Тауларды картадан тауып географиялық орнын анықтауды, кескін картаға тауларды түсіруге дағдыландыру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға таулар, олардың пайда болуы және биіктігіне қарай жіктелуі туралы мағлұмат беру; негізгі айырмашылықтарын ажыратуды үйрету.
Дамытушылық
Тауларды картадан тауып, географиялық орнын анықтауға және кескін картаға түсіруге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Таулар табиғатының әсемдігін таныта отырып, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын дайындатып, зейінді сабаққа аударту.
- Оқушыларды топқа бөліп орналастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы географиялық диктант арқылы тексеріледі.
1-тапсырма: анықтамалар
- 1. Көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас және т.б. тау жыныстары атқылайтын конус тәрізді тау — жанартау.
- 2. Көмейдің жоғары жағындағы тостаған тәрізді ұңғы — кратер.
- 3. Жанартаулар 2 түрге бөлінеді.
- 4. Сөнген жанартаулар: Эльбрус, Казбек.
- 5. Сөнбеген жанартаулар: Ключи шоқысы.
- 6. Фудзияма жанартауы Жапонияда орналасқан.
- 7. Кейбір аудандарда температурасы жоғары болып, құрамында еріген тұздар мен газдар кездесетін сулар — минералды сулар.
2-тапсырма: жанартаудың құрылысы
Төмендегі бөліктердің атауын айтып, қызметін қысқаша түсіндіріңдер:
- а) кратер
- ә) көмей
- в) магма ошағы
- б) бүйірлік кратер
Қорытындылау: жұмбақ
Аспанмен астасқан,
Күнмен барып достасқан,
Биік-биік асуды,
Не деп айтам? Табыңдар.
Жауабы: Тау.
Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы таулар туралы. Тақырыпты дәптерге жазып алыңыздар.