XXІ ғасыр жас технологі Құрметті ұстаздар мен оқушылар
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«XXI ғасыр жас технологі» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысымызға оқушылар арасындағы алғырлар мен білімділер жиналып отыр. Ортаға болашақ жас технологтарды шақырамыз.
Енді әділ қазылар алқасын сайлап алайық (алқа үш адамнан тұрады). 8–9–10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған сайыс сабағымызға алты қатысушы қатысады. Алдымен әр оқушы өзін қысқаша таныстырады.
Сайыс бөлімдері
- 1 Бәйге
- 2 Тіл өнері
- 3 Жеті жұмбақ
- 4 Жорға
Қатысушыларға сәттілік!
Күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ осы қасиеттермен қатар адамға шапшаңдық та өте қажет.
«Бәйге» кезеңі: ереже және бағалау
Бұл кезеңнің басты талабы — жауаптың нақты әрі тез болуы. Қай оқушы бірінші болып алдындағы түймені басып, белгі берсе, сол жауап береді.
- Егер жауап дұрыс болмаса, «келесі оқушы» деген белгі берілгеннен кейін түймені бірінші басқан қатысушы жауап береді.
- Барлығы 16 сұрақ қойылады.
- Бағалау: 10 ұпайлық жүйе.
Сұрақтар (16)
1. Жасайтын нәрселердің түпкі нұсқасын ойша бейнелеу
Эскиз2. Кереге мен шаңырақты бір-бірімен ұштастырып тұратын киіз үй бөлігі
Уық3. Мақта қай талшыққа жатады?
Табиғи4. Саз балшықтан немесе алуан тастардан сомдау арқылы жасалған нәрсе
Мүсін5. Өлшемнің неше есе үлкейтілгенін немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер
Масштаб6. Қазақстанда мақта өсетін аймақ
Оңтүстік Қазақстан7. Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады?
Санитарлық, аспаздық, дәрігерлік8. Құрақ қандай фигуралардан тұрады?
Геометриялық9. «Ою-өрнек» латынша қандай мағына береді?
Біріктіру, жапсыру10. Ресейде тігін машинасын шығаратын қандай зауыт бар?
Подольск механикалық зауыты11. «Мода» сөзінің аудармасы
Сән12. Ақ киізден тігілетін жаздық баскиім
Айырқалпақ13. Этникалық стильге жататын киім
Ұлттық киім14. Қалыңдық киетін баскиім
Сәукеле15. Ылғалды-жылумен өңдейтін, күнделікті тұрмыста қолданылатын зат
Үтік16. Қалдық матадан не істеуге болады?
ҚұрақМіне, көзді ашып-жұмғанша «Бәйге» кезеңі де аяқталды.