Зат есімнің жекеше түрін көпше түрге айналдыу
Сабақ туралы мәлімет
Өтетін орны
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №16 орта мектеп.
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Балтабай Мөлдір Серғазықызы.
Сабақ тақырыбы
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Білімділік
- Зат есім туралы бұрын алған білім, білік, дағдыларын еске түсіру, жүйелеу және жинақтау.
- Зат есімдердің жекеше және көпше тұлғада қолданылатынын түсіндіру.
- Жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түрге айналдыра білуге үйрету.
- Сөйлем ішінен тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге және сауатты жазуға дағдыландыру.
- Көптік жалғауын ажыратып, дұрыс жалғай білу.
Дамытушылық
- Сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту.
- Берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, танымдық қабілетті арттыру.
- Өздігінен қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру.
- Ойын түрлері мен тапсырмалар арқылы ізденімпаздықты, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Ауызбіршілікке, бірін-бірі сыйлауға баулу.
Қолданылған тәсілдер мен құралдар
Технология және сабақ түрі
- Технология
- Дамыта оқыту технологиясы.
- Сабақ түрі
- Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.
- Жұмыс форматы
- Дамытушылық, интерактивті тақтамен жұмыс.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Салыстыру, ажырату
- Ойын әдісі
- Деңгейлік тапсырмалар
- Талдау-жинақтау
- Семантикалық карта
- «5 жолды тұжырымдама»
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды қазақ тілі сабағына психологиялық тұрғыда даярлау және қызығушылығын ояту.
Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен Жылулықты шашайық. Сәттілік тілеп, күлімсіреп, Біз сабақты бастайық.
Сабақ ұраны
- Мақсатымыз: білім алу.
- Міндетіміз: еңбектену.
- Нәтижеміз: «5»-ке қол жеткізу.
II–III. Үй тапсырмасы және өткенді қайталау
Ой қозғау сұрақтары
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады? Мысал келтір.
- Зат есімнің қандай түрлері бар?
- Жалқы есім деген не?
- Жалпы есім деген не? Жауабын мысалмен дәлелде.
Семантикалық картамен жұмыс
Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар тақтадағы плакат арқылы өзін-өзі тексереді.
IV. Жаңа сабақ
Интерактивті тақтадағы суреттермен жұмыс жүргізіледі: заттардың санын анықтау, айырмашылығын табу, ережені түсіну және қолдану.
Сурет бойынша жұмыс
- Суреттегі заттардың санын анықтау.
- Жекеше мен көпшенің айырмашылығын байқау.
- Ережені хормен оқу.
Түсіндіру үлгілері (сұрақ-жауап)
Мысал 1
— Мынау не? Қоян.
— Ал жанына бірнеше қоян қосылса, нелер болады? Қояндар.
Қоян — бір затты білдіреді (жекеше), ал қояндар — көп затты білдіреді (көпше).
Мысал 2
— Мынау не? Балапан.
— Ал мыналар нелер? Балапандар.
Балапан — жекеше, балапандар — көпше мағына береді.
Салыстыру тапсырмасы
Сөздерді салыстырып оқып, айырмашылығын айтыңдар: жекеше мағына мен көпше мағынаны ажыратыңдар.
Негізгі ереже
Жекеше түр
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер — зат есімнің жекеше түрі.
Мысалдар: ата, құс, түйе.
Көпше түр
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер — зат есімнің көпше түрі.
Мысалдар: аталар, құстар, түйелер.
Слайд бойынша мысалдар
Мысық → мысықтар
Аспаз → аспаздар
Кітап → кітаптар
Суреттерге назар аударайық: берілген зат есімдердің жекеше және көпше түрін анықтап, тиісті сұрақтарын қойыңдар.
Топтық тапсырма
Әр қатарға плакатта жазылған сөздер беріледі. Тапсырма: зат есімнің жекеше түрін көпше түрге айналдыру (ауызша).