Барлығын қосқанда неше алма болады?

Шығармашылық жұмыс: Қоянға сыйлық дайындайық

Қоян келгенше балалар сыйлық әзірлейді: екі себеттің біреуіне сәбіздерді, екіншісіне гүлдерді жапсырады.

1-себет

Сәбіздерді жапсыру.

2-себет

Гүлдерді жапсыру.

Қоян қонаққа келеді

Қоян балалармен амандасып, ойын ала келгенін айтады.

Ойын: «Мен неге ұқсаймын?»

Мақсаты: аңдардың кейпін салып көрсету.

Тәрбиеші қоянға балалардың жасаған сыйлығын ұсынады.

Қорытынды

Балалар бүгінгі тапсырмалар ұнаған-ұнамағанын айтады. Қояннан «ризасың ба?» деп сұраймыз.

Соңында 1–5 сандары бойынша санамақ айтып, сабақты аяқтаймыз. Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Күтілетін нәтиже

  • Есте сақтау қабілеті артады.
  • 1–5 аралығында есеп шығара алады.
  • Тура және кері санауды меңгереді.
  • Берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.
  • Логикалық есептерді талдап, дұрыс шешім табады.