Ендігі кезекте командасының капитаны
Кіріспе сөз
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар, тәрбиешілер және білімсүйгіш жас достар! Бүгін 6-сынып оқушылары арасында өтетін «Білімдіге – биіктен орын» атты математикалық-интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Орыс ғалымы М. Ломоносов: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек», — деген. Ендеше, бүгін сендер математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысасыңдар. Бұл әлемнің қаншалықты қызықты әрі сан қырлы екенін өз көздеріңмен көресіңдер.
Сайыс ережесі
Сайыс барысында сендерге түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Жеңіске жету үшін белсенділік танытып, сұрақтарға өзгелерден бұрын ойланбалы түрде жауап беріп, тапсырмаларды дәл әрі дұрыс орындау қажет.
Әділқазылар алқасы
Енді сайысымызды саралап, қатысушылардың ойынына әділ баға беретін әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Ескерту:
Әділқазылар құрамы мектептің ішкі тәртібіне сай енгізіледі.
Командалар
Есептен сайысады қос команда, алға озар ең мықтысы осы жолда. Көпшілік өнерлерін тамашаламақ — командаларды жұрт алдына шақырайық!
6 «А» сыныбы
Команда: __________
6 «Ә» сыныбы
Команда: __________
6 «Б» сыныбы
Команда: __________
Ойын құрылымы
Ойынымыз бірнеше турдан тұрады. Әр кезеңде қатысушылар логика, жылдамдық және тапқырлықтарын көрсетеді.
I тур: Бәйге
- 1-бөлім: Тарихқа саяхат
- 2-бөлім: Мақалдың ізін тап
II тур: Жорға
- 1-бөлім: Викториналық сұрақтар
- 2-бөлім: Шапшаң оқы
III тур
Үй жұмысы
IV тур
Қара жәшік
V тур
Мәреге жету
I тур: «Бәйге»
Ойға түрткі
Кездейсоқ емес, әсіресе адамның ойлау күшімен ашылған тамаша жаңалықтардың шығу тарихын білу өте пайдалы. Бұл — жаңалық ашу өнерінің даму жолдарын көрнекті мысалдар арқылы ұғынуға мүмкіндік береді.
Г. Лейбниц
I бөлім: «Тарихқа саяхат»
Әр топтан бір ойыншы шығып, берілген математикалық ұғымның шығу тарихын көрермендерге түсінікті, нақты әрі тақырыптан ауытқымай баяндап береді. Ой неғұрлым анық болса, әділқазылардың бағасы да соғұрлым жоғары болады.
II бөлім: «Мақалдың ізін тап»
Карточкаларда мақал-мәтелдердің бірінші бөлігі беріледі. Сендер сол мақалдың екінші жартысын тауып, толықтыруларың керек. Әр жауап әділқазылар тарапынан бағаланады.
II тур: «Жорға»
Бұл турдың I бөлімі команда капитандарының білімін сынауға арналған. Әр капитанға 1 минут ішінде 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Капитан: __________ (__________ командасы)
- 1. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (0)
- 2. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
- 3. Ең кіші жай сан. (2)
- 4. Тіктөртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастағанда қандай фигура шығады? (бесбұрыш)
- 5. 5-ке қарама-қарсы сан. (-5)
- 6. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
- 7. Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
- 8. Дөңгелек салатын құрал. (циркуль)
- 9. «Кругом!» бұйрығындағы бұрылу бұрышы. (180°)
- 10. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы. (периметр)
Капитан: Жандос (Радиус командасы)
- 1. Бөлудің нәтижесі. (бөлінді)
- 2. Шеңбер радиусы 6 см болса, диаметрі қанша? (12)
- 3. Бес таяқтың 10 шеті бар. Бес жарым таяқтың неше шеті бар? (12)
- 4. Түзудің бір нүктемен бөлінген бөлігі. (сәуле)
- 5. Ең кіші натурал сан. (1)
- 6. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
- 7. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан? (оң сан)
- 8. Жарты теңгенің жартысы. (25)
- 9. -5-ке кері сан. (-1/5)
- 10. 0-ден үлкен сандардың таңбасы. (оң)
Капитан: __________ (__________ командасы)
- 1. Шеңбер диаметрі 20 см болса, радиусы қанша? (10 см)
- 2. Парлап жегілген аттар 30 км шапты. Әр ат қанша км шапты? (30)
- 3. Қосудың нәтижесі. (қосынды)
- 4. Архимед ваннадан шығып қандай сөз айтты? («Эврика!»)
- 5. 69-ға кері сан. (1/69)
- 6. Тәуліктің 24-тен бір бөлігі. (сағат)
- 7. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
- 8. Пифагор теоремасын ойлап тапқан кім? (Пифагор)
- 9. Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
- 10. 3 + 2 × 4 нешеге тең? (11)
I бөлім қорытындысы
__________ командасы — ____ ұпай, __________ командасы — ____ ұпай, __________ командасы — ____ ұпай.
II бөлім: «Шапшаң оқы»
Әр командадан бір ойыншы шығып, экранда берілген «сиқырлы сөйлемдерді» тез әрі дұрыс оқиды. Әр қатесіз және шапшаң оқылған сөйлем үшін 10 ұпай беріледі.
__________ командасы
Ойыншы: __________
Нәтиже: ____ сөйлемді дұрыс оқыды
__________ командасы
Ойыншы: __________
Нәтиже: ____ сөйлемді дұрыс оқыды
__________ командасы
Ойыншы: __________
Нәтиже: ____ сөйлемді дұрыс оқыды
II бөлім нәтижесі бойынша: __________ командасы — ___ ұпай, __________ командасы — ___ ұпай, __________ командасы — ___ ұпай.
III тур: Үй жұмысы
Өлең жолдары
Сонау-сонау алысқа жүзсең десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрін де математика —
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Тапсырма
Әр команда өздерінің салған суреттерін төрешілерге және оқушыларға түсіндіріп өтсін: идеясы, байланысы, математикалық мазмұны нақты әрі қысқа болсын.
IV тур: «Қара жәшік»
Бұл тур — ойланып жауап беруді талап ететін кезең. Әр команда мүшелері бірлесіп талқылап, жауапты бір ойыншы айтады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай болып есептеледі. Егер бір команда жауап бере алмаса немесе жауабы қате болса, келесі командаға мүмкіндік беріледі.
Сұрақ 1
Ұлы математик Платон «мылқау ұстаз» деп кімді немесе нені атаған? Жауап: кітап
Сұрақ 2
Қағаз бетіне шеңбер сызып, қара жәшіктің ішінде не бар екенін тап.
Түсіндірме: Жәшік бос, себебі латын тіліндегі «нөл» ұғымы «бос» мағынасын білдіреді.
Сұрақ 3
Бұл құралдың қоладан жасалған түрлерін археологтар ежелгі Помпей қаласынан көп тапқан. Ресейде — Новгородтағы қазба жұмыстарынан табылған. Ежелгі Грекияда оны меңгеру асқан шеберлік саналған. Архитектура мен құрылыста орны ерекше, құрылымы жүздеген жыл бойы өзгермеген. Қазір оны әр оқушы қолдана алады. Қара жәшікте қандай құрал жатыр? Жауап: циркуль
Көрермендермен ойын: «Кім жүйрік?»
Командалар ойлануға кіріскенде, залдағы көрермендерге де қызықты тапсырмалар ұсынамыз.
Өмірде ойлап тұрсаң — бәрі де есеп,
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ақ,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Сұрақ 1
Сағат 22:00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
Жауап: жоқ
Сұрақ 2
Әсем поездың басынан санағанда 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан санағанда 7-вагонға отырды. Екеуі бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?
Жауап: 13
Сұрақ 3
Сәуледе 6 сақина бар: оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыны тек екі рет қолданып, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?
(Талқылауға арналған тапсырма)
Қорытынды
1-жүргізуші
Осымен сайысымыз да мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші
Осы қызықты ойынды аяқтайық: бүгін білмегенімізді үйрендік, ертең тағы да үйренеміз — аман болсақ!
Бүгінгі ойынымыз сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз. Қатысқан ұстаздар мен тәрбиешілерге алғысымызды білдіре отырып, сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Назарларыңызға рақмет!