Балалар сендер алма ағашын нелермен боядыңдар
Маңғыстау облысы · Қарақия ауданы · Құрық ауылы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасы · Тәрбиеші: Жадырасын Джумагазиева
Тақырып: «Жомарт күздің жемістері»
Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін таныстырып, жемістер мен көкөністер туралы білімін кеңейтуге, зерттеу жасауға, ойнап-үйренуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған.
Мақсаттар
- Білімділік
- Күзгі табиғат құбылыстары туралы түсінік беру; жемістер туралы білімін кеңейту; ойынға қызығушылығын арттыру.
- Дамытушылық
- Ойлау, есте сақтау, танымдық белсенділікті дамыту; өз ойын анық, нақты, жүйелі жеткізуге үйрету; өздігінен еңбек ету дағдысын арттыру.
- Тәрбиелік
- Топпен жұмыс істеуге, өзара көмектесуге тәрбиелеу; өз пікірін айтып, өзгелерді тыңдауға; еңбекқорлыққа және өзгенің еңбегін бағалауға баулу.
Жаңа сөздер (3 тілде)
- apple — яблоко — алма
- pear — груша — алмұрт
- carrot — морковь — сәбіз
- cucumbers — огурцы — қияр
- grapes — виноград — жүзім
Қажетті материалдар
Көрнекіліктер
Дидактикалық ойындар; жемістер мен көкөністер суреттері; орталықтарға арналған текшелер мен киімдер; ноутбук; дидактикалық материалдар.
Ойын орталығы
Алма, алмұрт, банан, апельсин, йогурт, таразы.
Ғылым орталығы
Екі түрлі алма, шырын езгіші, апельсин. Алдын ала жұмыс: алмаға шеге қадау тәжірибесі.
Өнер орталығы
Жемістер мен көкөністер муляжы; әр балаға жеке майшам, альбом беті, түрлі түсті қарындаштар, көк акварель бояуы, қол сүртетін шүберек.
«Шаттық шеңбері»
Алақанды ашайық,
Күн нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Жиналған жылу шуақтарды,
Қонақтарға шашайық.
Сабақтың құрылымы: орталықтар бойынша жұмыс
Сабақ басында балалар күз мезгілі туралы әңгімелесіп, «күзде жаңбыр жауады, салқын болады, жемістер мен көкөністер піседі» деген негізгі белгілерді қайталайды. Содан кейін өз қалауы бойынша орталықтарға бөлінеді: Көркем әдебиет, Ғылым, Ойын, Өнер.
Ғылым орталығы: алманы зерттеу
ТәжірибеБалалар күзде пісетін жемістер мен көкөністерді атайды: алма, алмұрт, өрік, картоп, пияз, қарбыз, қызанақ, қияр. Тәрбиеші жемістердің денсаулыққа пайдасын түсіндіріп, еңбекпен келетінін еске салады: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».
Жұмбақ
Әрі қызыл, әрі тәтті, жеген жанды таңырқатты.
Жауабы: алма
Тәжірибе: «Алма неге қарайады?»
- Алдыңғы сабақта алмаға шеге қағылған болатын.
- Шегелерді алып тастағанда алманың түсі өзгеріп, қарайғаны байқалады.
- Тәрбиеші алманың құрамында темір, сондай-ақ A, C, E дәрумендері барын айтады.
A дәрумені ағзаның өсуі мен дамуына ықпал етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі.
Шырын дайындау
Балалар езгіш арқылы алдымен алма шырынын, кейін алма, алмұрт, банан, апельсин қосып мультидәруменді шырын дайындайды. Дәмін салыстырып, тәтті және қышқыл ерекшелігін ажыратады.
Дидактикалық ойын: «Дәміне қарай ажырат»
Мақсаты: жемістердің атауын атап, қышқыл және тәтті дәмдерін ажырата білуге үйрету.
Ойын орталығы: рөлдік ойын және жеміс салаты
Сюжетті-рөлдік ойынБалалар күзде жемістер мен көкөністер пісетінін, олардың бау-бақшада өсетінін қайталайды. Одан кейін «Отбасы» және «Дүкенші» рөлдеріне бөлініп, сатып алу-сату, таңдауға көмектесу, сыпайы сөйлесу дағдыларын ойын арқылы бекітеді.
Практикалық бөлім
Тәрбиеші балалармен бірге жемістерден дәмді салат дайындауды ұйымдастырады.
- Жемістерді қайдан алғанын айту.
- Жемістерден қандай тағам жасағанын қорытындылау.
Көркем әдебиет орталығы: үш тілде айту және өлең
Тіл дамытуБалалар күз мезгілін үш тілде қайталайды: Күз — Осень — Autumn. Күздің үш айын атап шығады: қыркүйек, қазан, қараша.
Жемістер мен көкөністерді үш тілде айту
-
Алма
apple · яблоко
-
Алмұрт
pear · груша
-
Сәбіз
carrot · морковь
-
Қияр
cucumbers · огурцы
-
Жүзім
grapes · виноград
Өлең: Әнуарбек Дүйсенбиев — «Не деу керек?»
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
Рақмет!
Деп жеу керек.
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: атауларын дұрыс атап, жемістер мен көкөністерді ажыратып, өз орнына орналастыру.
Жемістер қайда өседі?
Ағашта.
Көкөністер қайда өседі?
Бақшада.
Өнер орталығы: «Алма ағашы» шығармашылық жұмысы
Сурет салуЖұмбақ
Қызыл, жасыл, сары түсті, пішіні оның домалақ. Жегенде дәмі тіп-тәтті.
Жауабы: алма
Балалар «Алма — жеміс пе, әлде көкөніс пе?» сұрағына жауап береді: жеміс, өйткені ол ағашта өседі.
Қонақ: қуыршақ Айгүл
Айгүл күзгі алма ағашының суретін әкеліп, піскен алмаларды қандай түстермен бояуды білмей, балалардан көмек сұрайды.
Техника
Балалар алма ағашын өз қалауы бойынша түрлі түстермен бояйды және балауыз шамын пайдаланып суретке ерекше әсер береді.
Сұрақтар
- Алма ағашын немен боядыңдар?
- Алманың түстері қандай болады?
Қорытынды
Сабақ соңында балалар орталықтарға арналған текшелерді орнына қойып, шеңберге жиналады. Тәрбиеші әр орталықтан қорытынды сұрақ қойып, негізгі ойларды бекітеді: күзде пісетін өнімдер, жемістің пайдасы, алмадан дайындалатын тағамдар, алманың құрамындағы дәрумендер, үш тілде атаулар және шығармашылық жұмыс нәтижесі.
Бақылау
Қандай жемістерді бақыладыңдар?
Практика
Жемістерден нелер жасадыңдар?
Сипаттау
Алма қандай? Дәмі мен түсін атаңдар.
Шығармашылық
Алма ағашын немен және қалай салдыңдар?
Әдебиет
Қандай өлең жаттадық?
Тіл
«Күз» сөзін үш тілде айтыңдар.
Осылайша «Жомарт күздің жемістері» тақырыбы арқылы балалардың тілдік қоры, зерттеушілік дағдысы, ынтымақтастық мәдениеті және шығармашылық қабілеті сабақтың әр кезеңінде жүйелі түрде дамытылды.