Пенделіктің майдаларды біріктірер заңы бар, Соған қарсы тұра алмаған сорлы динозаврлар

Мұхтар Шаханов

Динозаврлар мен егеуқұйрықтар
( Атлантиданы қиратқан ала атты жаңа романнан үзінді)

Динозавр алыптығы үшін ерте жойылды,
Сан мыңдаған майда сойыл оған қарсы қойылды.
Тарақандар динозаврлардан бұрын күн кешкен.
Әлі ғұмыр сүріп жатыр,
Тірлік - салты жүріп жатыр,
Алыптықтың неге қажет екендігін білместен.
Тарақандар тіршілік кемесінде,
Қарын - мүдде өресінде,

Бірлік сақтап пенде - үмітке қатар - қатап мінгескен,
Өзгеде мүдде барын қаперіне ілместен.
Сол тарақан ұлтыңда даралық жоқ,
Ал даралық жоқ жерде жаңалық жоқ,
Ұқсастықтан тауыпты олар өз дарынсыз шындығын.
Кемшілігі айналмай айыбына,
О, ғажап, бір - бірінің мойынына
Өзгелердей тастамапты қызғаныштың шылбырын.
Ұқсас жандар ешқашан қызғанбайды бір - бірін.
Қауымшылдық мінезге бай майда қуат тағылар,
Әр тағылық ортақ күштен ортақ тілек табылар.
Пенделіктің майдаларды біріктірер заңы бар,
Соған қарсы тұра алмаған сорлы динозаврлар...
Байлық құсы жиі қонды нәрсіз - сараң мүскінге,

Даңқ та ұялмай мадақтады тұрса жойқын күш кімде,
Шындық сирек билік құрды ұлы жердің үстінде.
Сондықтан да Сократ та, Бетховен де,
Пушкин де Мейірімсіз, рухсыз күштермен мәңгілік оппозицияда.
Нанымсыздық, дарынсыздық жолыңды ылғи орай ма,
Қара күштер ізгіліктің зейініне қарай ма?
Теңсіздік көп, аю, қасқыр сайран салған тоғайда.
Қазақтың қос рух шыңы — Махамбет те, Абай да
Сол үшін де пенделікпен мәңгілік оппозицияда.
Иә, әлемде барлық шыншыл ақындар оппозицияда,
Жомарттарға — дүниеқоңыз пақырлар оппозицияда.
Кей тіршілік иелері қызғанышсыз гүлдемес,
Айыптымыз ба солармен болғанымызға іргелес?

Қандай жағдайда қандендер үлкен иттерді күндемес?
Мұхиттарда күллі балықтар киттерге ырза емес...
Атыңды, даңқыңды шығарғың келсе осы заманда,
Жерден ап, жерге сап атақты тұлғаны жаманда.
Зорлығың ерлікке телініп, зорайып бағаң да,
Бір күнде - ақ белгілі боласың қоғамға.
Аристотель кезінде сыналып, шыңдалған бұл әдіс,
Осынау тарихкөз әдіске қазір көп сұраныс.
Ежелден ақша мен сатқындық бір жүрген, таңданба,
Сол мінез дөп келді бүгінгі бизнестік талғамға:
Қалталы, дарынсыз қаламгер теңеліп Шиллерге,
Бейәдеп, рухсыз журналист айналды киллерге.
Бәріне кінәлі тойымсыз қарындар ғана ма?
Қайшылықтар көп өмірдің заңдылықтарында да.

Байыптап зерттеп адалды, арамды, иықтыларды,
Қайткенде адамдық олардан биік тұрады?
Шындықты көксеген мақсаты, мүддесі нанымды,
Өзге жұрт шықпаған биікке шықса бір дарынды,
Кеудеге сенім мен мейірім желкенін жүздіріп,
Тек сырттай тілектес жүрудің өзі — зор ізгілік.
Қиратқыш ойлар көп бірлікке негізделмеген:
О, тоба, кішкене көлшіктер — теңіздерменен,
Шымшықтар, қарғалар — сұңқарларменен,
Есектер өзінше тұлпарларменен
Қашанғы жүре бермекші оппозицияда?
Қаншама бет - бейне жатыр орынсыз тырналып,
Нағыз әділет оппозициясын шатастырмалық
Бас қамын көздеген бейпіл сөз шатақ - ит - цияға .

Толық нұсқасын жүктеу



Ұқсас жұмыстар

Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Сол Қасым, сол тағдырды қанымен түсінген Қасым
ЖЫР СҰЛТАНЫ ТУРАЛЫ СӨЗ
Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани құндылықтар және оның ұлттық танымға әсері
Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы
Сопылық поэзия
Ламарктың Зоология философиясы еңбегі
Еуропа пәлсапасындағы әлеуметтік және мәдени эволюция теориясы
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
ҚОРҚЫТ туралы
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Қожа Ахмет Яссауи туралы
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
ҚР-дағы мұнай нарығының даму заңдылықтары және тенденциясы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ
ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК туралы