Көмір көп таралған пайдалы қазба
Сабақтың құрылымы
Басы
- Оқушыларды 3 топқа бөлу: тас көмір, мұнай, газ.
- «Менің көңіл-күйім» жаттығуы: смайлик арқылы көңіл күйін көрсету.
Ортасы
- Сәйкестендіру тесті (үй тапсырмасы).
- «Кім жылдам?» әдісі (өткен сабақты пысықтау).
- Мағынаны тану: жаңа тақырыппен танысу.
- «Джигсо» әдісі: мәтінді оқып, топтық постер қорғау.
- «Сен білесің бе?» бейнеролигін көру.
Сергіту және қорытынды
- Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай».
- Зерделеу: жанғыш пайдалы қазбаларды күнделікті өмірде қолдану.
- «Бумеранг» әдісі: кері байланыс және тест тапсырмасы.
Жанғыш пайдалы қазбалар: негізгі ұғымдар
Жанғыш пайдалы қазбалар — жану кезінде жылу бөліп, отын ретінде немесе химиялық шикізат ретінде пайдаланылатын табиғи байлықтар. Бұл сабақта үш негізгі түріне тоқталамыз: тас көмір, мұнай және газ.
Тас көмір
Көмір — өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді тау жынысы. Ол ең кең таралған пайдалы қазбалардың бірі.
Қазақстандағы ірі кен орындары
Қарағанды және Екібастұз көмір алаптары.
Қолданылуы
Қазіргі таңда көмір негізінен отын ретінде пайдаланылады.
Мұнай
Мұнай — теңіз өсімдіктері мен жануарларының қалдықтары су түбіне ұзақ уақыт жиналып, табиғи өзгерістерге ұшырауынан түзілетін жанғыш сұйық зат.
- Түсі: қызғылт, қоңыр-қошқыл, кейде ашық сарғыш немесе ақшыл болады.
- Судан жеңіл.
- Электр тогын өткізбейді.
Мұнайдан алынатын өнімдер
Бензин, керосин, парафин, пластмасса, дәрі-дәрмектер, парфюмерия өнімдері (иіссу, крем, жұмсақ майлар), машина дөңгелектері және басқа да көптеген бұйымдар.
Газ
Газ — тасымалдауға қолайлы әрі бағалы химиялық шикізат. Ол өндірісте кеңінен қолданылады.
Өндірістегі қолданылуы
- Пластмасса өндіру
- Химиялық талшықтар алу
- Синтетикалық каучук өндіру
- Азот тыңайтқыштарын алу
Топтық жұмыс (Джигсо)
Мәтін 3 бөлікке бөлініп беріледі. Әр топ өз бөлігін оқып, негізгі ойды постер арқылы қорғайды:
1-топ
Тас көмір
2-топ
Мұнай
3-топ
Газ
Кері байланыс және тест (Бумеранг)
Тақырыпты бекіту үшін төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Әр сұраққа бір дұрыс жауап беріңіз.
-
1) Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
- A)Тас көмір, мұнай, газ
- Ә)Мұнай, гранит, мыс
- Б)Газ, тас көмір, қорғасын
-
2) Тас көмірдің аса ірі кен орындары қайда орналасқан?
- A)Өскемен, Семей
- Ә)Қарағанды, Екібастұз
- Б)Маңғыстау, Атырау
-
3) Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
- A)Тас көмір, мұнай
- Ә)Қорғасын, алюминий
- Б)Мұнай, газ
-
4) Мұнайдан не алынады?
- A)Фосфорит, мәрмәр
- Ә)Бензин, газ, жанармай
- Б)Жанғыш газ, әктас
-
5) Мұнай неден пайда болады?
- A)Көмір қалдықтарынан
- Ә)Жәндіктер мен өсімдік шірінділерінен
- Б)Май қалдықтарынан
-
6) Газды картада қандай белгімен белгілейді?
- A)Қара түсті шаршы
- Ә)Қара түсті үшбұрыш
- Б)Ақ түсті үшбұрыш
Зерделейік
Жанғыш пайдалы қазбаларды біз күнделікті өмірде қалай және қай жерде пайдаланып жүрміз? 2–3 мысал келтіріп, себеп-салдарын түсіндіріңіз.
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төребай би ауылы, №199 орта мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Жұматаева Айжан Айдарбайқызы