Ардақты аналар
Сабақтың тақырыбы
«Көктем – ана, қыздар – гүл»
Сабақтың мақсаты
- Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
- Аналарға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
- Мейірімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
- Оқушылардың өнерін ортаға салуға мүмкіндік беру.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Көрнекілігі
«Көктем – ана, қыздар – гүл» қабырға газеті, нақыл сөздер.
Қажет құрал-жабдықтар
- Теледидар, DVD
- Қайшы, түсті қағаз, қағаздар
- Фломастер, түсті қарындаштар
Сабақтың барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті аналар, аяулы қыздар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгінгі «Көктем – ана, қыздар – гүл» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Өлеңдер мен әндер
1-оқушы
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Хор: «Туған күніңмен».
Мұғалім
Тәрбие сағатымыз көңілді әрі қызықты өтуі үшін өлең, жыр, би арасында аналарға, әжелерге және қыздарға арналған шағын сайыстар өткіземіз. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады.
2-оқушы
Кім сендерді, балалар, сүйетін,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетін.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Анаң байғұс дамылсыз жүретін.
3-оқушы
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң, жаман болсаң, балалар,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Сайыстар бағдарламасы
1-сайыс: «Ең балажан ана»
ТапсырмаОртаға 5 ана шығады. Көздерін жұмып, өз баласын қолынан танып табады. Жеңімпазға мақтау қағазы беріліп, «Ең балажан ана» атағы табысталады.
Ән: «Анашым».
2-сайыс: «Суретші ана»
ШығармашылықАна көзін жұмып, өз баласының суретін салады.
Ән: «Бала тілегі».
3-сайыс: «Әнші ана»
ӨнерАналар бесік жырын айтып, өзара сайысқа түседі.
4-сайыс: «Ең шебер әже»
ҚолөнерӘжелер түсті қағаздан ою ойып, шеберліктерін көрсетеді.
Би: қазақ биі (қыздар тобы).
5-сайыс: «Ең мейірімді әже»
Жылы сөзӘжелер немересіне айтатын еркелету сөздерін кезекпен айтады (мысалы: балапаным, қошақаным, ботам, т.б.).
Ән: «Асыл әже».
Оқушылардың арнаулары
4-оқушы
Бойға қуат береді
«Әй, жарайсың!» дегені.
Мен анамнан әр кезде
Соны естігім келеді.
5-оқушы
Сабағымнан қалмаймын,
Бестік аламын бәрінен.
Озат оқып әрдайым,
Қуантамын анамды.
6-оқушы
Қамқорсың, ана, өмірде,
Қуатымсың көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгімде.
7-оқушы
Ана дейміз бәріміз аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
8-оқушы
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
9–11-оқушылар (әжелер туралы)
Менің әжем – бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
Менің әжем – нар әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені – дәрі әжем.
Менің әжем – жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр, әжем!
12-оқушы
Әже, маған үлгісіз сіз,
Өнегесіз өзіңіз.
Жақсылыққа талпынып,
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене,
Жаман деген немене?
Осындайда, әжетай,
Айтыңызшы өнеге.
Құттықтау және сыйлықтар
13-оқушы
Бүгін — наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз — адамның
Анаға айтар лебізі.
14-оқушы
Ардақты аналар! Шын жүректен, өз қолымызбен жасаған шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар. (Сыйлықтарын ұсынады.)
15-оқушы
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
(Ұлдар қыздарға дайындаған сыйлықтарын ұсынады.)
Ән: «Қыздар-ай».
Сабақ соңында аналарға құттықтау сөз беріледі.