Кітап сөзі
Сабақтың мақсаты
- «Елді қорғау» тақырыбын жан-жақты түсіндіру, мәтіннің негізгі ойын анықтау және тапсырмалар арқылы мазмұнын ашу; жаттығулар арқылы сөздік қорды байыту.
- Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуын практикалық жолмен меңгерту.
- Халық педагогикасына сүйене отырып, тілді сүю мен дәріптеуді күшейту; логикалық ойлауды дамыту және тіл мәдениетін жетілдіру.
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранын хормен орындаудан басталады.
Тіл дамыту сұрақтары
Қазір қай сабақ?
Қазір қазақ тілі сабағы.
Ұлтың кім?
Менің ұлтым: неміс, орыс, қазақ, татар т.б.
Жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
Күз айларын ата.
Қыркүйек, қазан, қараша.
Бүгін қазанның нешесі?
Бүгін қазанның он тоғызы.
Тақырыптық кіріспе
Қазақстан үшін маңызды бағыттардың бірі — елдің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы мақсаттар «Қазақстан–2030» стратегиялық бағдарламасында айқындалған. Сондықтан әрқайсымыз өз үлесімізді қосуға ұмтыламыз.
Қазақ тарихында «Елім!» деп еңіреген ерлер аз болмаған. Өйткені сендер — болашақ азаматтарсыңдар. Елбасының жарлығына сәйкес 21 тамыз бен 27 қыркүйек аралығы Тілдер мерекесі ретінде аталып өтеді.
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыдық. Бұл жолы үйге берілген екі өлеңді жатқа айтамыз.
«Қазақ тілі» — С. Өтеулиева
Қазақ тілім — саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім — ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырым, тілегім, бар арманым.
Өмір сырын ұқтырдың әр адамға,
Дедің тағы: «Шаттан, ойлан, адымда!»
«Ана тілі» — Қ. Мырзалиев
Ана тілің — біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің — біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Жаңа сөздер
әрбір сөзі
каждое слово
маржан
коралл
асыл
драгоценность
жырға қосып
в песнях поют
бар жан
все люди
ақыл-кеңес
советы
құрметтейді
уважают, ценят, почитают
кітап
книга
Оқу және сөйлеу әрекеттері
- Мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқу.
- Мағынасына байланысты аудару.
- Ситуациялық сөйлемдер құрастыру.
Жекеше түрі
Мынау кітап.
Кітап қайда жатыр? — Кітап партада жатыр.
Көпше түрі
Мыналар кітаптар.
Кітаптар қайда жатыр? — Кітаптар партада жатыр.
Жатыс септік
Сұрақ: неде? — кітапта. Мысал: Барлық білім кітапта.
Сабақ құрылымы: ойындар мен тапсырмалар
Сабақ құрылымы көрсетілген плакат бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіледі. Әр бөлім оқушылардың тілдік дағдыларын, танымын және ойлау жылдамдығын дамытуға бағытталған.
А) Жұмбақтар
1-жұмбақ
Әрбір сөзі — асыл, әрбір сөзі — маржан. Атын жырға қосып, құрметтейді бар жан.
Жауабы: кітап
2-жұмбақ
Тілі жоқ, ақыл-кеңес береді.
Жауабы: кітап
Б) «Кім білгіш?» сайысы
Бұл бөлім оқушылардың алғырлығы мен тапқырлығын, ойлау қабілетін байқатады: қазақ елінің оқымыстылары мен елін, жерін қорғаған тұлғаларды тану.
- Міржақып Дулатов кім?
- Ахмет Байтұрсынов кім?
- Мағжан Жұмабаев кім?
- Шәкәрім Құдайбердіұлы кім?
- Жүсіпбек Аймауытов кім?
В) Жаңылтпаш
Мәтін
Ұшқыш жақсы ма? Үш құс жақсы ма? Ұшқыш та жақсы, үш құс та жақсы.
- Мәнерлеп, дауыстап оқу.
- Есте сақтау мен тіл дамыту үшін бірнеше рет қайталау.
- Сөздікпен жұмыс: ұшқыш — летчик.
Сөйлем үлгілері: «Бұл ұшқыш. Ұшқыш қайда ұшады? — Ұшқыш әуеде ұшады. Бұлар ұшқыштар. Ұшқыштар қайда ұшады? — Ұшқыштар әуеде ұшады.»
Г) Мақал-мәтелдер
Өмір — үлкен мектеп.
Жизнь — самая лучшая школа.
Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
Жизнь — учитель мудрый.
Д) «Кім алғыр?» бөлімі
Қазақ тіліне тән дыбыстар
Қазақ тіліне тән 9 дыбыс бар: Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, І, Һ.
Ұлттық ойындар
Теңге алу, ақсүйек, орамал тастау, асық ойнау, тоғызқұмалақ. Оқушы бір ұлттық ойынды қысқаша әңгімелеп береді.
Өткен сабақпен байланыс: логикалық жіктеу
«Оқушы» сөзі
Жекеше
- Мен оқушымын.
- Сен оқушысың.
- Сіз оқушысыз.
- Ол оқушы.
Көпше
- Біз оқушымыз.
- Сендер оқушысыңдар.
- Сіздер оқушысыздар.
- Олар оқушылар.
«Батыр» сөзі
Жекеше
- Мен батырмын.
- Сен батырсың.
- Сіз батырсыз.
- Ол батыр.
Көпше
- Біз батырмыз.
- Сендер батырсыңдар.
- Сіздер батырсыздар.
- Олар батырлар.
Тамаша адамдар өмірінен
Елге қызмет еткен тұлғаларды тану — тілді құрметтеумен қатар жүреді. Төмендегі қысқаша мәліметтер оқушылардың тарихи-мәдени танымын кеңейтуге бағытталған.
Міржақып Дулатов
Қоғам қайраткері, ақын, тұңғыш романист. Торғай облысының (қазіргі Қостанай облысы) Сарықопа өңірінде туған.
Ахмет Байтұрсынов
Ірі ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, түрколог, әдебиет зерттеуші, ақын-аудармашы және талантты педагог. Торғай облысы, Торғай уезінде туған.
Мағжан Жұмабаев
Көрнекті ақын, аудармашы, ірі тұлға.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ғұлама ойшыл, ақын. Көптеген поэма мен өлең жазған.
Жүсіпбек Аймауытов
Белгілі ақын, аудармашы, драматург.
Талқылау сұрағы: «Ақын» деп кімді айтамыз?
Қорытынды
Сабақ соңында оқушылардың жұмысы бағаланады. Тақырыптың түйіні — елді қорғау тек шекараны қорғаумен шектелмейді: тілге құрмет көрсету, дұрыс сөйлеп-жазу, ұлттық құндылықтарды тану да — азаматтық жауапкершіліктің бір бөлігі.
Үй тапсырмасы
«Елді қорғау — тілді қорғау» тақырыбына эссе жазу.
Автор
Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы.