Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялын шыңдау
Сабақтың қысқаша паспорты
- Білім беру саласы
- Таным
- Бөлімі
- Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
- Тақырыбы
- Күзгі орман
- Мақсаты
- Балаларды санауға жаттықтыру; геометриялық пішіндер туралы білім деңгейін анықтау. Ғажайып саяхат арқылы қиялын дамыту. Қисынды есептер шығарту арқылы логикалық ойлау қабілетін шыңдау, тапқырлығын арттыру. Әдептілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Саяхат
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Ойындар
Көрнекілігі
- Геометриялық пішіндер
- Орман көрінісі, үйшіктер
- Ленталар
- Ертегі кейіпкерлері
- Үнтаспа
Шаттық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Күнге қанат қағамыз.
Әлемдегі барлық адамға
Тек жақсылық тілейміз.
Тәрбиеші: Балалар, сендер серуендегенді ұнатасыңдар ма?
Балалар: Иә, ұнатамыз.
Тәрбиеші: Онда бүгін орманға саяхатқа шығамыз. Мен жыл мезгілінің ерекшелігін сипаттаймын, сендер қай мезгіл екенін табыңдар.
Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай, денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күзде болады.
Тәрбиеші: Күз мезгілінің айларын атаңдар.
Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.
Ертегі кейіпкері қосылады
Қызыл телпек (музыкамен)Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Тәрбиеші: Балалар, бұл кім? Қай ертегінің кейіпкері?
Балалар: Қызыл телпек.
Қызыл телпек: Дұрыс айтасыңдар, мен Қызыл телпекпін. Сендер қайда бара жатырсыңдар?
Тәрбиеші: Біз орманға саяхатқа шыққалы жатырмыз.
Қызыл телпек: Керемет! Маған серік болыңдаршы. Анам сүйікті әжеме бәліш апарып бер деді. Орманда қасқыр бар дейді, мен қасқырдан қорқамын.
Тәрбиеші: Балалар, онда Қызыл телпекті әжесінің үйіне дейін бірге жеткізіп салайық.
Қызыл телпек: Алақай! Әжем қатты қуанады.
Негізгі идея
Саяхат барысында балалар санау, салыстыру, пішіндерді тану және логикалық тапсырмаларды орындау арқылы білімін бекітеді.
Орман жолындағы тапсырмалар
1) Қоянға көмектесу: үй құрастыру
Геометриялық пішіндерТәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, мұнда қоян жүр. Өзі сондай көңілсіз... Қоян, саған не болды?
Қоян: Бізді түлкі үйімізден қуып шықты. Енді тұратын жеріміз жоқ.
Тәрбиеші: Ендеше не істейміз?
Балалар: Қояндарға үй салып беруіміз керек.
Үйді қандай пішіндерден құрамыз?
Қабырғасы
Төртбұрыш
Төбесі
Үшбұрыш
Терезесі
Дөңгелек / төртбұрыш
Нәтиже: балалар пішіндерді сәйкестендіріп, әдемі үй құрастырады.
Қоян: Рахмет, балалар! Көп көмектестіңдер.
Тәрбиеші: Қоян, Қызыл телпектің әжесінің үйі қай жақта екенін көрсетесің бе?
Қоян: Үй орманның шетінде.
Сұрақ
Қоян қайда мекендейді?
Орманда.
Сұрақ
Немен қоректенеді?
Шөппен, сәбізбен.
2) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысСұр қоян қасқырдың ізін көреді.
3) Қасқырдың тапсырмасы: ұзын-қысқаны салыстыру
СалыстыруҚасқыр: Қызыл телпек, сұлу қыз! Қайда барасың?
Қызыл телпек: Әжеме барамын.
Қасқыр: Мен сені жібермеймін. Әуелі менің тапсырмамды орындаңдар!
Қызыл телпек: Балалар, маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Тапсырма
Ленталардың ұзындығы әртүрлі. Қай лента ұзын, қайсысы қысқа?
Ұзын
Қызыл лента
Қысқа
Жасыл лента
Қасқыр: Дұрыс! Жарайсыңдар.
Санамақ
Бір дегенім – бесік,
Шықтым одан өсіп.
Екі дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артқан жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Қасқыр: Жарайсыңдар, балалар. Жолдарың болсын!
4) Аюға көмектесу: есептер шығару
Қосу және азайтуТәрбиеші: Біреу жылап отыр. Бұл кім екен?
Балалар: Бұл қорбаңбай аю.
Тәрбиеші: Не болды саған, қорбаңбай аю?
Аю: Достарым тұрған үйшікті байқамай сындырып алдым. Енді жаңасын сала алмай отырмын.
Есептер
- 1 + 2 = 3
- 1 + 1 = 2
- 3 − 2 = 1
Аю: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет!
5) Дидактикалық ойын: «Соқыр теке»
Сезу арқылы анықтауМақсаты: балаларға пішіндерді қолымен сипап, сезу арқылы анықтатуға үйрету.
Соқыр теке, бақ-бақ,
Біз айтамыз тақпақ.
Мықты болсаң, қанекей,
Пішіндерді тап-тап.
Әженің үйі: қорытынды бөлім
Міне, балалар, әженің үйіне де келдік. Әжей сыртқа шығады.
Әжей: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қалайсың, Қызыл телпегім? Сендерді көргеніме қуаныштымын. Немеремді аман-есен жеткізіп салғандарыңа рахмет.
Тәрбиеші: Енді балабақшамызға қайтайық. Сендерге саяхат ұнады ма? Не көрдіңдер? Қандай жануарларға көмектестік?
Балалар: (Балалардың жауаптары.)
Тәрбиеші: Сендер өте тамаша балаларсыңдар! Көңілдеріңнен күлкі кетпесін деп, қуаныш сыйлаймын.