Қазақстандық батырлардың суреттері

Сабақтың мақсаты

1) Тәрбиелік бағыт

  • Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, отты жылдары қан майданда от кешкен ерлердің есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын түсіндіру.
  • Жеңістің қандай ауыр қиындықпен келгенін дәріптеу, жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға тәрбиелеу.
  • Отанға сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық тәрбие беру.
  • Елін, жерін қорғап қаза болған батырлардың ерлігін ешқашан ұмытпауға баулу.

2) Дамытушылық бағыт

Оқушыларды сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.

3) Адамгершілік бағыт

Үлкенді сыйлай білуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бұл 1941 жылдың 22 маусымы еді. Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып өтті. Ұлы Отан соғысы басталды.

1-оқушы (өлең)

Зұлым жаудың ниеті —

Москваны құлатпақ,

Кремльді күл етіп,

Дүние жүзін шулатпақ.

Жеңілмеді астана,

Берілуге болмайды.

Артымызда — Москва,

Шегінуге болмайды.

Мұғалім (түсіндіру)

Фашистер қуатты армия жасақтап, өзге халықтарды құлға айналдыру мақсатымен соғыс ашты. Олар «күзге дейін-ақ Кеңес Одағын жеңеміз» деп даурықты.

Алайда фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді. Партия «Бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұран тастады. Бұл үндеуді ел түгел қолдады.

«Отан-ана шақырады!» деген ұранмен кеңес халқы майданға аттанды. Қазақстаннан 1 200 000 адам Қызыл Армия қатарына алынды. Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілді.

Неміс-фашист армиясының түпкі мақсаты — Москваны басып алу еді.

Оқушы (өлең)

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап.

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ.

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырын

Ұмытпайды ел мәңгілік.

Оқушы (арнау)

Қазіргі тыныш заманға

Жеткізген бізді — өздерің.

Бас иемін сіздерге,

Батыл да батыр бабалар.

Ән

«Әрқашан күн сөнбесін»

Мұғалім (дерек пен тағзым)

1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Москваны бүкіл ел болып қорғады.

Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова Калинин майданында соғысып, Невель қаласын қорғау кезінде қаза тапты.

Тақпақтар

Соғысты бастаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс аяқталды. Ауыр күндер артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады. Кеңес Армиясы Берлинге дейін даңқты жолдан өтті.

Ән

«Отаным»

Оқушы (өлең)

Ағаларым қан майданды бастарынан өткерді,

Соғыс өрті біздің елге қасіретін әкелді.

Қазағымның ержүрек батырларын жеңуге

Немістердің күш-қуаты, батылдығы жетпеді.

Мұғалім (қорытынды деректер)

Фашистер оңайлықпен берілмеді. Олар 1710 қаланы, 70 мың ауылды, 32 мың өндіріс орнын қиратты.

Жеңіс оңай келген жоқ: соғыс 50 миллионға жуық адамның өмірін жалмады.

Қорытынды

Еске алу сәті

Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланады.

Хормен айтылатын сөз

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.

Батырлар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Пәк жүзді, арай баласын қорғады.

Балалар (хормен)

Жетпіс жыл бейбіт заман таң атқалы,

Жеңдіңдер шын ерлікпен қас дұшпанды.

Жеңсек те, тойласақ та бейбіт таңды,

Әттең шіркін, жеңе алмадық сұм ажалды.