Екі қол бүйірде сол қапталмен жүгір

Дене шынықтыру (5-сынып): акробатикалық жаттығулар

Бұл сабақта оқушылар акробатикалық жаттығуларды орындау дағдыларын жетілдіреді, ептілік қасиеттерін дамытады, денсаулықты нығайтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінеді.

Сабақтың мақсаты

  • Акробатикалық жаттығуларды орындауды жетілдіру.
  • Оқушыларды ептілікке бейімдеу.
  • Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Білімділік бағыты

Өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, ой-сананы шынықтыру және жетілдіруді үйлестіре білу.

Әдісі

Түсіндірме, практикалық.

Спорт құрал-жабдықтары

Гимнастикалық матрас Секіртпе Ысқырық

Сабақ барысы

Саптағы жаттығулар

  1. Залды айналып алға жүру

    Бағыттаушының соңынан оң иық алға қарап, залды айналып алға жүріңдер.

  2. Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру

    Екі қолды жоғары көтеріп, алақандарды бір-біріне қаратып ұстаңдар. Аяқтың ұшымен жүріңдер.

    Ескерту: жүруді сол аяқтан бастаңыздар. Денені жоғары созып, тік ұстаңыздар.

  3. Қол желкеде, өкшемен жүру

    Екі қолды желкеге қойып, өкшемен жүріңдер.

Дене қыздыру жаттығулары

Жүгіріс кезінде қарқынды бірқалыпты сақтаңыздар, арақашықтықты бақылаңыздар.

  • 1

    Оң қапталмен жүгіру

    Екі қол бүйірде. Бірқалыпты қарқынмен.

  • 2

    Сол қапталмен жүгіру

    Екі қол бүйірде. Бірқалыпты қарқынмен.

  • 3

    Иықпен бірге ішке айналдыра отырып, оң қапталмен жүгіру

    Екі қол жоғарыда. Бірқалыпты қарқынмен.