Оқушылардың бір - бірімен ұлттық амандасуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы
Сабақтың тақырыбы
«Жиырма тиын»
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
2) Дамытушылық
Оқу дағдыларын және есте сақтау қабілетін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын, тіл байлығын молайту.
3) Тәрбиелік
Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, айтқанды тыңдауға, қамқор әрі жанашыр болуға тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Көрнекілігі
- Оқулық
- Бор
- Интерактивті тақта
- Автордың суреті
- Мақал-мәтелдер
Сабақтың сипаттамасы
- Түрі: аралас
- Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
- Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың бір-бірімен ұлттық амандасуы.
- Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарының толық болуын қадағалау.
- Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
М. Әлімбаевтың «Не жомарт? Кім жомарт?» өлеңін жатқа сұрау. Тақырыпқа сай мақал жаттау және қосымша сұрақтар қою.
Мақал:
«Сараңда бар болса да — жоқ, жомартта жоқ болса да — тоқ.»
Жомарттық — уәдені орындау, әділ сөйлеу, қайырымдылық жасау.
III. Өткен сабақты қорытындылау
Тірек сөздер:
Ана, ұстаз, батыр, жер, күн.
Ситуациялық сұрақ:
Үзілісте буфетте өзіңді қалай ұстау керек?
IV. Жаңа сабақ
Сабақтың басталуы: математикалық жұмбақ
- 10 + 10 = ? (20)
- Өткен жылы бүкіл қазақ халқы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? (20 жылдығын)
Осылайша бүгінгі тақырыбымыз «Жиырма тиын» деп аталады.
Қазір біз «тиыннан» гөрі «теңге» деп жиі айтамыз. Егемендік алғаннан кейін, 1993 жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға енді.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу және мағынасын түсіндіру
- «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.»
- «Жүз сом ақшаң болғанша, … (жалғасын оқушылар табады)
Жәнібек Кәрбозин туралы
Жәнібек Кәрбозин — ақын. 1933 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Балаларға арналған пьесалары: «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» және т.б. Өлең жинақтары: «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары».
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалімнің оқып беруі, мазмұнын оқушылармен бірге түсіну және талдау.
- Сөздік жұмыс: «милығына» сөзінің мағынасын ашу.
- Сергіту сәті: «Кім үлкенді тыңдаса…»
- Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
- Мәтінді оқушыларға кезекпен оқыту.
- Ойын: «Сырлы сандық».
V. Қорытынды
Қорытынды ой
«Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді.»
Сондықтан адам болам десеңіз, мына қасиеттердің қайсысына жақын, қайсысынан аулақ болу керектігін талқылаймыз.
VI. Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқу.
- Мазмұнын айтуға дайындалу.
- Мақалды жаттау.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсініп оқуы, сұрақтарға жауап беруі және белсенділігі ескеріле отырып бағаланады.