Сөйлемдерді аударып жазыңдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
6-сынып
Сабақ тақырыбы
Қыс. Қыс айлары. Зат есім
Көрнекіліктер
- Қысқа қатысты суреттер
- Сызба
- Жаңа сөздер
- Бағалау парағы
Сабақ мақсаттары
Білімділік
- ЖИГСО әдісі арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеуін дамыту.
- Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорын байыту.
- Зат есімді қайталау арқылы кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарын дұрыс қолдануға үйрету.
- Жалпы және жалқы есімдерді ажырата білуге бағыттау.
Дамытушылық
- Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
- Ұжымдық жұмыс арқылы сабаққа қызығушылықты арттыру.
- Ой-өрісін және логикалық ойлауын дамыту.
- Сөздік қорын кеңейту.
Тәрбиелік
- Қазақ тіліне құрмет сезімін қалыптастыру.
- Туған жерге, табиғатқа аялы көзқарас тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
II. Психологиялық кезең
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру және қысқа ауызша сұрақтар арқылы бекіту.
IV. «Қарлы кесек» ойыны
Оқушылар өткен сабақтағы «Туған жер» және «Отан» тақырыптары бойынша мақал-мәтелдерді кезекпен айтады. «Қарды қағып алған» оқушы тоқтап қалмай, бірден мақал-мәтел айтуы керек.
Ой қозғау (сұрақ-жауап)
- Жыл мезгілі деген не?
- Сен қай жыл мезгілін ұнатасың?
- Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы қандай?
V. Жаңа сабақ
Тақырыпты жұмбақ арқылы ашу
Қыс айлары:
- Желтоқсан
- Қаңтар
- Ақпан
Диалог
- Сұрақ
- Қыс мезгілі қай айдан басталады?
- Жауап: желтоқсаннан.
- Сұрақ
- Жыл басы қай айдан басталады?
- Жауап: қаңтардан.
- Талқылау
- Әр айдың өз ерекшелігі болады. Ол қандай ерекшеліктер?
Зат есім: анықтама
Зат есім — заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы. Ол күнделікті өмірдегі қарапайым заттармен бірге табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі әртүрлі құбылыстарды, оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалдар
құс, тас, су, шыны, адам, қол; жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, эволюция, ұғым, ақыл, сана.
Зат есімнің мағынасына қарай түрлері
Жалпы есім
Мысалы: теледидар, үстел.
Жалқы есім
Мысалы: Алматы, Татьяна, Қазақстан.
Деректі зат есім
Мысалы: үй, өзен, сиыр.
Дерексіз зат есім
Мысалы: ақыл, ой, күн.
Жанды зат есім
Мысалы: оқушы, мұғалім, адам.
Жансыз зат есім
Мысалы: кілем, тақта, қарындаш.
VI. Сөздікпен жұмыс
Жаңа тақырыпта кездесетін сөздермен танысып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырылады.
Үлгі
қысқарады — Күн қысқарады. Қыста күн қысқарады.
Жаңа сөздер
- Қыстыгүні
- зимой
- Бейнелеу
- описывать
- Аяз
- мороз
- Сырғанау
- кататься
VII. Мәтінмен жұмыс (ЖИГСО әдісі)
Сыныптағы 12 оқушы 3 топқа бөлінеді: «Желтоқсан», «Қаңтар», «Ақпан». Оқулықтағы 3 мәтін бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылады.
1-топ
Мәтіннен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу.
2-топ
Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді табу.
3-топ
Деректі және дерексіз зат есімдерді анықтау.
Мәтін көлеміне қарай 5–7 минут уақыт беріледі. Кейін оқушылар бастапқы топтарына қайта оралып, «қонақ» топтан алған мәліметті түсіндіреді. Осылайша әр оқушы үш мәтіннің мазмұнымен де танысып, тілдік дағдыларын дамытады.
VIII. Оқулықпен жұмыс
- Қ. Жұмағалиевтің «Ақпан» өлеңін мәнерлеп оқу.
- Өлеңдегі бас әріппен жазылған сөздерді түсіндіру.
- Өлеңнен зат есімдерді табу.
IX. Дәптермен жұмыс
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазыңдар.
Сөйлемдер
- Жерде қар...
- Күн..., түн....
- Біз бүгін түстен кейін ...... барамыз.
- Коньки тебеміз.
- Мұз айдыны біздің... алыс емес.
- ...... жақындады.
- Біз мектепте әсем... орнаттық.
Сөздер (таңдау үшін)
4-тапсырма
Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
5-тапсырма
Сөйлемдерді аударып, дәптерге жазыңдар.
X. Сергіту сәті
«Қуыршақтар» биі.
XI. Сабақты бекіту
I топ
Венн диаграммасы: Қыс және Жаз.
II топ
Постер қорғау: қысқы ойындар.
III топ
Сөзжұмбақ шешу: зат есім.
XII. Сабақты қорытындылау («Мюнстернберг» әдісі)
Әріпті мәтін ішінен сөздерді тауып, астын сызу және мағынасын түсіндіру.
1-мәтін
апаваьпқыстағымпаппррасуықарпоррлрлржаздағыарммоирпппаоыстықнггтьбт
2-мәтін
гзшздллдолоқыстағыкекнееьбқарьбтчисьмжерцккютьмтырысыплрлт
3-мәтін
кнгщитмқаңтармтнгтчмяжаусатбюлдқартбгшнщкзалтұрмасжэхзщшбтмс
Шешімдері
- Қыстағы суық — жаздағы ыстық.
- Қыстағы қар — жер ырысы.
- Қаңтар ауса, қар тұрмас.
XIII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау парағы арқылы бағалау жүргізіледі.
XIV. Үй тапсырмасы
- Мәтінмен жұмыс: зат есім және оның түрлерін оқу.
- «Қыс» тақырыбында өлең шығару.