Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы түсінік беру

Сабақ №12 (Қазақстан тарихы, 5-сынып)

Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 5 Бөлім: §12

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы.

Жоспары

  • Білім стандарты және пән бағдарламасы талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу.

  • Оқулық: «Қазақстан тарихынан әңгімелер» (5-сынып). Авторлар: Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.

  • Интернет-материалдарды тиімді қолдану.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Жалпы мақсаты

Қазақ халқының этникалық негізінің қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылу алғышарттары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.

Міндеттері

  1. «Этнос», «алаш», «қазақ» ұғымдарын түсіндіру, сондай-ақ Қазақ елінің жеке халық болып қалыптасуына негіз болған тайпалардың ұлттық, этникалық және антропологиялық сипаттарын таныстыру.
  2. «Этнос» пен «халық» ұғымдарын ажырата білуге үйрету және ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіндіру.
  3. Топтасып жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тапсырмалар және жұмыс түрлері

Wiki материалдары

Тақырыпқа қатысты қысқаша деректер мен анықтамаларды қарастыру.

Ойталқы

Ұғымдарға қатысты пікір алмасу, дәлел келтіру.

Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс: негізгі ойды анықтау, сұрақтарға жауап беру.

Жұптық және жеке жұмыс

Кесте толтыру және деңгейлік тапсырмалар орындау.

Сабақ барысы: мұғалімнің жазбалары

I. Ұйымдастыру

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2 минут

Тарихи қала атаулары арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.

2 минут

II. Үй тапсырмасы

Жұптық жұмыс: болған оқиғаларды сәйкестендір.

Жыл Оқиға (сәйкестендіру)
1 1218 ж. а) Моңғолдар Отырарды басып алды.
2 1219 ж. ә) Шыңғысхан әскерін Жетісу өңіріне аттандырды.
3 1220 ж. б) Моңғол ханы 150 мыңға жуық әскерін Отырарға аттандырды.

Қосымша: «Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбы бойынша материалдарды жүктеу, сондай-ақ «Тарих туралы түсінік. Қазақстан тарихының кезеңдері» (қысқа мерзімді жоспар) толық нұсқасын қарау.