Тәрбиешілерің кім

Астана қаласы, №10 «Бөбек» балабақшасы

Қазақ тілі мұғалімі: Аяпбергенова Ботакөз Сағындықовна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлім

Қазақ тілі

Тақырыбы

«Тәуелсіз елім — туған жерім»

Мақсаты

  • Балалардың қазақ тілінде тәуелсіз ел, Отан, Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту.
  • Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге ынталандыру.
  • Туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар

Қазақстан картасы, Ақорда, Бәйтерек, Цирк, «Б» әрпіне қатысты суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар

Презентация, проектор, үлестірмелі материалдар.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Сұрақ-жауап Ойын Саяхат-сабақ

Сөздік жұмысы

Қазақша
Орысша
Елбасы / Президент
Президент
Рәміздер
Символика
Ту
Флаг
Елтаңба
Герб
Әнұран
Гимн
Тәуелсіздік
Независимость
Отан
Родина

Сабақтың барысы

Сабақ «Астанаға саяхат» форматында ұйымдастырылады: балалар сұрақтарға жауап береді, нысандармен танысады және ойын арқылы жаңа сөздерді бекітеді.

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Мұғалім:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Шаттық шеңберіне тұрайық.

Қайырлы таң, көк аспан,

Қайырлы таң, жер-ана.

Қайырлы таң, достарым,

Сәлем, сәлем, сәлем!

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше өтеді. Суретке назар аударайық: бұл — Қазақстан картасы. Мұғалім карта арқылы қысқаша түсіндіру жүргізеді.

Сұрақтар

  • Біз қай елде тұрамыз?
  • Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
  • Біз қай қалада тұрамыз?

Саяхатқа дайындық

Енді Астана қаласына саяхатқа шығамыз. Қалай барамыз? Автобуспен.

Автобусты кім жүргізеді?

Танысу (автобус ішінде)

Сұрақ

Сенің атың кім?

Сұрақ

Жасың нешеде?

Сұрақ

Тәрбиешілерің кім?

Сұрақ

Топтарың қалай аталады?

Бақылау:

Терезеден қараңдаршы, нені көріп тұрмыз? Тәуелсіздік монументі.

1-аялдама: Ақорда

Сұрақ-жауап

  • Ақордада кім отырады?
  • Президент кім?
  • Мемлекеттік рәміздерді ата.

Туды сипаттау

Балалар мемлекеттік тудың түсін, ою-өрнегін және күн мен қыран бейнесін атап сипаттайды.

Ту Елтаңба Әнұран

Мұғалім: «Өте жақсы! Енді автобусқа мінейік, келесі аялдамаға жол тартамыз».

2-аялдама: Бәйтерек

Шығармашылық тапсырма

Балалар мақал-мәтелдер мен тақпақтар айтады (Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы).

Ойын: «Асық ату»

Шарты: асықтарды шеңберге қатар-қатар етіп тіземіз. Кім асықты шеңберден шығара алса, сол бала жеңеді.

Мұғалім: «Жарайсыңдар! Енді автобусқа мінейік. Келесі аялдама — Цирк».

3-аялдама: Цирк

Ойын: «Кім алғыр?» (доппен)

Мұғалім допты лақтырады, бала сөзді айтып қайтарады немесе аудармасын табады.

Сөз

Президент

Сөз

Рәміздер

Сөз

Ту

Сөз

Елтаңба

Сөз

Әнұран

Сөз

Тәуелсіздік

Сөз

Отан

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп,

Бір отбасы болайық.

Қорытынды сұрақ

Астанада не бар?

Балалар қаладағы көрікті жерлерді атап, өз ойларымен бөліседі.