Өзеннен ағаш көпір

Сыныптан тыс шара: «Сфера» интеллектуалдық-тәжірибелік ойыны

Сынып

6-сынып

Саласы

Интеллектуалдық-тәжірибелік ойын

Қатысушылар

Әр сыныптан 8 оқушы, 4 топ

Құрылымы

7 айналым + марапаттау

Мақсаты

  • Оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру.
  • Интеллектуалдық дүниетанымын дамыту.
  • Өз бетімен және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі сайыстың «Сфера» деп аталу себебі — біз атмосфера, литосфера, гидросфера тақырыптарын аяқтап, білімді қорытындылау мақсатында жиналдық.

Ұйымдастыру және ереже

1-қадам

Сайыс ережесімен таныстыру.

2-қадам

3 сарапшыны тағайындау.

3-қадам

Топ атауын таңдау: терминдердің мәнін ашу арқылы.

Топ атауына ұсынылатын терминдер

Масштаб План Азимут Астероид Меридиан Бергштрих

1-айналым: «Ой сергіту» — «Ең, ең...»

Әр топқа «Ең, ең...» сериясы бойынша 8 сұрақтан қойылады.

1-топ

  1. Ең биік шың — Джомолунгма.
  2. Ең үлкен түбек — Арабия.
  3. Ең кіші материк — Австралия.
  4. Ең терең шұңғыма — Мариан.
  5. Ең үлкен көл — Каспий.
  6. Ең ұзын өзен — Ніл.
  7. Ең суыққа төзімді құс — пингвин.
  8. Ең кіші мұхит — Солтүстік Мұзды мұхит.

2-топ

  1. Ең үлкен арал — Гренландия.
  2. Ең үлкен бұғаз — Дрейк.
  3. Ең ұзын тау жотасы — Анд.
  4. Ең үлкен шөл — Сахара.
  5. Ең биік ағаш — секвоя.
  6. Ең үлкен ойпат — Амазонка ойпаты.
  7. Ең суық материк — Антарктида.
  8. Ең үлкен мұхит — Тынық мұхиты.

3-топ

  1. Ең ылғалды материк — Оңтүстік Америка.
  2. Ең тұзды мұхит — Үнді мұхиты.
  3. Ең үлкен жылан — анаконда.
  4. Ең аралы көп мұхит — Тынық мұхиты.
  5. Ең тұзды теңіз — Қызыл теңіз.
  6. Ең жылы ағыс — Гольфстрим.
  7. Ең үлкен тау жүйесі — Гималай.
  8. Ең үлкен сарқырама — Анхель.

4-топ

  1. Ең терең көл — Байкал.
  2. Ең енді мұхит — Тынық мұхиты.
  3. Ең халқы көп материк — Еуразия.
  4. Ең кішкентай құс — колибри.
  5. Ең ыстық материк — Африка.
  6. Ең көп балық ауланатын мұхит — Атлант мұхиты.
  7. Ең үлкен жылы ағыс — Гольфстрим.
  8. Қазақстандағы ең үлкен мұздық — Корженевский мұздығы.

2-айналым: Топодиктант

Мәтіндегі бос орындарға бағыт-бағдар және нысанның орналасуын білдіретін сөздерді қою.

1-топ мәтіні

Мұрат екеуміз жексенбі күні атамыздың саяжайына жол тарттық. Атамның саяжайы өте алыста. Біз автобуспен шоссенің ............ оң жағына түсіп, жалғыз ағашқа ............ қарай жүріп отырдық. 20 минут жүрген соң ауыл маңындағы өзенге де ............ келіп жеттік. Өзеннен ағаш көпір ............ арқылы өттік. Атам бізді үй жанындағы құдық ............ қасынан қарап тұр екен. Бізді көріп қуанып, жеміс бағына ............ ертіп барды.

2-топ мәтіні

«Желек» атты ерікті оқушылар тобы орманды жерлердің тазалығы мен өсімдік түрлерін анықтау үшін саяхатқа шықты. Саяхатымызды бұталар тобынан ............ бастап, сирек орманға ............ келдік. Бұл жерде зерттеу жұмыстарын жүргізген соң, аралас орманға ............ беттедік. Жарты сағаттан соң солтүстікке қарай қозғалып, 1 км-ден соң кесілген орманға да ............ келіп қалдық. Мұнда ағаштар көп кесіліп, қоқыс көп тасталған екен. Әрі жақтан орманшының үйі ............ көрінді. Біздің топ айналаны жинастырып, мектебімізге ............ қайттық.

3-топ мәтіні

Бір топ суретшілер туған өлкенің тамаша бейнесін қағаз бетіне түсіру үшін су көздеріне саяхатқа шықты. Саяхат ауыл маңындағы жел диірменінің ............ жанынан басталды. Жол бойы батпақты ............ айналып өтіп, сұлу өзенге ............ де келіп жетті. Осы жердің тамаша көріністерін бейнелеген соң, бөгенге қарай ............ жол тартты. Бұл жердегі судың дыбысын тамашалап, ағаш көпір ............ арқылы өзеннің екінші жағына өтеді. Суретшілер табиғат сұлулығын қағаз бетіне түсірген соң, ауылға ............ қайтты.

4-топ мәтіні

Айдос пен Арман жоғалған бұзауларын іздеп шықты. Олар шалғынға ............ қарай бет алды. Бұзауларын бұл маңнан таба алмады. Енді топ бұталар ............ арқылы өтіп, сирек орманға ............ келіп қалды. Одан өтіп, орманның шетіндегі жыраның ............ жанынан да іздеді. Бұзауларын таба алмаған балалар ауылға қайтып келе жатып, құдықтың ............ қасынан өте бере бақшаның ............ ішін қараса, бұзаулары сонда кіріп кетіпті. Айдос пен Арман сөйтіп бұзауларын тауып алды.

3-айналым: «Үнсіз бейне»

Электронды оқулық материалдары бойынша құбылыстарды бейнеден танып, түсіндіру:

Жер сілкінісі Жанартау Тұман Ауа ылғалдылығы

4-айналым: Географиялық координаталар

Берілген қалалардың географиялық координаталарын анықтау.

1-топ

  • Сидней
  • Нью-Йорк
  • Буэнос-Айрес
  • Кейптаун

2-топ

  • Токио
  • Тегеран
  • Нью-Дели
  • Вашингтон

3-топ

  • Сантьяго
  • Канберра
  • Астана
  • Мехико

4-топ

  • Коломбо
  • Каракас
  • Антананариву
  • Пекин

5-айналым: Кескін картамен жұмыс

Кескін картаға берілген нысандарды белгілеу.

1-топ

  • Гималай тауы
  • Кордильер тауы
  • Жерорта теңізі

2-топ

  • Анд тауы
  • Солтүстік Мұзды мұхит
  • Орал тауы

3-топ

  • Үндістан түбегі
  • Амазонка өзені
  • Скандинавия түбегі

4-топ

  • Каспий теңізі
  • Сахара шөлі
  • Үнді мұхиты

6-айналым: «Негештен келген сұрақтар»

Сұрақтар үш бағытқа бөлінеді: «Не?», «Неге?», «Қалай?».

«Не?»

  1. Жел деген не?
  2. Метеорология деген не?
  3. Орбита деген не?
  4. Тәулік деген не?
  5. Тау деген не?
  6. Үгілу деген не?

«Неге?»

  1. Неге құмдар мен бархандар көшеді?
  2. Неге мұхит суының қату температурасы төмен?
  3. Неге өзендердің деңгейі бірде көтеріліп, бірде тасып, бірде төмендейді?
  4. Неге толысу мен қайту құбылысы болады?
  5. Неге адамдар канал салады?

«Қалай?»

  1. Эхолотпен мұхит түбін қалай зерттеуге болады? (1 сек — 1500 м)
  2. Атмосфераны қалай зерттеуге болады?
  3. Цунами қалай пайда болады?
  4. Батпақ қалай пайда болады?
  5. Атмосфералық қысым биіктік бойынша қалай өзгереді? (әр 10 м көтерілген сайын 1 мм төмендейді)

7-айналым: «Энциклопедия беттерінен»

Танымдық сұрақ-жауап бөлімі: қысқа сұрақ, нақты жауап.

  1. Космонавттар ғарыштан Жер бетіндегі меридиандар мен параллельдерді көре ала ма? Жоқ.
  2. Аспанның түсі қандай? Түсі жоқ.
  3. Батыс полюсі бар ма? Жоқ.
  4. Ғарышта таулар бар ма? Иә, Марста Олимп тауы бар.
  5. Айға ең бірінші барған кім? Нил Армстронг.
  6. Суға батпайтын тас бола ма? Иә, пемза.
  7. Сіздің ғарыштық мекенжайыңыз?
  8. Барлық құстар ұша ала ма? Жоқ, түйеқұс ұша алмайды.
  9. Америка мен Африка біртұтас болғаны шын ба? Иә.
  10. Балықтар қараңғыда көре ме? Иә, биолюминесценция арқылы.
  11. Ақ аюлар пингвиндермен қоректене ме? Жоқ, олар әртүрлі полюстерде тіршілік етеді.
  12. Барлық ағаштар гүлдей ме? Иә.
  13. Камбаланы шахмат тақтасының үстіне қойса не болады? Бейімделеді.
  14. Адамдар аюларға спорттың қай түрін үйретті? Хоккей.
  15. Құс жолына ең жақын галактика — Андромеда.
  16. Метеориттердің барлығы Жерге құлай ма? Жоқ, кейбірі атмосферада балқып кетеді.

Қорытынды

Бағалау

Сарапшылар әр айналым бойынша ұпайды тіркеп, қорытынды жасайды.

Нәтиже

Жинаған ұпай саны бойынша жеңімпаз топ анықталады.

Марапаттау

Жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға алғыс айтылады.