Қысқы жолда өлеңін мәнерлеп оқу

Пәні: Әдебиет (5-сынып)

Сабақтың тақырыбы

М. Жұмабаев — «Қысқы жолда»

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

М. Жұмабаевтың поэзиялық әлемімен таныстыру; өлеңнің тереңіне бойлату; сөз астары мен көркемдік қыр-сырына мән беруге үйрету; шығарманың идеясын түсініп, бағалай білуге баулу.

2) Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу; елжандылыққа тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

Оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді қолдануға үйрету; ойын еркін айтуға, өз пікірін қорғауға; анық әрі көркем тілмен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Мәнерлеп оқу
  • Әңгімелеу
  • Талдау

Көрнекілік

Ақынның портреті, тірек-сызбалар, иллюстрациялық суреттер.

Пәнаралық байланыс

Тіл Тарих География

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. 3 Зейінді сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау.
  • Өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.

III. Білімді тексеру

М. Жұмабаев шығармашылығы бойынша ізденіс жұмысы:

  • Мағжан кім?
  • Қандай шығармаларын білесіңдер?
  • Қай жерде білім алған?

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  1. 1 Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  2. 2 Сабақ мақсаттарын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  • «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • Түсінік беру.
  • Мәтінмен жұмыс.

VI. Түсінікті тексеру

Сатылай кешенді талдау

Өлең құрылысы

Атауы
«Қысқы жолда»
Шумақ саны
5
Тармақ саны
21
Бунақ саны
8
Буын өлшемі
7–8 буын
Ұйқас түрі
Аралас ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)

Көркемдегіш құралдар

Эпитет

«Құлағын қайшыландырып»

Кейіптеу

«Екі иінінен дем алып», «сақ-сақ күледі», «долданып», «кебін жамылып», «екі санын шапақтап»

Теңеу

«Аңдай ұлып»

Түсіндірме және идея

Қаракөк

Аттың аты.

Негізгі ой

Өлең табиғаттың қаталдығы адамға да, малға да қауіпті екенін аңғартады.

VII. Жаңа сабақты бекіту

1) Оқулықпен жұмыс

  • «Қысқы жолда» өлеңінде қай мезгіл суреттеледі?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс туралы тағы қандай ақындардың өлеңдерін білесіңдер?

2) Венн диаграммасы

Венн диаграммасы арқылы қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру.

Қыс

Белгілері мен ерекшеліктерін жазыңдар.

Жаз

Белгілері мен ерекшеліктерін жазыңдар.

Қысқаша қорытынды

Сабақ барысында оқушылар М. Жұмабаевтың «Қысқы жолда» өлеңін оқып, мазмұнын түсінеді, көркемдегіш құралдарды ажыратады және табиғаттың қатал мінезі туралы негізгі ойды талдау арқылы дәлелдейді.