Қазақстанның өзендеріСабақтың мақсаты:Білімділік
Сабақтың тақырыбы
Қазақстанның өзендері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақстанның өзендері, өзендердің қоректенуі мен режимі туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Физикалық карта және тапсырмалар арқылы өзендерге толық сипаттама беруді дамыту.
Тәрбиелік
Суды ұқыпты пайдалануға және ішкі суларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелесу, сұхбат құру
- Ой тастау
- Тапсырмалар орындау
- Интерактивті тақтамен жұмыс
Көрнекіліктер
- Қазақстанның физикалық картасы
- Қосымша әдебиеттер
- Суреттер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу, келмеген оқушыларды белгілеу.
2) Мақсат қою кезеңі
Ой қозғау
Су — пәктік кепілі, денсаулықтың,
О, басты тіршілік боп судан шықтың.
Бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхиттардың
Молдықтан қасиетін келмейді ұққың.
Бомбаңды терең суда сынауың бар,
Сынаған сайын жаным тым ауырар.
Адамдар, әрқашан жадыңда ұста —
«Судың да сұрауы бар», — дейді қазақ.
Осы ойға сүйене отырып, судың қадірін әр адам білуі тиіс. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, оны тіршілік нәрі деп түсінген. Бүгін біз ішкі сулардың, соның ішінде өзендердің ерекшеліктері туралы толық мағлұмат аламыз.
3) Материалды түсіндіру кезеңі
Негізгі ұғымдар
Өзен — арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су ағыны.
Өзен жүйесі — негізгі өзен мен оның салаларының жиынтығы.
Өзен алабы — беткі сулары бір өзенге келіп қосылатын құрлық аумағы.
Өзендердің қоректенуі
- Жаңбыр суы
- Еріген қар мен мұз суы
- Жер асты сулары
Қазақстан өзендерінің алаптарға бөлінуі
Қазақстанның өзендері негізінен екі ірі алапқа бөлінеді: Солтүстік Мұзды мұхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы.
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мыңға жуық өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің ұзындығы 1000 км-ден асады.
Ірі өзендер
- Ертіс
- Тобыл
- Есіл
- Жайық
- Сырдария
- Іле
- Шу
Өзен жүйесінің ерекшеліктері
- Өзендердің жасы әртүрлі.
- Еліміз аумағында таралуы біркелкі емес.
1) Солтүстік Мұзды мұхит алабы
Негізгі өзендер: Ертіс, Есіл, Тобыл (және олардың салалары).
2) Ішкі тұйық алап өзендері
А) Каспий теңізі алабы
Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл және т.б.
Ә) Арал теңізі алабы
Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.
Б) Балқаш–Алакөл алабы
Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
Су шығыны және жылдық ағын
Өзеннің су шығыны — өзеннің су қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері.
Жылдық ағын — өзеннің бір жыл бойына ағып шыққан су шығыны.
Қазақстандағы ең суы мол өзен — Ертіс.
Өзендердің қоректенуі мен режимі
Қазақстан өзендерінің негізгі қоректену көзі — қар суы, сонымен бірге жаңбыр суы да маңызды рөл атқарады.
Қар суымен қоректенетін өзендер
Нұра, Жайық, Сағыз және т.б.
Биік таулы өзендер
Қар суымен қатар мұздықтармен де қоректенеді. Мысалы: Сырдария, Іле, Қаратал, Ертіс.