Сабақты бекіту. Сабақты қорыту
Семей қаласы №28 жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Туреханова Бақыт Бақтығазиновна
Сабақ тақырыбы
Үй жануарлары
Сабақ түрі
Жарыс сабақ
Білімдік мақсат
Етістікті, оның сөйлемдегі орнын, тұйық етістіктің жасалуы мен септелуін меңгеру дағдысын қалыптастыру және байқау.
Дамытушылық мақсат
Сөздік қорды кеңейту арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Мәдениеттілікке тәрбиелеу, үй жануарларын аялауға шақыру.
Әдістер
Сұрақ-жауап, талдау
Көрнекіліктер
Суреттер, қима қағаздар, ойын құралдары
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Негізгі өзек
Етістік және тұйық етістік
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Фонетикалық жаттығу
Қызық екен ауылда,
Тойдым әбден қауынға.
Жедім құртты, майды да,
Көрдім құлын тайды да!
А) «Қызық», «әбден», «құртты», «көрдім» сөздеріндегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
Ә) Сөздерді буынға бөл.
Тіл дамыту сәті
Бұрынғы заманда жануарлар жыл басы болуға таласады. Сонда жылқы: «Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма дейін арқан-жіп еседі. Адамға менен басқа пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын», — дейді.
Түйе: «Сен адамның жұмысын істеп, сұлы-шөп жейтін тамағың үшін құл болдың. Ал мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа-сұлы сұрамаймын: көде болса — көде, жусан болса — жусан, кезіккенін қорек етемін. Су табылса ішемін, табылмаса шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық», — дейді.
Сиыр: «Адам егін ексе, менімен егеді; сүтімді ішеді, құрт-май жасайды. Жыл басы маған лайық», — дейді.
Қой: «Мен болмаса, қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан-жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады. Шаруаға менен пайдалысың жоқ», — дейді.
Ит болса: «…» — дейді.
Әңгіме бойынша сұрақтар
- •Жануарлар не істейді?
- •Түйе не деді?
- •Сиыр не айтты?
- •Қой не деді?
- •Ал ит не деп айтуы мүмкін? Неге?
2) Жаңа сабақ
Балалар, біз бірнеше сабақ бойы «Үй жануарлары» тақырыбын өтіп келеміз. Етістіктің не екенін білдік. Бүгін осы білімнің барлығын бекітеміз.
Ойын: топтық саяхат
Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Біз топ-топ болып ауылдарға «саяхатқа» шығамыз: Кеңтарлау ауылы, Салқын-төбе ауылы, Сұлу-сары ауылы.
Кеңтарлау ауылы
- «Құлындайды» етістігін тұйық етістікке айналдыр. Септе.
- Жылқы туралы әңгіме құра.
- Жылқыдан алынатын өнімдерді ата.
Салқын-төбе ауылы
- «Боталайды» етістігін тұйық етістікке айналдыр. Септе.
- Түйе туралы әңгімеле.
- Түйеден алынатын өнімдерді ата.
Сұлу-сары ауылы
- «Қоздайды» сөзін тұйық етістікке айналдыр. Септе.
- Қой туралы әңгімеле.
- Жүннен не жасалатынын айт.
«Тап-тап» ойыны
Тақтада шумақ өлеңдер жазылады. Әр шумақ қай төлді шақыратынын табыңдар.
1-шумақ
Ертеменен айқайлап,
Қайда екен деп ақылдым.
«Аухау-аухау-аухаулап»,
Қай төлді мен шақырдым?
2-шумақ
«Пұшайт-пұшайт-пұшайт» деп,
Қай төлді мен шақырдым?
3-шумақ
Шұнтындаған неме деп,
Қойса жақсы келелеп,
«Шөре-шөре-шөрелеп» деп,
Қай төлді мен шақырдым?
4-шумақ
«Көс-көс, жаным, көс-көс» деп,
Қай төлді мен шақырдым?
Балалар жауап бергеннен кейін мұғалім жануарлардың суреттерін көрсетеді.
Суретпен жұмыс
Үй құстары, ит, мысық суреттері әр топқа таратылып, сол бойынша әңгіме құрастырылады.
Мәтінмен жұмыс
Қазақ халқы ертеден малмен тығыз байланыста өмір сүрген. Мал күтуді қасиетті іс деп білген. Мал шаруашылығында қойшы, сиыршы, түйеші, жылқышы, сауыншы сияқты мамандар еңбек етеді. Төрт түліктен жүн, тері, ет, сүт алынады. Малмен байланысты қазақтың ұлттық ойындары, әндері, күйлері, билері, дәстүрлері бар. Мал шаруашылығы қазақ халқының мәдениетіне зор ықпал еткен.
А) Мәтінді мәнерлеп оқы.
Ә) Синонимдерді тап
- • Ертеден — бұрыннан, баяғыдан
- • Әсер еткен — ықпал жасаған
3) Сабақты бекіту
Төрт түлік және олардың пайдасы туралы жұппен немесе топпен өзара сөйлесіңдер.
Оқушылардың білімін және белсенділігін бағалау.
4) Сабақты қорыту
«Төрт түлік — ырыс. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деп бекер айтылмаған. Мінсе — көлік, ішсе — сусын, жесе — ас болған төрт түліктің пайдасы көп.
Үй тапсырмасы
Ертегіні толық оқып, мазмұндау. (Мұғалім дайын ертегілерді таратады.)