Ұлы Жібек жолы командасына сұрақтар
Ойынның мақсаты мен тәрбиелік мәні
- Білімді кеңейту: оқушылардың табиғат туралы білімін тереңдету, дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын арттыру.
- Ізденімпаздыққа баулу: ойлау мәдениетін дамыту, өз пікірін жүйелі әрі сыпайы жеткізе білуге үйрету.
- Тәрбиелік бағыт: табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу; туған халқына, Отанына және оның тарихи тағдырына құрмет сезімін қалыптастыру.
- Патриоттық тәрбие: тәуелсіз ел құндылықтарын ұғындыру, отансүйгіштік рухты күшейту.
Форматы
- Түрі
- Сайыс сабақ
- Қатысушылар
- «Атамекен» үйірмесінің мүшелері
- Командалар
- «Ұлы Жібек жолы» және «Ұлы дала»
- Жүргізуші
- 10 «А» сынып оқушысы — Әбиев Ернар
Көрнекілік және пәнаралық байланыс
Көрнекілігі
Қазақстанның физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы, атлас, карточкалар, слайдтар, қоржын.
Пәнаралық байланыс
Тарих, математика, музыка, қазақ тілі.
Ұйымдастыру бөлімі
«Асыл тастан, өнер жастан шығады» деген халық сөзі әрдайым нанымды. Осы ұстаныммен әділқазылар алқасы құрылып, сайыстың бағалау тәртібі таныстырылады.
Әділқазылар алқасы
- Маңғыбаева Анар — география пәні мұғалімі
- Севепова Мөлдір — математика пәні мұғалімі
- Қосмұратова Айнұр — жаратылыстану-математика бағыты пәндері бірлестігінің жетекшісі
Жүргізушінің кіріспе сөзі (қысқартылып, өңделген)
Құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің жас ұрпағы! Сан ғасыр бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке Қазақстан 1991 жылғы 16 желтоқсанда қол жеткізді. Бүгінгі сайыс — ел қадір-қасиетін ұғындырып, туған жер табиғаты мен тарихына деген құрметті арттыруға бағытталған тарихи-танымдық ойын.
Сайыс басталар алдында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Одан кейін әділқазылармен танысып, кезеңдерге көшеміз.
Сайыс кезеңдері
1-тур. Таныстыру
Командалар атауы, ұраны және құрамы таныстырылады.
2-тур. «Қанат қақты»
Әр команда 10 сұраққа мүмкіндігінше жылдам жауап береді.
3-тур. «Самғау»
Ұпайы көп команда бастайды. Әр командаға 2 сұрақ беріледі, әр сұраққа 30 секунд. Жауап табылмаса, қосымша көмек ұсынылады.
4-тур. «Шарықтау»
Жанкүйерлер сайысы.
5-тур. «Шырқау»
Топтарға нөмірленген карточкалар беріледі.
6-тур. «Жерұйық»
Картамен жұмыс.
7-тур. Капитандар сайысы
Команда капитандары білім мен тапқырлық бойынша сынға түседі.
Түйін ой: «Білім — биік шың. Ол бақытқа жеткізер ақылшың, қиындықтан өткізер жолбасшың».
2-тур сұрақтары: «Қанат қақты»
«Ұлы Жібек жолы» командасы
- Қазақстан Республикасының 1920 жылы болған астанасы? (Орынбор)
- Қазақтың ұсақ шоқылы аймағы? (Сарыарқа)
- Қазақстанда жауын-шашын ең көп түсетін жер? (Батыс Алтай, 1500 мм)
- Хромит қорының 99%-ы Қазақстанның қай тауында кездеседі? (Мұғалжар)
- Қазақстан қандай елдермен серіктес? (Ресей, Қытай)
- Қазіргі таңда дүние жүзіндегі қазақтардың жалпы саны? (15,5 млн-нан астам)
- Антропогендік жолмен қатты ластанған теңіз? (Арал)
- Қазақстанның ірі су айдыны? (Каспий теңізі)
- Маңғыстау облысы қашан құрылды? (1973 ж., 20 наурыз)
- Семей өңірінде көпір салуға қомақты қаржы бөлген мемлекет? (Жапония)
«Ұлы дала» командасы
- Қазақстан Республикасының 1997 жылға дейінгі астанасы? (Алматы)
- Қазақстан аумағына қандай жазықтар кіреді? (Тұран, Батыс Сібір, Шығыс Еуропа)
- Маңғыстау облысында орналасқан қорық? (Үстірт қорығы, 1984 ж.)
- Қазақстан нешінші сағаттық белдеуде жатыр? (4–5-ші)
- Бір өзеннің бойында бірнеше СЭС салынған. Бұл қай өзен? (Ертіс)
- Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел? (Түркия)
- ЭКСПО-2017 қай қалада өтті және тақырыбы қандай болды? (Астана, «Болашақтың энергиясы»)
- Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? (Қоңыржай белдеу, континенттік)
- Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
- АЭС қай қалада орналасқан? (Ақтау)
Бұл кезеңнен кейін әділқазылар ұпайды белгілеп, келесі турға өтеді.
3-тур сұрақтары: «Самғау»
Көп ұпай жинаған команда бастайды. Әр командаға 2 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа жауап беру уақыты — 30 секунд. Жауап табылмаса, қосымша көмек ұсынылады.
1-командаға сұрақтар
-
Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті, өмір жолын Қазақстан экономикасының дамуымен тығыз байланыстырған ғалым.
Жауабы: Қ. И. Сәтбаев
Қосымша көмек: Ол ашқан кен орындарынан қорытылған мыс дүниежүзілік стандарт деп есептеледі.
-
Бұл тауға Қаратаудың батыс және шығыс жоталары мен Ақтау тау тізбектері кіреді. Бұл қандай тау?
Жауабы: Маңғыстау таулары (ең биік жері — Бесшоқы, 556 м)
Қосымша көмек: Осы таулардың оңтүстігінде ТМД-дағы ең төмен нүкте — Қарақия ойысы (−132 м) орналасқан.
2-командаға сұрақтар
-
Өткен ғасырдың ортасына дейін сауда маңызын сақтаған, бүгінде тарихи-мәдени орталық саналатын, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан көне қала қалай аталады?
Жауабы: Түркістан
Қосымша көмек: Бұл — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі қала.
-
Орта Азияның солтүстік-батысы мен Қазақстанның оңтүстік-батысында кең аумақты алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі кіреді. Бұл қандай ойпат?
Жауабы: Тұран ойпаты
Дереккөз және авторлық мәлімет
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы, Боранқұл орта мектебі ММ.
География пәні мұғалімі: Бөлебаева Лаззат Сауирбаевна.