Мәтін бойынша сөздік жасаңдар

Шоқан Уәлиханов туралы тіл дамытуға арналған материалдар

Бұл жинақтағы мәтіндер Шоқан Уәлихановтың өмірі мен мұрасын таныстыруға, сөздік қорды байытуға және мазмұндау, диалог құру, тілдік талдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Негізгі дағдылар

  • Түсініп оқу және мазмұндау (қазақша/орысша)
  • Диалог жүргізу
  • Түсіндірме сөздік құрастыру

Тілдік жұмыс

  • Сөздерді синонимдермен (баламамен) алмастыру
  • Сын есімдерді талдау
  • Мәтінге тақырып қою

Зерттеу тапсырмалары

  • Шоқанның жастық шағы туралы қосымша дерек табу
  • Тарихи орындар мен ескерткіштер туралы мәлімет жинау
  • Шоқан туралы көркем фильмді анықтау

1-мәтін. Шоқан есімінің мәні

Шоқанның шын аты — Мұхаммедханафия. Апасы Зейнеп еркелетіп Шоқан деп атаған. Бұл есім «шоқыдай биік, таудай асқақ» деген мағынаны білдіреді.

Апасының оны бала кезінен «шоқы», «Шоқан» деп атауы — Шоқанның жастайынан-ақ зерек, алғыр болғанын аңғартады.

Сөздік

шын аты
настоящее имя
еркелетіп қойған
назвала ласкательно
шоқы
пик
асқақ
величавый
атауының өзі
само имя
мағынаны білдіреді
означает
зерек
способный
байқатады
показывает

Тапсырмалар

  1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын орыс және қазақ тілінде айтыңдар.
  2. Мәтін бойынша диалог құрыңдар.
  3. Түсіндірме сөздік құрастырыңдар.
  4. Мүмкіндік болғанша сөздерді синонимдермен (баламасымен) алмастырып жазыңдар.
  5. Шоқан Уәлиханов сендер жаста қайда оқыды, немен шұғылданды? Қосымша мәлімет тауып, әкеліңдер.
  6. Мәтінге ат қойыңдар.
  7. Мәтінді бір-біріңе айтып беріңдер.
  8. Мәтіндегі сын есімдерді талдаңдар.

2-мәтін. Қашқар, Петербург және тарихи орындар

Шоқан Уәлиханов Қашқарда алты ай болып, сол жерде күрделі еңбектер жазды. Кейін Петербургте ғалымдар алдында баяндама жасады.

Петербургте Шоқан тұрған үйлер мен оның қызмет атқарған мекемесінің ғимараты бүгінге дейін сақталған. Шоқанға қатысты тарихи орындар Қысқы сарайдың төңірегі мен Мойка өзенінің жағалауында орналасқан.

Тапсырмалар

  1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын орыс және қазақ тілінде айтыңдар.
  2. Мәтін бойынша диалог құрыңдар.
  3. Түсіндірме сөздік құрастырыңдар.
  4. Мүмкіндік болғанша сөздерді синонимдермен (баламасымен) алмастырып жазыңдар.
  5. Шоқан Уәлиханов сендер жаста қайда оқыды, немен шұғылданды? Қосымша мәлімет тауып, әкеліңдер.
  6. Мәтінге ат қойыңдар.
  7. Мәтінді бір-біріңе айтып беріңдер.
  8. Мәтіндегі сын есімдерді талдаңдар.

Сөздік

тұрған үйлері
дома, где проживал
қызмет атқарған
служил
мекемесі
учреждения
ғимараты
здания
өзенінің жағалауы
берег реки
төңірегі
около, возле

3-мәтін. Ғалым, саяхатшы және суретші

Шоқан Уәлихановты замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп таныған. Оның суретшілік өнері — тарихшы, географ, этнограф, фольклорист, саяхатшы ретінде танылған көпқырлы болмысының бір қыры ғана.

Шоқанның екі жүзге жуық суреті сақталған. Бұл суреттер Ш. Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші басылымындағы 5-томына енген. Ал «Өнер» баспасынан шыққан «Шоқан және өнер» кітабында оның әзірге белгілі суреттерінің барлығы жарияланған.

Бұл еңбектер Шоқанның халқымыздың шын мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екенін дәлелдейді.

Сөздік

шығыстану ілімі
наука востоковедения
қайталанбас
неповторимый
ірі тұлға
значимая (крупная) личность
таныған
признали
дәлелдейді
доказывает
сегіз қырлы
всесторонний
әзірге
пока, до сих пор
шын мәніндегі
в действительности

Тапсырмалар

  1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын орыс және қазақ тілінде айтыңдар.
  2. Мәтін бойынша диалог құрыңдар.
  3. Түсіндірме сөздік құрастырыңдар.
  4. Мүмкіндік болғанша сөздерді синонимдермен (баламасымен) алмастырып жазыңдар.
  5. Шоқан Уәлиханов сендер жаста қайда оқыды, немен шұғылданды? Қосымша мәлімет тауып, әкеліңдер.
  6. Мәтінге ат қойыңдар.
  7. Мәтінді бір-біріңе айтып беріңдер.
  8. Мәтіндегі сын есімдерді талдаңдар.
  9. Шоқан Уәлиханов туралы қандай көркем фильм бар? Режиссері кім, Шоқанның рөлін кім ойнайды?

4-мәтін. Соңғы мекен және мұражай

Дүниежүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 10 сәуірде Матай тауының етегінде қайтыс болған.

Шоқанның сүйегі қойылған жердегі шаруашылық Шоқан есімімен аталады. Зират басында ескерткіш орнатылған, ал сол жерде тарихи мұражай ашылған. Ол Алматы облысы, Кербұлақ ауданының Шоқан атындағы ауылында орналасқан.

Тапсырмалар

  1. Мәтінге ат қойыңдар.
  2. Мәтін бойынша сөздік жасаңдар.
  3. Мәтін бойынша 5–6 тапсырма құрастырып, оларды орындаңдар.

5-мәтін. Өнер зерттеушісі Шоқан

Шоқан — ақын жанды суретші. Ол өмір құбылыстарына іңкәрлікпен қарайды. Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілеріне де, таңбалы тастар мен мүсіндерге де айрықша көңіл бөлген.

Шоқан — қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы. Оның еңбектері мен өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы жасай береді.

6-мәтін. Құсмұрын — табиғаты бөлек өлке

Қостанай өңірінде Құсмұрын деген жер бар. Ол Қостанай қаласынан шамамен жүз шақырым жерде орналасқан. Мұнда қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туған.

Құсмұрынның табиғаты өзгеше: бұлағы бар, көлі бар. Өлке — тау мен қыратты. Қырат алыстан құстың тұмсығына ұқсап көрінгендіктен, бұл өңір Құсмұрын деп аталған.

Қыраттың төскейі қайысқан қайыңға, көкорай шалғынға толы.

Ойтолғау

Табиғат атауының шығуы мәтінде бейнелі салыстыру арқылы түсіндіріледі: жер бедерінің пішіні — өлкенің атауына айналған.

7-мәтін. Зират басындағы жазулар

Шоқан зиратының басында көкшіл мәрмәр тастан қойылған ескерткіш бар. Көктасқа қолмен қашап жазылған екі жазу түсірілген: біреуі — араб әрпімен қазақша, екіншісі — орыс тілінде.

Жазу (орыс тілінде)

Здесь покоится прах штабс-ротмистра Чокана Чингисовича Валиханова, скончавшегося в 1865 году. По желанию Туркестанского генерал-адъютанта фон Кауфмана, во внимание ученых заслуг Валиханова, положен сей памятник генерал-лейтенантом Колпаковским в 1881 году.

8-мәтін. Ескерткіштер және тағзым

Осы ескерткіш арқылы бұл маңайдың көне тарихына тіл бітті: таулары «сөйледі», ормандары «шулады», даласы ауыр күрсінгендей болды. Сол жылдан бастап Шоқан бейітіне келушілер көбейді.

Бейіт басына биіктігі тоғыз метр мәрмәр ескерткіш орнатылды.

Жазу (орыс тілінде)

Настоящее надгробное сооружение установлено по решению правительства Казахской ССР в 1958 году.

Шанхайда Шоқанға арналып сәулеті ерекше мұражай үй салынды. Ауыл түбіндегі төбе басына ұлы ғалымның биіктігі үш метр болатын мүсіні орнатылды. Мүсіннің салмағы он тонна. Оны Санкт-Петербург жұмысшылары қоладан құйып жасаған.