Тест тапсырма
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Таңдай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы ұсынған сабақ жоспары. Пәні: Әдебиеттік оқу, сынып: 3.
Сабақ тақырыбы
Абай. «Жазғытұры»
Жалпы мақсаты
Оқушыларға көктемгі табиғаттың көркем бейнесін таныту: көктем белгілері, жан-жануарлардың тіршілігі, дала көрінісінің алуан түске боялған әсемдігі, қыр елінің жайдары да қуанышты қарбалас өмірі арқылы табиғаттың шат көңіл күйін сезіндіру.
- Өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
- Топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Көктемгі тіршілікті құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сілтеме (пайдаланылған дереккөздер)
Әдебиеттік оқу оқулығы (3-сынып) және әдістемелік құрал.
Авторлары: Т. М. Әбдікәрім, С. Р. Рахметова, Б. Т. Қабатай. Алматы: Атамұра, 2014.
Қосымша материалдар: интернет дереккөздері.
Оқу нәтижесі
Білім мен түсінік
- Көктем мезгілі туралы түсінік алады.
- Есте сақтау және салыстыра білу қабілеттері дамиды.
Дағдылар мен құзыреттер
- Сөздік қоры мен тіл байлығы артады.
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
- Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Топта жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады.
- Өзін-өзі бағалауды үйренеді.
Сабақта қолданылатын материалдар
- Бейнежазба
- Суреттер
- Кесте
Оқыту әдістері мен жұмыс түрлері
Оқыту әдістері
Сыни тұрғыдан ойлау, бағалаудың түрлері.
Оқытудың түрлері
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.
Тапсырмалар
- 1.Тест тапсырма
- 2.Кластер
- 3.Постер
- 4.Ойлан
- 5.Сәйкестендіру
- 6.Синквинг
- 7.Толықтыр
- 8.Тақырыптық түйіндеу сөздер
- 9.Үй тапсырмасы
- 10.Бағалау
- 11.Рефлексия
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы. Сабақты бастамас бұрын ортаға жиналайық. Мен өлең жолдарын оқимын, ал сендер оны қимылмен көрсетесіңдер».
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту тапсырмасы
- Мектепке жақсы көңіл күймен келсеңдер, оң қолдарыңды бұлғаңдар.
- Адам бойындағы адамгершілікті бағаласаңдар, бір адым алға басыңдар.
- Өз күшіңе және біліміңе сенсеңдер, секіріңдер.
- Еліміздің жағдайы алаңдатса, қол шапалақтаңдар.
- Өздеріңді еліміздің патриотымыз деп есептесеңдер, екі қолдарыңды жоғары көтеріңдер.
- Еліміздің болашағы өз қолымызда деп ойласаңдар, бір-біріңнің қолдарыңды ұстаңдар.
- Осындай көтеріңкі көңіл күймен орындарымызға отырайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сабақ басында әр оқушыға бағалау парақшасы таратылады. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын өздері бағалайды.
Сабақ соңында бағалау парақшасының қорытындысы негізінде оқушылардың бағасы қойылады.